Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет49/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Суреттерге мұқият қара.
Бұл тапсырма оқушыларды сабаққа ынталан-
дыру мақсатында берілген. Тапсырма олардың 
байқампаздық қабілетін дамытуға бағытталған. 
Оқушылардан суретке қарай отырып, берілген 
сұрақтарға жауап беруін өтініңіз.
Ықтимал жауаптар: 
Бұйымдардың кейбіреуі механикалық тәсіл-
мен және қолмен жасалған. Мысалы, орындықты 
қолмен де, механикалық әдіспен де жасауға бола-
ды. Ал қалған бұйымдар технологиялық мәшине-
лердің көмегімен дайындалған. 
Шағын әңгіме өткізіңіз. Айналадағы заттарды 
атап шығып, олардың неден жасалғанын айт-
қызыңыз. Оқушылардың арасында заттардың 
қандай құралдармен жасалғанын білетіндер де 
болуы мүмкін.
Олар бұйымның бірнеше бөліктерден тұраты-
нын айтуы мүмкін. Бұйымдардың конструкциялық 
материалдардан әзірленгенін және бірнеше кон-
струкциядан тұратынын түсіндіріңіз. Оқу лық тағы 
суретке қарай отырып, «Оқулықта келті рілген бұй-
ымдар қандай конструкциялық мате риалдардан 
жасалған?» – деген сұраққа жауап дайындауға 
уақыт беріңіз.
Назар аудар.
Оқушылар кесте арқылы ағаш өңдеу тәсілде-
рімен танысады. Олар ағашты өңдеуге жару, 
бөлшектеу, кесу және қысымды қолдану әрекеттері 
жататынынан хабардар болады. 
Оқушылардан «Ежелгі дүние тарихы» пәнінен 
ертеде адамдардың ағашты және басқа мате-
риал дарды қалай өңдегені туралы еске түсіруін 
сұраңыз. 


43
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
Адамдар металмен таныс болмаған өте ерте
замандарда қандай құралдарды пайдаланған? 
Бұйымдарын қандай құралдармен өңдеген? 
Цилиндр пішіндес бұйымдарды жасай алды ма, 
ағашты кесіп сүргілей алды ма? 
Металл табылғаннан кейінгі ағаш өңдеуге ар-
налған алғашқы құралдар туралы айтып беріңіз. 
Оқушылар түрлі материалдарды тесу, цилиндр 
пішініндегі бұйымдарды әзірлеу, ағашты бөлшек-
теп бөлу қажеттігі адамдардың түрлі құрылғы-
ларды ойлап табуына түрткі болғанын түсінуі 
тиіс. Осылайша материалды өңдеуге арналған 
алғашқы қарапайым құралдар, содан соң сүр-
гілеуші, аралаушы, токарьлық т.б. білдектер пайда 
бола бастады. Алғашқы білдектер өте қарапайым 
болды, жұмыс тәсілі де қарапайым еді. Бұл кез-
де адам дене еңбегімен көп айналысты, өйткені 
барлық құрал-жабдықтар адамның қол күшімен 
қозғалысқа келтірілетін еді. 
Заманауи технологиялық мәшинелер пайда 
болғанға дейін арада көптеген ғасырлар өтті. Бірақ 
қазіргі уақытқа дейін инженерлер мен конструк-
торлар адамның қол еңбегін азайтып, өнімділік 
пен жылдамдықты арттыру мақсатында әлі де 
аталған мәшинелерді дамытып, жетілдіріп келеді. 
Оқушылардан «меха никалық өңдеу» терминін қа-
лай түсінетіні туралы және қолмен өңдеудің меха-
никалық өңдеуден айырмашылығын сұраңыз. 
Материалды механикалық өңдеуге арналған 
құрылғы мен құрал-саймандар қалай аталады? 
Оқушылар «білдек» сөзіне анықтама берсін, өз-
деріне белгілі білдектер және электр құралдар 
жайлы айтып берсін. Білдек - әртүрлі материал-
дарды өңдеуге немесе қандай да бір нәрсені жа-
сауға арналған құрылғы.
Оқушылар өз беттерінше ағаш өңдейтін білдек 
түрлерін анықтайды. Бұл тапсырма олардың зерт-
теу қабілетін дамытуға арналған. Оқушылардан 
білдектердің түрлері туралы берілген мағлұмат-
ты оқып шығуын және оларға анықтама беруін 
сұраңыз. Егер шеберханада механикалық өңдеуге 
арналған білдектер болса, оқушыларға көрсетіп, 
олардың жұмыс мақса тымен, құрылысымен және 
жұмыс істеу тәсілімен таныстырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет