105
операциялық кезең бойынша регламенттелетін операциялардың орындалу
мерзімділігі,
ЖТҚ
әрбір
регламенттелетін
операциясының
еңбек
сыйымдылығы, жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетудің (ЖТҚ) құрамы
мен
еңбек сыйымдылығы, қызмет көрсетудің орындалуын және оның
сапасын
бақылауды ұйымдастыру, жабдықты техникалық пайдалану
ережелерінің сақталуын қадағалау (қосымша В) анықталған.
Жоспарлы (кезеңді) бақылау – жабдықтың барлық тораптарын тексеру
және қосылған бөлшектердің тозуы мен
алдағы жоспарлап жөндеуді
дайындау сипатының өзгеруі туралы қажетті ақпаратты жинақтау
мақсатында жүргізілетін ЖТҚ операциясы. Тораптарды бөлшектемей, көзбен
шолып немесе техникалық диагностика құралдарының көмегімен орындайды
және ұсақ ақауларды болдырмайды.
Ауысым аралық (күнделікті) бақылау
–
ең аз
сенімді бөлшектердің
жай-күйінің өзгеруін, жабдық бөлшектерінің жанасуын анықтау және бекіту,
олардың істен шығуын болдырмау, техникалық
пайдалану ережелерінің,
қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес орындалуын қадағалау,
олардың
бұзылуының алдын алу үшін жүзеге асырылатын ЖТҚ операциясы.
Жабдықты тоқтатпай ЖТҚ картасымен белгіленген көлемде орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: