Есназар асель жаңабергенқызы


Зерттеудің жетекші идеясы



Pdf көрінісі
бет6/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
dissertation

Зерттеудің жетекші идеясы: пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық 
негіздеріне сүйеніп жасалған әдістемелік кешен бастауыш сынып 
оқушыларының қоршаған әлемді тұтас қабылдауға және теориялық ойлау мен 
тілдік дағдыларды жетілдіруге, білім беруді кешенді ұйымдастыруға, 
интегралды білім беруге қол жеткізіледі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: адамның тұлға 
ретінде қалыптасу деңгейін анықтайтын таным теориясы, тұлға теориясы, іс-
әрекет теориясы негізге алынып, ойлау мен сөйлеу ұғымдарының мәні туралы 
философиялық, 
психологиялық, 
педагогикалық 
теориялық 
қағидалар,
әдіснамалық негіздерінде жүйелілік тұғыр (В.В.Краевский, Ш.Т.Таубаева, 
Н.Д.Хмель), іс-әрекеттік тұғыр (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев), интегративті 
тұғыр (Б.Г.Ананьев, А.А.Бейсенбаева, В.С.Безрукова), орта тұғыр (В.А.Левина, 
Ю.С. Мануйлова, Ю.С.Бродский), тілдік дағдыларды қалыптастыру 
теориялары, пәнаралық байланыста оқытудың әдістемелік негіздері туралы 
тұжырымдамалар негізге алынды. Сондай-ақ, зерттеу жұмысында ойлау мен 
сөйлеуді 
қалыптастыру 
әдістемесіне 
байланысты 
заманауи 
оқыту 
технологиясының жетістіктері, оқытудың тиімді әдістері туралы тұжырымдар 
басшылыққа алынды. 
Зерттеу көздері: үздіксіз педагогикалық білім беру туралы ресми 
құжаттар (Заңдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар, жолдау және т.б.);
зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтердің, педагогтердің, 
ғалымдардың еңбектері; бастауыш білім беру үдерісі туралы педагогикалық
зерттеулер, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар,
электрондық оқу құралдары, мерзімдік ғылыми-әдістемелік ақпараттар,
мектептердің іс-тәжірибе жұмыстары, озат педагогикалық тәжірибелер, 
автордың жеке педагогикалық іс-тәжірибесі алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет