М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


Тексеруден кейінгі жөндеуді ұйымдастыру жүйесі



Pdf көрінісі
бет59/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Тексеруден кейінгі жөндеуді ұйымдастыру жүйесі қатаң белгіленген 
мерзімде жүргізілмейтін жабдықты тексеруге негізделген. Олардың 
нәтижелері бойынша жабдықтың жағдайын анықтайды және жөндеу 
мерзімдерін, түрлерін белгілейді, ауыстырылатын бөлшектердің санын 
анықтайды. 
Кезеңді жөндеулерді ұйымдастыру жүйесі кезекті тексеру мен 
жөндеу арасындағы жабдықтың жұмыс уақытын реттеп, жұмыс режимін
конструкцияның күрделілігін ескеріп анықталады. Бөлшектер мен жинақтау 
бірліктерін ауыстыру жоспарланбайды, жоспарлап тексеру, жөндеу жүргізу 
кезінде белгіленген нақты қажеттілікке сәйкес жүргізіледі. 
Стандартты жөндеулерді ұйымдастыру жүйесі бөлшектердің бір 
бөлігін және жинақтау бірліктерін бір рет ауыстыру жолымен жабдықты 
міндетті мерзімде жаңартуға негізделген. Жүйенің кемшілігі - жоғары құны, 
өңделмеген ресурсы бар бөлшектердің жиі ауыстырылуы. Жүйені 
белгіленген режимде жұмыс істейтін жабдықтар (желдеткіштер, сорғылар, 
компрессорлар) үшін қолданады. 
Жоспарлап ескерту жөндеулерін ұйымдастыру жүйесі. 
ЖЕЖ жүйесі-жабдықты жұмысқа жарамды күйде ұстау мақсатында 
техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды 
ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін анықтайтын өзара байланысты ережелер 
мен нормалар кешені. Жабдықтың ЖЕЖ туралы ереже мыналарды 
белгілейді: техникалық қызмет көрсету және жоспарлап жөндеудің түрлері 
мен регламенттері; негізгі нормативтік-техникалық құжаттар; жөндеу 
нормативтері; жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және 
пайдалану бойынша қолданыстағы ережелер мен нормалардың сақталуын 
бақылау. Жабдықты жөндеуде жөндеу жүйесі кезең-кезеңмен қолданылады.
Кепілдік жөндеу жүйесі кеңінен таралған. Ол белгіленген уақыт 
ішінде тоқтаусыз жұмыс кепілдігі бар жабдықты жөндеуді орындау болып 
табылады және орындалған жөндеу жұмыстарының сапасын растайтын 
құжат, тапсырыс берушіге әрбір жөнделген объектіге кепілдік паспорты 
беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет