Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет50/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ағаш кесетін білдектер ағашты және ағаш 
материалдарын кесу арқылы өңдейді. Олар 
аралау, бұрғылау, тегістеу секілді іс-әрекеттерді 
атқарады. 
Тұтас және құрастырылған өнімдерді майыс-
тыру, иілген форманы бекіту жұмысы майысты-
руға арналған білдек арқылы жасалады. 
Құрастырушы білдек конструкциялық матери-
алдарды жинауға арналған. Бұйымның әртүрлі 
бөліктерін желімдеу желім жағушы білдек арқылы 
жүзеге асырылады. Сонымен қатар өңдеуші біл-
дек те болады. Онымен бұйымды тегістеп, жылты-
ратуға болады. 
Анықта.
Бұл тапсырмада оқушылар өз бетінше су-
реттерді зерттей отырып, ағаш өңдеуге арналған 
білдек түрлерін анықтайды. Оқушылар зерттеу 
альбомында оқу лықтағы сұрақтарға жауап беруі 
тиіс. Суреттерге қарай отырып, «Мына бұйымдар 
қалай жасал ған?» деген сұрақты талдайды. 
Бұл бұйымдардың білдек арқылы жасалғанын 
анықтайды. Бұйымдар өте әдемі, ықшам. Оларды 
тұрмыста қолдануға болады. 
Ықтимал жауаптар: жару, үгіту немесе кесу. 
Кесуге, өңдеуге арналған. 
Пәнаралық байланыс. 
Тарих. Оқушылар білдектердің шығу тарихымен 
танысады. Оның тұрмыстық өмірде қалай 
қолданылғаны туралы біледі.
Қосымша тапсырма 
Қазақ шеберлерінің ағашты қалай көркемдеп 
өңдегені туралы еске түсіргені абзал. Оқушылар 
қазақтың қандай қолөнер түрлерін біледі? Олар 
ұлттық музыкалық аспаптарды, тұрмыстық заттар-
ды, үй жиһаздарын, ыдыс-аяқ түрлерін атай ала 
ма? 
Кәсіптік бейімдеу мақсатында мамандықтар 
мен кәсіптер туралы әңгіме жүргізіңіз. «Маман-
дық» пен «кәсіп» түсініктерінің айырмашылығы 
неде? Олар ағаш өңдеу өндірісіндегі қандай 
мамандық түрлерімен таныс? Ағаш өңдеу өн-
дірісіндегі негізгі мамандық пен кәсіптер тура-
лы мәліметтермен, соның ішінде токарь маман-
дығымен таныстырыңыз. Мүмкіндік болса, қазіргі 
заманауи технологиялық мәшинелер туралы бей-
нежазба көрсетуге болады.
Бағалау
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін 
бақылап, қолдап, қолпаштап отырыңыз. Оларға 
үйрену кезінде қателесуі мүмкін екенін ескертіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет