3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
ғылым мен техниканың дамуы; Субъективтік: қоғамдағы саясат, идеология, ғалымдардың 
методологиялық позициялары. 
Педагогикадағы білім беру мазмұнын анықтау теориялары: формалды және 
материалды білім беру теориялары. 
Формалды білім беру теориясы – Джон Локктан (ХҮІІ ғ.) бастау алып, Песталоцци, 
Кант, Гербарт т.б. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.) жалғасты. Олар рационализм философиясы теориясын 
ұстанды, демек тілдерді меңгертуді білім алушыны дамыту құралы деп есептеді, әсіресе, 
ертедегі грек, латын тілдерін, математиканы үйретуді таңдады. Ал, химия, физика пәндері 
жалпы табиғатты тану ретінде меңгерілді. 
Материалды білім беру теориясы – ХҮІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. өріс алды, шаруашылық пен 
ғылыми-техниканың дамуы ғылыми-жаратылыстану, техникалық тәжірибесі мол 
мамандарды дайындауды талап етті. Бұл теорияны жақтаушылар эмпиризм (грекше 
«тәжірибе») философиясын ұстанды. Осыдан ғылыми-жаратылыстану ғылымдарын 
меңгертуге үлкен үлес тиді, нәтижесінің өлшемі ретінде білімнің өмірге қажеттілігі 
есептелді. Бұл екі теория да біржақтылық танытты. Кезінде К.Д.Ушинский осы 
теорияларды қатты сынға алған. 
Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары. Педагогика 
ғылымындағы білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары және оны жетілдіруге 
қойылатын ғылыми талаптар жүйесі: тәрбиенің негізгі мақсатына бағытталуы – жан-жақты 
дамыған адамды тәрбиелеу адамды өмір сүруге дайындау; білім мазмұнын ғылыми негізде 
құру; ғылыми жүйенің логикалық құрылуы; пәнаралық байланысты сақтау; теория мен 
практиканың байланысы, өндіріспен ұштастыру; білім алушының жас ерекшелігімен 
сәйкестендіру. 
Оқыту – білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала 
жоспарланған iс-әрекет. Білім мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада 
жұмыс iстеу үшiн қажеттi адамзат тәжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нәтижесi болатын 
бiлiм, бiлiк, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы. 
Фундаментальдылық, тұлғаның қызығушылығын қанағаттандыру мақсаттылығы 
және бағыттылығымен қатар білім берудің жаңа парадигмасының көрінісі. 
«Фундаментальді ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім адамға дүниенің 
қазіргі таңдағы біртұтас ғылыми-жаратылыстану туралы түсінік беруге, кәсіби қызметті 
бағалау үшін ғылым іргетасын қалап, тұлғаның шығармашылығын дамытуға және өз 
мүмкіндігі, қабілеті, қажеттілігін тану арқылы өмірлік бағдарламасын жасауға мүмкіндік 
тудыруы керек» (ЮНЕСКО-ның халықаралық меморандумы). 
Барлық пәндердің негізгі мәнін білу арқылы ортақ ақпарат жинақтау білім алушыға 
әсіресе, студентке болашақ маман ретінде қойылатын негізгі мақсат. Оқытудағы мәндік 
тұрғы жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар синтезін құрайды. 
Оқытудағы мәндік ұстаным – бұл оқытушылардың студенттің қабілетін дамыту бағытында 
пәнаралық байланыс негізінде олардың (пән мазмұнының) мәнін жүйелі ұғынуға жағдай 
жасайтын жүйелі, синергетикалық («синергия» - грекше серіктестік, екі адамның бір 
бағыттағы бірлескен әрекеті) ұстаным. 
Жоғары білім мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар: мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік оқу жоспары, оқу бағдарламалары, 
оқулықтар. Стандартта жоғары білім беретін оқу орны дайындайтын мамандығына сәйкес 
білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және бакалаврлардың дайындық деңгейіне 
қойылатын талаптар беріледі. Стандарттың ережелері олардың ведомстволық 
бағыныштылығынан, ұйымдық-құқықтық оқыту нысандарынан тәуелсіз, бакалаврларды 
және дипломды мамандарды дайындауды іске асыратын Қазақстан Республикасының 
жоғары оқу орындары үшін қолданылуы және сақталынуы міндетті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет