Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата11.04.2024
өлшемі0.68 Mb.
#498403
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Алтынсарин. бастауыш (1)

Өнер» білім саласы
«Музыка» пәні
Бастауыш сыныптардағы оқушылардың
рухани және адамгершілік
тұлғасы, асыл қасиеттері оянып, көркемдік талғамы өсіп, эстетикалық сезімі,
шығармашылық қабілеті, музыкалық мәдениеті дамиды.
Оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейіп, музыкалық
құбылыстарға қызығушылық қалыптасып, музыкалық шығармалар арқылы
сезімін, көзқарасын білдіру дағдыларында қалыптасады.
Музыкалық шығармалар тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау,
мәнерлі би қимылдарын әрекеттеріне үйренеді.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық
үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері мен республикамыздағы өзге
халықтардың
музыкалық
мұрасымен танысады.
Музыка
өнерінің
даму
заңдылықтарын түсініп, музыканың шығуы ел тарихымен, халықтың тыныс-
тіршілігі, мәдениет-өнерімен, мұң-мұқтажымен байланысты екенін үйренеді.
Жеке, топтық тұрғыда ән орындау, ән тақырыбын анықтау мен музыка
арқылы әр түрлі көңіл-күйді анықтау, музыкаға сәйкес би қимылдарын жасау
әрекетін үйренеді.
Музыкалық аспаптар түрлерін, аспаптарда орындаудың қарапайым түрін,
таяқшалар, ағаш қасықтар, қоңырау, сылдырмақтар сияқты тағы да басқа
ұрмалы аспаптарды қолдану ырғақтық сүйемел жасау әрекетін меңгереді.
«Еңбекке баулу» пәні
Адам және қоршаған әлем арасындағы өзара байланыс, қоғам дамуындағы
адам еңбегінің рөлі, еңбекке құрметпен қарау, алғашқы технологиялық
біліктіліктері мен дағдылары қалыптасады.


46
Еңбек арқылы оқушыда адамгершілік қасиеті, ақыл-ой қабілеті, физикалық
икемділік, эстетикалық талғам қалыптасады. Бастапқы технологиялық білім
арқылы қарапайым еңбек әрекетін ұйымдастыру жоспарлау білігі мен
құралдарды оңтайлы қолдана білу тәсілдерін меңгереді.
Сенсорика мен қол саусақтарының кіші моторикасы, заттардың кеңістікте
орналасуы, абстракциялық ойлауы, қиялы дамиды.
Жалпы еңбек етудің арнайы білігі, еңбек және экологиялық мәдени негізі
қалыптасады. Ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін
практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін
қолдануға үйретіледі.
Жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік
жұмыс тәсілін
қолдану дағдысы
қалыптасады.
Өздігінен
әр
-
түрлі
материалдардан түрлі бұйымдар құрастыруға үйренеді. Ұжымдық, жеке жұмыс
істеу ынтымақтастығы қалыптасады. Техникалық және көркем еңбек әрекеттері
туралы түсінігі қалыптасады.
Заттарды мүсіндеу, аппликация, мозаика құрау, кестелеу, модельдеу мен
құрастыру жұмыстарын игеріп, жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері мен
әдістерін меңгереді. Халық кәсіпшілік өнеріне бейімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет