Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның
“дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн маңызды мәселе
болып табылады. Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып
табылады. Даму дегенiмiз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс;
сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секiрiс түрiнде жүзеге асатын жоғары
сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесi. Даму барысында барлық философиялық
заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бiр сапаның басқа бiр сапаға ауысуы
(бұлардың кейбіреуі,терiске шығарылуы мүмкін).Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни
қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр. Жеке тұлғаның
дамуы дегенiмiз, ең алдымен, оның қасиеттерi мен сапасындағы сандық өзгерiстер процесi.
Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейедi, яғни оның кейбiр дене мүшелерi мен
нерв жүйесi өседi. Оның тiлi шығып, сөздiк қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтiк-
тұрмыстық және моральдық бiлiктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда,
адамның жеке тұлға ретiнде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық
өзгерiстер (танымдық, сезiм, моральдық-жiгерлiлік т.б.). Мiнез-құлықтың реактивтi
формалары белсендi түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттiлiкке айналады, дербестiк пен
өз мiнез-құлқын билей алу қабiлеттiлiгi артады. Осы және басқа да өзгерiстер адамның жеке
тұлға ретiнде даму процесiн сипаттайды.
3-модуль. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
7-дәріс.Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні мен құрылымы.
Жоспары:
1. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары
(П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.).
2. Педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-
әрекетінің объектісі.
3. Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері.
4. Мұғалім мен оқушылардың әрекеттестігі іс-әрекет субъектісі ретінде (субъект-
субъектілі қатынас) – педагогикалық үдерістің маңызды сипаттамасы.
5. Педагогикалық үдерістің біртұтастығы. ТПҮ компоненттерінің құрылымы мен
сипаттамасы.
Дәрістің негізгі мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |