Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа байланысты деректі материалдар



Pdf көрінісі
бет16/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа байланысты деректі материалдар
Бернд Луц – белгілі неміс дизайнері, суретші және фотосуретші, 400-ден астам логотиптің және 
танымал жарнамалардағы дизайнерлік жұмыстардың авторы. Дизайн саласы бойынша халықара-
лық сыйлықтардың иегері. Оның жұмыстары «Логотиптердің үлкен энциклопедиясына» (АҚШ, 2004), 
«Дизайнның үлкен энциклопедиясына» (АҚШ, 2000) және т.б. іргелі еңбектерге енген. 
Бернд Луцтың Қазақстан тақырыбына арналған көрмесі Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұра-
жайда өтті. Көрмеге суретшінің 40-тан аса шығармасы қойылды. Сонымен қатар ол – тұмса табиғат, 
жарыс, кино саласындағы поп-арт және т.б. тақырыптарға арналған сериялық еңбектердің авторы. 
Қазір Германия мен Швейцария аумағында графика және жарнамамен айналысатын RevoLUZion 
компаниясын басқарады. Б. Луц өз жұмыстарын «AbstractPop» деп атайды. Туындыларын өзіне ғана 
тән мәнерде жасайды. Алдымен картина фоны ретінде кенепке акрилмен қандай да бір абстракция 
салады. Содан соң баспа элементін қосады. Одан кейін суретші композицияның жеке элементтерін 
акрил бояумен бояйды.
Сабаққа қатысты ескертулер
Бұл сабақта оқушылар идеялар және образ-
дарды әртүрлі көркем техникалар, технологиялар 
және әдіс-тәсілдер арқылы беру жолдарын үйре-
неді. Сабақты белгілі неміс суретшісі, дизайнер 
және фотографы Бернд Луц туралы әңгімемен 
бастаңыз. Ол Қазақстан тарихын екі жыл зертте-
ген, соның нәтижесінде біздің еліміз туралы көп-
теген сурет салды.
Назар аудар. 
Тапсырма поп-арт шығармаларындағы ұлт-
тық образдардың маңызы туралы оқушылардың 
ой-пікірін дамытуға бағытталған. Суретші қолда-
натын түстер мен образдарға, адамдардың эмо- 
циясына назар аударыңыз. Оқушылардан бұлар-
дың нені білдіретінін сұраңыз.
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар Б. Луцтың жұмыстарындағы поп-артқа 
тән белгілерді атайды. Ұлттық элементтерді, олардың 
қолданылатын орнын сипаттайды: домбыра ұстаған 
бозбала, киіз үй атрибуттары, ұлттық киім, ат үстінде-
гі бойжеткен, биші қыздар – мұның барлығы қазақ 
халқының ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлерінің 
куәсі бола алады. 
Оқушылар алдыңғы сабақта өткен тақырыпты 
одан әрі меңгере түсу үшін олардың назарын сурет-
шінің айрықша туындыларына, көркем техникасы-
ның ерекшеліктеріне аударыңыз. Бернд Луц баспа-
ханалық принтке акрил бояу жағудың ерекше тәсілін 
қолданады, сол арқылы өмірге құштарлыққа, қуат 
пен жігерге толы үш өлшемді бейне жасайды.
Ойлан. 
Тапсырма оқушылардың образды ойлауын да-
мытуға бағытталған. Олар Қазақстанның бейнесі 
қандай көрініспен астасатыны, қазақ халқының 
мәдениеті мен тіршілігінің бейнесін қалай біл-
діруге болатыны туралы сұрақтарға жауап береді. 
Нұр-Сұлтан қаласының біздің мемлекетіміздегі 
рөлі қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет