Есназар асель жаңабергенқызы


Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы



Pdf көрінісі
бет8/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
dissertation

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы 
1. Бастауыш білім беру жүйесінде пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық-
әдіснамалық негіздері анықталды. 
2. Пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
әдістемелік жүйесі жасалды.
3. Пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі дайындалып, компоненттері, өлшемдері мен 
көрсеткіштері, деңгейлері анықталды. 
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі 


11 
1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте ойлау 
мен сөйлеуді пәнаралық байланыста қалыптастыру негіздері» атты ғылыми-
әдістемелік семинарының бағдарламасы жасалды. 
2. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ойлау мен сөйлеудің 
құпиясы» атты факультативтік курс бағдарламасы әзірленді.
3. Пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға 
арналған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі жүйеленді.
Зерттеу нәтижелерін жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш 
сыныбында, жоғары және орта арнаулы педагогикалық оқу орындарында, 
біліктілікті арттыру жүйесінің тәжірибесінде пайдалануға болады. 
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу
тақырыбына сәйкес ғылыми-теориялық қағидалардың әдіснамалық тұрғыда
негізделуімен, зерттеу пәніне сәйкес пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемесінің 
қолданылуымен, тиімділігінің тәжірибелік-экспериментте дәлелденіп 
практикаға енуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының негізгі 
тұжырымдары, теориялық және практикалық нәтижелері халықаралық 
конференцияларда және ғылыми басылымдарда талқыланды. 
Қорғауға ұсынылатын қағидалар 
1. Пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда 
ұғымдық-категориялық аппараттың түзілуі негізгі ұғымдардың, түсініктердің 
мәнін философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан талдау 
негізінде нақтылау, оның ішкі мазмұндық құрылымын анықтау - бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үдерісін 
ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негізін жасаудың базасы бола алады. 
«Пәнаралық байланыс» ұғымының мәні - білімнің жүйелілік логикасын сақтай 
отырып, жоғары деңгейлі ойлауға бағыттайтын кешен. Ал, бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру – тілдік қатысым 
барысында талдау, жинақтау, салыстыру арқылы өз ойын анық, дұрыс және 
түсінікті жеткізуде тілдік дағдыларды меңгерту үдерісі. 
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздерінде жүйелілік тұғыр, іс-
әрекеттік тұғыр, интегративті тұғыр, орта тұғырлары басшылыққа алынады.
2. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі: бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік 
негізін қамтамасыздандыру; оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым, 
жазылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді пайдалану; пәнаралық 
және танымдық мәтіндерін қолдану және пәнаралық байланыста ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен жаттығулар 
жүйесімен қамтамасыз етіледі.
3. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі өзара 
тығыз байланыстағы мотивациялық, танымдық, нәтижелік компоненттерден 
түзілген өлшемдері мен көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және 


12 
деңгейлеріне (өте жоғары, жоғары, орташа, төмен, өте төмен) сәйкес жүзеге 
асырылады.
4. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік кешені: «Бастауыш мектепте 
ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста қалыптастыру негіздері» атты 
ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасы; «Ойлау мен сөйлеудің 
құпиясы» атты факультативтік курс бағдарламасы; пәнаралық байланыста 
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен 
тапсырмалар жүйесі дайындалды және тәжірибелік-экспериментте сынақтан 
өткізіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет