23
[11,б. 106]. Ибн-Сина логиканың басты міндеті
бір-бірімен себептілік
байланыста тұрған
заттарды танып-білу арқылы таза ақиқатқа жету, ал ол
дегеніміз жаратылыстың өзі деп есептеп, оның таным үдерісіндегі
ерекше
маңызын баса көрсетеді. Оның ақыл-ойдың құдіретті күшіне кәміл сенгендігін
байқауға болады.
Жүсіп Баласағұн (1011-1075) ІХ-ХІІ ғасырларда Жетісу қоғамдық ой-
дүниесіндегі
көрнекті тұлғалардың бірі, түркі дүниесінің ойшылы болды.
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы – пайым мен зердені, ақыл, әділет,
қанағатты, әдептілік пен мораль мәселесін және шындық пен жалғанды,
жақсылық пен жамандықты қарастыратын шығарма. Ұлы ойшыл өз еңбектерінде
адамды
моральдық жағынан жетілдіруде ақыл-ойға ерекше мән береді. Ол
ақылдылықты адамның адам болуының, адамгершілік жағының жетілуінің
бірден-бір өлшемі деп ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе шешілмейді
деп түйіндейді [2019,б. 69]. Адам әр кез орағыта ойлап,
ақылдылықпен әрекет
етсе ғана көздеген мақсатына жете алады. Ақылды адамдардың сөзі әрі көркем,
әрі қисынды. Ақылды адам өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыты бар, кез-
келгеннің жетегіне еріп кетпейді деп есептейді.
Томас Гоббс (1588-1679) өзінің «Левиафан - материя, түр, мемлекеттік және
азаматтық билік» атты еңбегінде:
«логика дегеніміз - жалғанды ақиқаттан
Достарыңызбен бөлісу: