Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет7/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
dissertation

Зерттеу әдістері 
- теориялық: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, 
педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, контент-талдау, 
жинақтау, құрылымдау, нақтылау, салыстыру, ғылыми мәліметтерді талдау, 
жалпылау және интерпретациялау, моделдеу әдістері; 


10 
- эмпирикалық: педагогикалық бақылау; сауалнама жүргізу, сұрау, 
тестілеу; эксперимент нәтижелерін математикалық талдау; эксперименттік 
мәліметтерді жүйелеу және түсіндіру. 
Зерттеу базасы: Тәжірибелік эксперимент жұмысы Шымкент қаласы білім 
басқармасына қарасты «№68 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесі және Түркістан облысы, Сайрам ауданы «№43 Абылай 
хан атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
бастауыш сыныптарында жүргізілді. Тәжірибеге барлығы 119 оқушы қатысты, 
оның 59 оқушысы тәжірибелік сыныбы және 60 оқушысы бақылау сыныбы 
ретінде алынды.
Зерттеу кезеңдері: Зерттеу үш кезең бойынша жүргізілді.
Бipiншi кeзeңде (2018-2019 жж.) білім саласында жүріп жатқан 
өзгерістерге орай пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының 
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесінің өзектілігі 
айқындалып, зерттеу мәселесіне отандық және шетелдік тәжірибелер бойынша 
материалдар жинақталып, философиялық, психологиялық, педагогикалық және 
әдістемелік еңбектерге талдау жасау барысында зерттеудің теориялық 
негіздері; зерттеу тақырыбы және ғылыми аппараты анықталды. 
Eкiншi кeзeңде (2019-2020 жж.) пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік 
жүйесі және құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, оның компоненттері,
өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері анықталды. Зерттеу тақырыбының 
тиімділігін арттыратын тәжірибелік-экспериментке арналған әдістемелік кешен 
әзірленді: 1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте 
ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста қалыптастыру негіздері» атты 
ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасы; 2. Бастауыш сынып 
оқушыларына арналған «Ойлау мен сөйлеудің құпиясы» атты факультативтік 
курс бағдарламасы; 3. Пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі жүйеленді және 
тәжірибе жүзінде оның тиімділігі тексерілді.
Үшiншi кeзeңде (2020-2021 жж.) зерттеу нәтижелеріне талдау және 
жинақтау жасалып, алынған ғылыми нәтижелердің өңдеуі құрастырылды. 
Нәтижелерге түзету енгізу, теориялық және эксперименталды мәліметтерді 
нақтылау жұмыстары жүргізіліп, қорытындылар мен ұсыныстар жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет