Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет64/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер 
Оқушыларды сабаққа ынталандыру мақсатын-
да еңбек пен шеберлік туралы қысқаша әңгіме 
жүргізіңіз. Оқушылардан қандай мамандықты 
ұнататындарын сұраңыз. Мамандық таңдап үл-
герді ме екен, болашақта кім болуды армандай-
ды? Жақсы маман болу үшін не істеу керек? Ең-
бек нарығында қандай мамандықтарға сұраныс 
көп? Ата-анасының мамандықтары туралы не 
біледі? Болашақта сол мамандықты таңдай ма? 
Мамандық таңдауға өте мұқият болу керектігін 
түсіндіріңіз, өйткені сол мамандық бойынша өмір 
бойы қызмет етуге тура келеді. Металл жонушы, 
білдекте жұмыс істейтін жұмысшы мамандықтары 
туралы айтып беріңіз, өйткені бұл мамандықтарға 
еңбек нарығында сұраныс көп. Бұл сабақта фасон-
ды және конус бетті бұйымдар, яғни айналмалы 
денелер туралы хабардар болатынын жеткізіңіз. 
Суреттерге қара.
Оқушыларға суреттерге қарап, ағаш беттерінің 
қандай түрлерін көргенін айтуды ұсыныңыз. 
Оқушылар олардың барлық түрін атай алмауы 
мүмкін, сондықтан да денелердің айналу беті де-
геннің не екенін түсіндіріңіз. Айналма беттердің 
қандай түрлері бар? Оқушыларға токарь білдегін-
де жонылған тегіс, конус тәрізді және құрамдас-
тырылған (фасонды) беттері бар цилиндр тәріздес 
бұйымдарды көрсетіңіз. 
Өткен сабақтарда оқушылар технологиялық 
карта бойынша өз беттерінше ұста құралының 
сабын жонды.Енді олар білдекте жұмыс істеу-
дің алғашқы дағдыларын меңгерді. Сап бетін 
жону оңай екенін түсіндіріңіз, өйткені галтель 
жалғамдар мен сфералық беттерді жонуда қиын-
дық тудырған жоқ. Күрделі фасонды бұйымдарды 
жону қиынырақ, өйткені әртүрлі әрекеттерге жыл-


53
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
дам ауысуы керек: әшекейлі сызаттар шеберлікті, 
кәсібилікті және қашаумен жонудың әртүрлі тәсіл-
дерін жетік білуді талап етеді.
Анықта.
Тапсырма зерттеу дағдыларын дамытады. 
Оқушылар суретке қарап, материалдың беткі 
жағының түрлерін анықтайды.
Оқушыларға фасонды беті бар көптеген бір-
дей бөлшектер (мысалы, шахмат тастарын не-
месе ағаш шеберінің құралына сап) жасау керек 
болғанда кескіш жиегі бөлшек сұлбасын тура 
қайталайтын арнайы кескіндік пішінді кескіштер 
(қалыптар) қолданылатыны жайлы айтып беріңіз. 
Осындай жону кезінде ағаштың айналу ортасына 
кескіш көлденеңінен ғана беріледі. Фасонды бет-
тер шеттерін кесер алдында егеуқағазбен тегісте-
леді, ал соңынан жылтырату мен сәндеп күйдіру 
жұмыстары орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет