3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
daris

 
«Педагогикалық үдеріс» ұғымы бір жағынан, педагогика арқылы зерттелінетін 
құбылыстың барлық кешенін белгілейді, екіншіден, осы құбылыстардың мәнін көрсетеді.
Педагогикалық үдерісті педагогика-лық жүйе жағдайында білім беру мен тәрбиелеудің 
мақсатын тәрбиеші мен тәриеленушінің ұйымдасқан өзра әрекеттестігінде тұтас және өзара 
байланыста жүзеге асырушы үрдіс. ТПҮ функциялары: тәрбиелеушілік, білімділік
дамытушылық, әлеуметтік (әлеуметтендіру функциясы). 
Педагогикалық үдерісті оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен білім 
беру мақсатынан оның нәтижесіне дейінгі қозғалыс ретінде анықтауға болады. 
Педагогикалық үдерістің мәнді сипаттамасы оның компоненттерінің, автономдылығына 
сәйкес ішкі бірлігі ретіндегі тұтастық (ТПП –ЦПП) болып табылады.
ТПҮ заңдылықтары - оның дамуын сипаттайтын педагогикалық құбылыстардың
процесстердің, оның жеке компоненттері арасындағы объективті, тұрақты, қайталанатын, 
қажетті және мәнді байланыстар. Педагогикалық жүйенің көптеген байланыстарын 
талдаудан педагогикалық үрдістің төмендегі заңдылықтарын бөліп көрсетуге болады: тұтас 
педагогикалық үрдіс, оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістері қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық және саяси сұраныстарымен дәлелденген; 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
педагогикалық үрдістің тиімділігі болып жатқан жағдайларға (материалдық, гигиеналық
моралды-психологиялық, эстетикалық және т.б.) тәуелді болуы заңдылық; педагогикалық 
үрдісте оқыту, білім беру, тәрбие (тар мағынасында) және даму, сонымен қатар тәрбиелеу 
және өзін-өзі тәрбиелеу, педагогикалық үрдісті басқару және тәрбиеленушінің өзіндік іс-
әрекеті үрдістері заңды түрде өзара байланысты.
ТПҮ 
функциялары: 
тәрбиелеушілік, 
білімділік, 
дамытушылық, 
әлеуметтік 
(әлеуметтендіру функциясы). ТПҮ – қозғаушы тетіктері: сыртқы қарама-қайшылықтар: 
сыртқы әсерлер, талаптар мен оған сәйкес болуға ішкі дайындық арасында; білім беру 
үрдісінің мақсатқа бағыттылығы және жоспарлығы мен әлеуметтік орта және басқа 
факторлардың ретсіз әсер етуі арасында;
Педагогикалық үдерістің негізгі объективті қарама-қайшылықтары: тұлғаға қойылатын 
қоғамдық талаптар мен оның өзіндік жеке қызығушылығы арасындағы; ұжым мен тұлға 
арасындағы; қоғамдық өмірдегі кездесетін жаңа табиғи құбылыстар, жағдайлар мен оны 
түсіну үшін тәжірибенің, білімнің жеткіліксіздігі арасындағы; ғылыми білімнің тез өсуі мен 
оны өңдеудегі және тұлғаға берудегі оқу-тәрбие үрдісі мүмкіндігінің шектелуі арасындағы 
қарама-қайшылықтар тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет