Онтуганова шынар шералиевна


мазмұнын билейтін – объективті шындық»



Pdf көрінісі
бет19/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94
11.04.2023.disser

мазмұнын билейтін – объективті шындық» екеніне көз жеткізетін тағы бір 
дәлел.
Ойлаудың алғашқы ұғымы ақыл екеніне ғылыми зерттеу жасап, таным 
үдерісіне байланысты ерекше пікір айтып, идеялар ұсынған ойшыл - Джон Локк 
(1632-1704) болатын. Ол таным қисынын зерттеп, «Адам ақылы жөніндегі 
тәжірибе» [14,б. 97] атты философиялық еңбек жазды. Онда Дж.Локк 
елестетулер мен идеялардың адам тумысынан емес, санамызға түйсік сезімі 
арқылы пайда болатынын дәлелдеп, дуалистік мұратты көздеді. Локк ойлау 
әрекетінің жинақтау, топшылау, деректермен дәлелдеу, қорыту, бейнелеу, 
нысананың тұтастығын сақтайтын кіші бөліктерін байланыстыру сияқты 
әдіскерлік іс-қимылдарға аса мән беріп, зерттеулер жүргізген, оның маңызын 
ашқан. Ғалымның пікірінше, қоғамдық өмірдің дамуына, рухани дүниеде 
болатын өзгерістерге байланысты адамның өмірлік тәжірибесі молайып 
отырады. Адамның ақыл-ойы тумысынан емес, тәжірибеде қалыптасады дегенге 
саяды. 
Б.Спинозаның (1632-1677) философиясы ойлау үдерісіндегі зердеге сүйене 
отырып, көптеген диалектикалық мәселелерді көтерді. Ол ойлауға: «Ойлау – 
табиғат субстанциясының атрибуты», - деп анықтама береді. Автордың 
пікірінен ойлау үдерісі адамның материалдақ органы – мидың ғана жемісі емес, 
қоғамдың дамудың, қоғамдық қатынастардың туындысы екендігін байқаймыз 
[17,б. 81]. 
Тарихи зерттеулерде ойлау табиғатын түсіндірудің әртүрлі жолдары болды. 
Осылардың ішіндегі неғұрлым көп тараған түрі ойдың туындыларды тілдік 
туындыға, ойды тілге телу тенденциясы. Түсіндірудің мұндай жолының, сөзсіз, 
белгілі бір дәрежеде маңызы бар, өйткені тек тіл ғана ойды бейнелеудегі және 
объективтендірудегі ең бірінші құрал болып табылады.
Қазақ халқы ежелден өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде 
қалыптасқан сан мыңдаған ғасырлар бойы асыл сөз маржаны арқылы өзіне тән 
рухани бай мұралар қалдырды. Өмір сүрген батырлар мен саясаткерлер, ақындар 
мен жыраулар, ғалымдар философиялық ойлау жүйесінің құрылымын 
қалыптастырды. Демек, қазақ халқының дүниетанымының түп-тамыры тереңде 
деуге толық негіз бар.
Қазақ халқының да ойлау жүйесінің құрылымы ұланғайыр да мәуелі. Ұлы 
ақын, әрі ойшыл А.Құнанбаевтың (1845-1904) ақыл-ой, тіл туралы пікірлеріне 
зер салсақ, тіл мен ойдың бірлігін, сөз саптауда үлкен білімділіктің, көргені мен 
ойға тоқығаны мол адам ғана жүйелі пікір айта алтындығын ұғынамыз.
Ақын ақыл-ой туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен 
ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе 
деп қарайды: «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек [21,б. 95]» дегенге Абай ақылды 
осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді 
бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай «суық ақыл» мен 
«ыстық жүрек» бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер 
қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді: 


25 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек [21,б. 95], 
- деп, Абай ақыл-ой тәрбиесінің, адамгершіліктің мазмұнын жырлайды.
Ақынның идеясы тек өлеңдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең 
философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Ұлы ойшыл он тоғызыншы қара 
сөзінде «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып 
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені-көргені көп 
болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі 
де есті болады. Әрбір естіліктің тек өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп 
білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегендерінен сақтанса, сонда іске 
жарайды, сонда адам десе болады [21,б. 124]» - деп адамзат ақыл-ойын білім мен 
тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Демек, 
ақырғы, кездейсоқ объектілер ақыл-ой арқылы танылады. Ақылдың басты 
құралы ақылмен байыптау болып табылады. Сезім субъективті, сондықтан ол тар 
шеңберлі, шектеулі, пайдасыз. Ал ақыл ұғымы – бүкіл объектілерге тәуелсіз 
жалпылықты, қажетті және объективті ұғым [21,б. 16]. 
Осы тұрғыда ұлы ақын А.Құнанбаев сөз бен ақыл-ой хақында: 
«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, 
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек [21,б. 46],»,
- деп терең ойлай білетін, қиялы ұшқыр, кең ақылды адамдарды жоғары 
бағалайды. Ақын: «... білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар: оның бірі – 
мұлахаза (ойласу, пікір алысу) ..., екіншісі – берік мұхафаза (сақтау, қорғау) ... 
Бұлар зораймай, ғылым зораймайды [21,б. 152]» – деп рухани байлықты 
игерудегі ойлаудың, пікір алмасудың маңыздылығына баса назар аудартады. 
Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) шығармаларында ойлау мен ойлануға 
үлкен мән беріліп, бар ғылымның атасы таза ақыл мен болмысты дұрыс тани 
білуде екендігі көрсетілген. Ми қызметі адамның сезім мүшелерінің әрекеті 
арқылы іске асады, ойға алған істі жүзеге асыруы, адамның әділетті, әділетсіз 
болуы, ізгілікті қууы немесе жауыздық жолға түсуі ақыл мен жүректің ісі. 
Сондықтан әр нәрсені сарапқа салып, байыбына бару арқылы терең оймен 
топшылай отырып, ақылмен іс қылу адамдықтың басты парызы екендігін 
көрсетеді. Бұл пікірден, дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі – ақыл-ой, 
ойлау қабілеттілігінің қуаттылығы, ой тұжырымдарының логикалық 
қисындылығы екендігін көруге болады [22,б. 59].
М.Жұмабаев өзінің ғылыми еңбегінде: «...Ойлау адам өмірінде аса кымбат 
орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сыкылды, заттарды, көріністерді 
құр жадында, есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, 
оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын, 
тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңылаусыз соқыр болар еді. Адам 
ойлау арқасында ғана заңдардың, көріністердің араларындағы байламды 
белгілеп, оларда бар себептерді табады. Қысқасы ойлай білетін адам – шын 
мағынасында адам» [27,б. 70], – деп ой түйіп, ойлаудың адамның жеке тұлға 
болып қалыптасуындағы маңыздылығын аша түседі.


26 
Адамның ойынан соң, тілі, ұғымы дамып, білімді меңгеру жолындағы 
өздігінен атқаратын әрекеттері етек ала бастайды. Сананың, ақыл-ойдың 
дамуына байланысты адамның тілінің дамуы да жаңа белеске көтеріледі. Бұл 
ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның 
сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөздік қорының жетілуімен де тығыз 
байланысын аңғартады. Адам ой әрекетімен ашылған заңдылық байланыс, 
тәуелділік қатынастар формасында өмір сүреді. Ой танымының жоғарғы сапасы 
ретінде де, үдеріс ретінде де ойлау мен сөйлеудің бірлігінен туындайды. Тіл 
ойлаудың тұтастығы, сайып келгенде, тіл мен ойды дамыту болып табылады. Ал 
логикалық заңдылыққа сүйенсек, үдерістің кері жүруі сөзсіз. Яғни ой дамыту – 
тіл дамыту болмақ. 
Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал 
тіл болса әр ұлттың, халықтың өзіндік өрнегі. Тіл – сыртқы әрекеттердің 
құрылымына сәйкес келетін ішкі әрекеттердің ерекше формасы болып табылады. 
Тілдік объектілермен түрлі амалдар жасау – ойлаудың табиғи белгісі. 
Интериоризацияландырған әрекеттердің жүзеге асуы тілмен тығыз байланысты. 
Тіл сыртқы әсер етулердің қабылдануын, сақталуын, қолданылуын жаңа сапаға 
көтереді. Тіл арқылы сыртқы дүниенің адамға тигізген әсер-ықпалы әлеуметтік 
сипат алады, сол қызметі тілдің өзгертушілік қызметін дамыта, кеңіте, биіктете 
түседі.
Ә.Н.Нысанбаевтың еңбектерінде ой мен тілдің маңыздылығына пікірлерді 
кездестіреміз. Философ: «Адам ойлауын зерттейтін пән – логика ғылыми» дейді. 
Логиканы меңгеру арқылы адамның ойы жоғары деңгейге көтерілетінін айтады. 
Ол логика сөз, сөйлем мағынасын анықтауға, сөйлесу кезінде қолданылатын 
сөздердің мағынасына тереңдеп үңілуге көмектеседі деп есептеп: «Біртұтас 
көзқарас, дүниені жан-жақты танып-білу, оның заңдылықтарын, таным үдерісін, 
әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау 
негізінен алғанда кейінгі ғасырлардың үлесіне тиеді. Ойлау тәсілі ерекше, 
шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз әдебиетіне тән, тез 
жаттап алу, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, 
«жеделдете» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс [28,б. 108]» 
деп көрсетеді. Ой әлемінен ой қозғаған ғалымның пікірі қай салада да қазаққа ой 
керектігін дәлелдейді. 
Ж.Әбділдин өзінің «Ойлау дегеніміз не?» атты еңбегінде: «Ойлау, ой шын 
мәнінде тек тілде, ой қызметінің нәтижелерінде – ұғымдар мен категорияларда 
ғана өмір сүрмейді, сонымен бірге ол бүкіл адамзат мәдениетінде өмір сүреді, 
өзін көрсетеді. Логиканың ойлаудың мәніне тек ауызша сөздік бейнелеулер
тілдік түсініктемелер ғана кірмейді. Оған өткен ұрпақтың еңбегімен жасалынған 
адамзаттың мәдени дүниесі атаулының барлығы кіруге тиіс» [95] – дейді. 
Ғалымның бұл пікірінен, ойлаудың бүкіл адамзат мәдени дүниесімен бірге өмір 
сүретін үдеріс екеніне және тілмен тығыз байланыста жүретініне көз жеткізуге 
болады. 
Н.Иманқұл: «Тіл белгілі бір ойды білдіретін белгілер жүйесі болып 
табылады. Тіл адам қоғамында қатынас құралы ретінде қызметін атқарады. Адам 


27 
тілінің қалыптасуы ойлаудың қалыптасуымен бір мезгілде болатын құбылыс» - 
деп тұжырымдайды [32,б. 83]. Олай болса, ойлау сөйлеуден бөлінбейді, ол 
адамдардың тәжірибелік үдерісінде бір мезгілде пайда болып, тәжірибелік 
қызметінде тексеріледі деген тұжырым жасауға болады. 
Жоғарыдағы талдаулар көрсеткендей, ой мен тілдің зерттелуінің тамыры 
тереңде. Ой мен тілдің маңыздылығы мен байланысы туралы келелі пікірлер 
көне заманнан бастау алады. Сол заманнан бастап барлық тәжірибелер бір арнаға 
келтірілген, ой мен тіл, ақыл-парасат жөніндегі барша білімдер философия 
шеңберінде жинақталған және сол ғылыми аумақта тұжырымдар дүниеге келген. 
Жүргізілген зерттеулерден «ой (ойлау) мен тіл (сөйлеу)», «ақыл-ой» 
ұғымдарының философиядан бастау алатындығына көз жеткізуге болады. 
Ғалымдар өз тұжырымдары мен анықтамаларын ұсынады. Әйтсе де, барлық 
анықтамалар мен тұжырымдар бір мазмұнға келіп тоғысады. Оған төмендегі 
кестеден көз жеткізуге болады. «Ой», «ойлау», «тіл» мен «ақыл-ой» түсінігіне 
зерттеген ғалымдардың пікірлеріне контент талдауды ұсынамыз (кесте 1).
Кесте 1 – Философиялық еңбектердегі «ой», «ойлау», «тіл» және «ақыл-ой» 
туралы тұжырымдар 
Автор 
Тұжырымдар 
Қызметі



Философиялы
қ сөздік 
Ойлау заттар, құбылыстар мен үдерістердің 
мәнін түсінуге апаратын «айналмалы» жол. 
Табиғат үдерістерін 
түсіну жолы 
Аристотель
Әлем біртұтас зат туралы алғанда зат туралы 
ойлаумен бірлікте, тұтасқан өмір сүреді. 
Әлем – ойлаумен 
бірлікте 
Демокрит 
Сезім мүшелері берген білім көлемінде тоқтап 
қалуға болмайды, толық білім ақыл-ой арқылы 
қалыптасады. Әрбір адамның дара дамуы ақылдың 
нәтижесі. 
Толық білім мен даму 
Сократ 
Этикада рахымшылық, мейірімділік, білімде 
даналықты, жақсылықты түсінгенде ғана адам 
мейірімді бола алады, ол ақиқат - шындық, таза 
болмыс, адам ақылының алғы шарты 
Адам ақылының алғы 
шарты 
Анаксогор
Ақыл-ой – біріншіден, қозғалыстың қайнар 
көзі. 
Екіншіден, 
ақыл-ой 
ғарышты 
ұйымдастырушы. Ақылдың өзі жай ғана ой емес, 
оның 
басты 
ерекшелігі 
– 
жасампаз 
шығармашылық екендігінде. 
Ғарыштағы 
қозғалыстың қайнар 
көзі. 
Гераклит 
Эффесский 
Адамгершілік ақыл-ойдан туындайды. Жеке 
адамның дамуы «ақылдан» басталады. 
Адам дамуы ақылдан 
басталады 
Парменид 
Болмыс пен бейболмыстың және болмыс пен 
ақыл-ойдың арақатынасындағы мәселенің екеуін 
де тек ақыл-ой арқылы шешуге болады 
Мәселелерді шешу 
жолы 


28 
1 - кестенің жалғасы 



Әл Фараби 
Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-
ойының жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі 
қажет, парасаттылық адамға өзінен-өзі келмейді. Ол 
ұлан-ғайыр еңбек етіп, ғылым-біліммен молынан 
сусындаған кісіге қонады. 
Ақыл-ой еңбекпен 
дамиды 
Томас Гоббс 
Логика дегеніміз - жалғанды ақиқаттан 
ажыратуға көмектесетін ғылым, ал ойлау дегеніміз - 
атауларды (ұғымдар) қосу немесе алу, көбейту 
немесе бөлу үдерісі. 
Жалғанды 
ақиқаттан ажырату 
Р.Декарт 
Мен ойлау деген сөзді біздің ішімізде болып 
жататын 
зат 
ретіндегі 
тікелей 
біздің 
қабылдайтындарымыздың барлығы деп түсінемін. 
Бірдеңе істеуге әрекеттену, ықылас білдіру, елестету, 
сезіну міне, осылардың барлығы да ойлау болып 
табылады. 
Әрекеттену, 
ықылас білдіру, 
елестету, сезіну 
П.Николь, 
А.Арно 
Дұрыс және нақты ойлау тек ғалымдарға ғана 
емес, кез келген адамға да керек, себебі ол ақиқатты 
жалғандықтан айыра білуге көмектеседі 
Ақиқатты 
жалғаннан ажырату 
Б.Спиноза 
Ойлау – табиғат субстанциясының атрибуты. 
Табиғат 
субстанциясының 
атрибуты 
Р.Ф.Гегель 
Адам жас кезінен бастап адамзаттың рухани 
дүниесінің даму сатыларымен танысып, оны игеруге 
тиіс. Ал оған қажет құралдардың ең негізгісі – осы 
ойлау. 
Рухаи дүниені 
дамыту құралы 
К.Маркс 
Тіл – ойдың тікелей әрекеті. 
Ой әрекеті 
А.Құнанбав 
Ақыл ұғымы – бүкіл объектілерге тәуелсіз 
жалпылықты, қажетті және объективті ұғым. 
Тәуелсіз, қажетті 
ұғым 
М.Жұмабаев 
Ойлау адам өмірінде аса кымбат орын алады. 
Ойлау болмаса, адам басқа жануар сыкылды, 
заттарды, көріністерді құр жадында, есіне ғана 
алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, 
оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. 
Мәселені шешуші 
Ә.Нысанбаев 
Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен 
шығармалардың сақталуы ауыз әдебиетіне тән, тез 
жаттап алу, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа 
өзгертпей, жоғалтпай, «жеделдете» жеткізу – бұл 
философия тарихындағы ғажап құбылыс. 
Таңғажайып 
құбылыс 
Ж.Әбділдин 
Ойлау, ой шын мәнінде тек тілде, ой қызметінің 
нәтижелерінде – ұғымдар мен категорияларда ғана 
өмір сүрмейді, сонымен бірге ол бүкіл адамзат 
мәдениетінде өмір сүреді, өзін көрсетеді. 
Адамзат 
мәдениетінде өмір 
сүреді 
Н.Иманқұл 
Тіл - белгілі бір ойды білдіретін белгілер жүйесі 
болып табылады. Тіл адам қоғамында қатынас 
құралы ретінде қызметін атқарады . 
Белгілір жүйесі, 
қатынас құралы 


29 
Қорыта айтқанда, «Ой», «ойлау», «тіл» мен «ақыл-ой», «логика» 
ұғымдарының түпкі мәні, генезисі философиядан туындағанын айқындай келе, 
оларды философиялық категориялар деп тануға негіз бар. Ақыл-ой, ой мен тіл, 
ойлау ұғымдарының түпкі категорияларының философиялық мәні: ойлау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет