22
қалыптастыруға негіз болған философ Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)
есімі
дүниежүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Артында
қалған ғылыми мұрасы өте мол. Олар ғылымның алуан түрлі саласын –
философия мен логиканы,
математика мен физиканы, астрономия мен
ботаниканы және т.б. қамтыды. Ол адамның іс-әрекетінде зерделіліктің ролі аса
зор деп бағалады. Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы
трактат» дейтін еңбегінде жан құбылысының әр түрлі көріністеріне қысқаша
сипаттама береді. Мәселен, «қиял – адамға аса қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі
міндет атқарады.
Біріншіден, мұнда сыртқы дүние заттарының бейнелері
өңделіп, сұрыпталады, бірі екіншісіне қосылып, одан жаңа бейнелер жасалады.
Екіншіден, ол ойлауға материал жинастырады, түйсікпен екеуі адам ойлауының
терең, жан-жақты, орамды болуына жәрдем береді» - дейді [10,б. 1499].
Ғұламаның бұл пікірі қиялдың ойлау үдерісінде
алатын орнының ерекшелігін
аңғартады және баланың ойын дамыту барысында баланың қиялына ерік беру
қажеттілігін көрсетеді.
Қиял үдерісінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы
бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп дамып отырады.
Тіпті бала
қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі,
қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны,
мұның өзі баланың
психологиясына қатты әсер ететіні байқалады [17,б. 198].
Әл-Фарабидің
«Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті
болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады» деген пікірінен адамның
көптеген қасиеттері өмірден алатын тәжірибесінен туындайтынын байқауға
болады [10,б. 49]. Көрген-білгенді ой елегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу,
үнемі сарапқа салуға оқушыларды тәрбиелеу қазіргі таңдағы ерекше мән беретін
мәселе екенін аңғартады.
Білім мен тәрбие
беру арқылы адамның ақыл-ойына, мінез-құлқына,
дүниетанымына әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл адамдағы үш қабілетті:
ерекше жаралған
дене құрылысы, жан құмарлығы, ой-парасатты дұрыс
жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге жетуге мүмкіндік туатынын
айтады. Фараби: «адамның тану үдерісі екі басқыштан тұрады. Оның
біріншісі –
Достарыңызбен бөлісу: