3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
 
 
 
11-дәріс.Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері 
Жоспары: 
1. «Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұны - педагогикалық бейімделген әлеуметтік 
тәжірибе.
2. Білім мазмұнының теориялары.
3. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру 
стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен 
оқу- әдістемелік кешендер (ОӘК).
Дәрістің негізгі мазмұны 
Білім алушының оқуы нәтижелі болуы үшін оны тұлғалық дамыту мен 
қалыптастыруда мынаны анықтап алу керек: нені оқыту керек, яғни, білім алушының 
нәтижеге жетуде меңгеретін білімінің көлемі. Бұл білім мазмұнын береді ол – ғылыми 
білімдер, практикалық іскерліктер мен дағдылар жүйесі, сондай-ақ, білім алушының оқу 
барысында меңгерген дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеялары. 
Білім беру мазмұны - жас ұрпақтың өркениетті, демократиялық қоғамда өмір сүруі 
үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа 
ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық 
шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді. 
Білім беру мазмұны – бұл арнайы іріктеліп алынған және қоғамда қабылданған
білгілі бір сферада қызмет атқару үшін меңгеретін адамзат тәжірибесінің элементтер 
жүйесі. Білім мазмұны – білім, іскерлік, дағды және дүниетанымы мен жалпы тұлғалық 
қалыптасу деңгейі көрінетін түпкі нәтиже. 
Білім беру мазмұнын анықтау өте күрделі міндеттердің бірі. Білім мазмұнын 
анықтауға объективтік және субъективтік факторлар әсер етеді. Объективтік: қоғамның, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет