1.2 Психологиялық-педагогикалық еңбектердегі бастауыш мектеп
оқушыларының ойы мен тілінің даму мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік білімдерді меңгерудегі оқу
әрекетінің табысты болуы үшін жалпы зияткерлік деңгейі жоғары болуы қажет.
7-11 жас аралығындағы баланың қабылдауы, түсінуі, ес процесі, ойлауы, зейіні,
эрудициясы, танымдық қызығушылығының кеңдігі, логикалық операциялардың
түрлерін меңгеруін және жоғары деңгейде көрінуін табысты жүзеге асыру ойы
мен тілінің дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Психология ғылымында бастауыш сынып оқушыларының жасы, көбінесе,
білім меңгерудің, зейінділіктің жасы деп саналса, ал педагогика ғылымында –
бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, қалыптастыру
сияқты өмірлік маңызы бар қызметтерді басымдылықпен игеру кезеңі болып
табылады [49,б. 70].
Бүгінгі күні «ой (ойлау)» мен «тіл (сөйлеу)», «ақыл-ой» оқушының алған
біліміне, оның ойлау деңгейі мен өмірлік тәжірибесіне, құндылықтары мен
бейімділігіне негізделген танымдық іс-әрекет пен оқу тәжірибесінің нәтижесінде
өз бетінше дамитын қабілет ретінде қарастырылады. Осы бойынша ойлау мен
тілдің негізгі мазмұнын психологиялық және педагогикалық тұрғыдан
анықтауды жөн санаймыз. Ол үшін психологиялық-педагогикалық әдебиеттер
негізінде оның мақсаттарын, ұстанымдарын, көрсеткіштерін, құрылымын,
қызметтерін және сипаттамаларын бөліп көрсетеміз.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижесінде бұл
мәселеге арналған еңбектерде ойлаудың кейбір аспектілері, сонымен қатар
психикалық әрекеттің негізгі әдістерін қалыптастыру жолдары қарастырылғаны
анықталды. Ой (ойлау) мен тіл (сөйлеу) туралы өткен уақытта да, қазіргі кезеңде
де педагогогикалық-психологиялық еңбектерде қағидалар мен тұжырымдар
кездеседі.
Психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Ой - сыртқы дүниені бейнелеудің
ең жоғары формасы», ал тілге: «Тіл – қарым-қатынас құралы», - деп анықтама
береді. «Ойлау – ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық
31
қасиет, байланыс қатынастарымен бейнеленуі», - деген анықтамаға ие [96]. Бұл
анықтамалардан ой мен тілдің дамуы әрекетпен байланысты және оның
қалыптасуы адамдар арасындағы қарым-қатынас үдерісінде жүреді деп
тұжырымдаймыз.
С.Л.Рубинштейн өзінің зерттеулерінде: «Ойлау іс-әрекетпен тығыз
байланысты. Адам шындықты оған әсер ету арқылы таниды, дүниені өзгерту
арқылы түсінеді. Ойлау тек іс-әрекетпен, немесе әрекет ойлаумен қатар
жүрмейді, әрекеттің бастапқы формасы ойлау. Ойлаудың бастапқы түрі әрекетте
және әрекетте ойлау, әрекетте орын алып, әрекет арқылы ашылатын ойлау» деп
тұжырымдайды [97]. Ғалымның бұл пікірінен адам ойының даму деңгейі оның
іс-әрекетінде орын алады. Ойлау – таным үдерістерінің ішіндегі ең
күрделілерінің бірі. Ол сөзбен ғана емес, іс-әрекетпен де байланысты деген
қорытынды жасауға болады
А.В.Брушлинский, ойлау үдерісін зерттей келе, ойлауды ең болмағанда ең
аз дәрежеде жаңа нәрсені танып-білумен анықталатындығын айтады.
А.В.Брушлинскийдің «ойлау» ұғымын: «ең аз дегенде мәні бар жаңаны анықтау
(сол индивидтер үшін жаңа болып саналатын) және ол белгілі бір мөлшерде
өнімді, шығармашылықты, дербес болады», - деп түсіндіреді [98]. Автордың
пікірін талдай келе, жаңа нәрсенің мәнін анықтау үдерісі – ойлау үдерісі деген
көзқарас туындайды.
Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы
өткен ғасырдың бірінші жартысында қалыптаса бастағаны белгілі. Ойлау
үдерісін зерттеген ғалым Л.С.Выготский ойлау туралы былай деп жазды:
«Мектеп жасындағы баланың психикалық дамуында үлкен рөл атқаратын
маңызды функциялардың бірі - ойлау» [99]. Мұндағы ойлау – баланың дамытуда
маңызы зор, күрделі үдеріс болады.
А.А.Люблинскаяның пікірінше, ойлау - практикалық қарама-қарсы сөзбен
жүзеге асырылатын техника. Адамның ақыл-ой әрекетінде оған белгілі ережелер,
әдістер мен әрекеттерді қолдана отырып, ақыл-ой, талдау және қажетті
байланыстарды орнату мүмкіндігі бар. Ол салыстырулар жүргізіп, қажетті
байланыстарды орнатуы керек, әр түрлі топтастыру жүргізіп, ұқсастарын
ажырата білуі керек және мұның бәрі тек ақыл-ой әрекеттерінің көмегімен
болады. А.А.Люблинская ойлауға мынадай анықтама береді: «Ойлау – қабылдау,
қиял секілді адам танымының формасы болып табылады [90,б. 37]». Ғалым
ойлауды үш жақтан: біріншіден, таным сатысы, екіншіден, таным үдерісі,
үшіншіден, адам ақыл-ой қызметінің формасы ретінде қарауға болатынын
көрсетеді.
Ж.Аймауытов: «Жаңа болмыс, жаңа ұғымдарды миға сіңіру – соның бәрінен
тізбекті бір бүтін ой шығару. Ой мен іс амал жүзінде адамның жүретін түзу
жолы», [47,б. 59] - деп пайымдайды. Демек, дұрыс қалыптасқан ой іс-әрекетте өз
жемісін беріп, адамзаттың алдынан түзу жол ашады.
Сонымен қатар, Ж.Аймауытов былай дейді: «дидактика жүзінде бірнеше
қабылданған әдіс бар. Ол әдістерді айтпастан бұрын әрбір оқытушыға білуге
міндет болған жалпы әдіс барын ескертеміз. Ол әдіс – ой жүйесі». Ғалым ой
32
жүйесі мұғалімді ойлау өнеріне үйретсе, шәкіртті ой дағдысына
жатттықтыратынын айтады. Егер де мұғалімнің осы ойлау заңы туралы білімі
жетік болатын болса, оқытылуы дұрыс жүріп, шәкірттері ойшыл, білімді болады
дейді. Ғалым бұл сөзінде мұғалімнің де, оқушының да ақыл-ой қуаттарының
маңыздылығын бірдей қозғайды. Демек, баланың ақыл-ойын жетілдіру үшін
мұғалім ой жүйесінің негіздерімен, оның ережелерімен жақсы таныс болуы
қажет [48,б. 54]. «Білімге деген ынтығушылық – адам бойындағы ой еңбегі
күшінің қайнар көзі, сондай-ақ көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу,
өркендету өнері – мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек», - деп жазады
Ж.Аймауытов (1889-1930). Тәлімгер-ғалым баланың тіл байлығын арттырудың,
еркін сөйлей білу мен оның ой-өрісін өрістетуге ерекше көңіл бөлу керектігін
айта келе, «Адамның тәрбиесіне де тілдердің пайдасы жоқ емес: тілді берік,
ұғымды үйрету ақылды жетілтуге себеп, әр халықтың дүниетануы тілінен
көрінеді [47,б. 1]» дейді. Демек, баланың ойын дамыту, оның тілін дамытумен
қатар жүретін үдеріс. Ал бұл өз кезегінде мектеп қабырғасында басталады да,
өмір талабына, ғылым дамуына орай жалғаса береді.
Қазіргі таңда дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін
оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге
асыруда М.Жұмабаевтың педагогикалық-психологиялық көзқарастарының мәні
мен мағынасы зор. Ғалым: «...заттарды ұғу үшін жұмсалатын жан көрінісі ойлау
деп аталады [27,б. 19]», - деп анықтама береді. Ақын ойлаудың жанның өте бір,
терең ісі екенін атай келе, тәрбиешілерге баланың ойлауын өркендеткенде
сақтықпен, басқыштап іс істеу керектігін айтады. Ақын, педагог өзінің
көзқарастарында адамның тумысынан бастап тәрбие мен білім негізінде, өмір
танымын, ақыл-ойын, дүниеге көзқарасын қалыптастыруға болатынына кәміл
сенеді. Басқа тіршіліктермен салыстырғанда әлсіз, ақыл-есі жетіспеген «бір
кесек ет» болып туса да, білім мен тәртие арқылы дана да, білімді де, өнер иесі
де, бәрі адамнан шығатыны мақтан етіп, баланың білімді болуы, дұрыс тәрбие
алуы тәрбиешіден деген тұжырымын айтады.
Арман, көңіл, ой, ерік, жігер, қайрат т.б. ұғымдарды онан сайын саралай
түскен ақындардың бірі С.Торайғыров (1893-1920): «Адам табиғаттың
туындысы, ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып,
оны шама-шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Адам сыртқы дүниемен
байланыса отырып, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын
дамытады, оның ешбір рухани қасиеті тумасынан пайда болмаған» [23,б. 31], -
деп пайым жасайды. Ғалым бұл пікірінде дүниетанымның тәжірибеден дамыған
деңгейін уағыздап, ортаға салады. Олай болса, ойлау таным мен өзін-өзі
дамытуда үлкен рөл атқарады. Ойлау – барлық танымдық әрекеттің өзегі.
Осыған ұқсас пікірді оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарап, оларға
ерекше мән берген ағартушы М.Дулатов та айтады. Ол: «Туысында қанша
зеректік болса да, ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді [26,б. 59]» деген
тұжырым жасайды. Бұл пікірден адамға тән ойлау мен сөйлеуді дамытуда балада
зейін мен зеректік болмаса, істің нәтижелі болуы қиын деп тұжырымдауға
болады.
33
Қазақтан шыққан ақындар, ғалымдар ой мен тілдің байланысы мен оларды
дамытудың өзектілігі туралы біршама шығармашылық үлгі көрсетті. Соның бірі
М.Ж.Көбеев (1889-1931): «Адам танымы бес бастаудан нәр алатын асау өзен
іспеттес. Оның бірі – көру, екіншісі – есту, үшіншісі – түйсіну, төртіншісі – иіс
сезу, бесіншісі – дәм... Сезім органдарына тек тап-таза бейнелер ғана келіп
түспейді, сонымен бірге бұған ескі-құсқысы аралас, тіпті лас нәрселер де келеді.
Ойлау оларды сұрыптай отыра жарамдыларын ғана қабылдап, жарамсызын
шығарып тастайды. Тіл – ой маржаны, ойсыз тіл жоқ...[24,б. 19]», - дейді. Ғалым
осылайша, адамның өмір сүруіндегі дұрыс ойлаудың қалыптасуының қажеттілігі
мен маңызыдылығын ашады. Демек, тек дұрыс ойлау ғана адам сезімімен
жарқырайды.
Сонымен қатар, педагог-ағартушы А.Байтұрсынов бар күш-жігерін қазақ
балаларының ана тілінде сауат ашуына жұмсап, тіл мен сөйлеу психологиясында
аса мәнді пікірлер қалдырды. «Сөз шумағы тіл деп аталады. Тіл дәлдігі деп
ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады [25,б. 13]», – деп жазады.
Демек, ғалымның ойынша, сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз
байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке
сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір
мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды.
А.Байтұрсынов қағидасы сананың үш негізіне: ақылға, қиялға көңілге
сүйенеді. «Ақыл ісі – аңдау (байқау), яғни, нәрсенің жайын ұғу, тану, ақылға
салып ойлану. Қиял ісі – меңзеу, яғни, ойдағы нәрселердің тұрпатына, бернесіне
ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, толғау. Тілдің міндеті –
ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйін
түйгенінше айтуға жарау... Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз
мағына жағының күштілігімен жағады... » [25,б. 17] – дейді. Ғалымның бұл
пікірлері бала тілі мен ойын дамытуда жүгінетін деректер.
Ойлау дұрыс болу үшін, ол аса дәл де анық, қатаң дәйекті болып, пікір
тақырыбынан ауытқып кетпеуі керек және ойлаудың логикалық қайшылықтары
мен екіұштылығы болмауы тиіс. Біздің пікірлеріміз бен қорытындыларымыз
дәлелді болуы керек, онсыз олардың сенімді болуы төмендейді. Сөйлеу,
логикалық ойлау әрекеттері дұрыс жүргізілмейді. Демек, ойлау белгілі заңдарға
бағынады.
Табиғаттың заңдары сияқты ойлау заңдарын да ешкім қолдан жасамаған.
Ойлау заңдары материалдық нәрселердің қажеттігі бойынша жасалған. Олай
болса, ойлау заңдары материалық нәрселердің қажетті байланыстарының адам
санасында бейнеленуі бойынша көрінбек.
Ақыл-ой тәрбиесін берудің негізгі құралы – мектептегі оқыту. Өйткені,
ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер – оқыту үдерісінде жүзеге асады.
Оқушылардың логикалық ойының дұрыс қалыптасуына мұғалімнің сабақты
түсіндіру логикасының маңызы ерекше екенін М.А.Данилов көрсеткен. Ол
оқушылар белгілі бір ойлау деңгейінде болғандықтан, олардың соған сәйкес
қабылдау мүмкіндіктері мен оны саналы игеру мүмкіндіктерін ескеру қажеттігін
айтады. Ендеше, оқу үдерісіндегі мұғалімнің сабақты меңгерту логикасының
34
маңыздылығы ойы мен тілі дамыған оқушының қалыптасу нәтижесімен
анықталады [100].
Әрбір адам бала кезінен бастап, адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі
сөйлеу тәжіребесінде тілдік мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры
молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді
үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке-жеке,
нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің
ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының
көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін
аңғартады.
Ал ой мен тілдің арақатынасын зерттеген ғалым Б.В.Беляев болса: «тіл мен
ойлау үдерістері бірлікте болу керек. Сондықтан ол барлық адамдардың сөйлеу
құралдары бірдей болмаса, олардың ойлау қабілеті де бірдей болмас еді» - деп
[101] тқжырымдап, тіл мен ойдың тығыз байланысын айт келе, олардың бірлікте
дамитындығына баса назар аудартады (сурет 4).
Сурет 4 – Ой белсенділігіне әсер етуші жағдайлар
Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің
игілігіне айналатынын, тіл қатынас құралы екендігі белгілі. Сөйлеуді пікір алысу
үдерісінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы екендігін нақтылай отырып,
ойлау мен сөйлеудің тығыз байланысын негізге алуға болады.
Қазақстанда психология ғылымының негізін салушылардың бірі
Қ.Жарықбаев баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа
түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетінін айтады. Ол ойлауға: «Ойлау
дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі» деп анықтама бере келе, ойлаудың дұрыс қалыптасуының,
ақылдылықтың басты белгісі дұрыс сөйлей білу екендігін айтады [102].
«Адамның басында қандай ой туса да, егер ол оны лайықты сөзбен бере алмаса,
ол айтушыға да, тыңдаушыға да түсініксіз күңгірт болады. Сөйлеу мәдениетіне
жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жетілу қиын» – деп, тіл мен ойдың тығыз
байланыстылығына назар аудартады [102,б. 56]. Ғалым, тіл, сөйлеу – ежелден
бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл
4. Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап көру
3. Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның
жорамалын белгілеу
2. Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру
1. Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша өздігінен
пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат – сұраққа жауап беру, мәселені
шешу
35
атқаратынын айта кетіп: «Тіл – адам сана-сезімінің, оның психологиясының
көрсеткіші», – деп анықтама береді. Демек, оқушылардың ақыл-ой жағынан
дамуы олардың тілінің дамуына да игілікті ықпал жасайды.
Ә.Алдамұратов оқушының ойы мен тілін дамытудың психологиялық негізін
зерттей келе, ой үдерісін көзге көрінбейтіндіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін
еместігін тұжырымдайды. Сондықтан да ойлану туралы зерттеулер, олардың
үдеріс күйін емес, ойлану қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруына қажетті
шарттар қажет екенін тексеруге арналған деп есептей келе, «Ойлану деп –
мәселені шешудегі толғану үдерісін айтады» – деп анықтама береді. Сонымен
қоса, ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу екенін айтып, оны
тәжірибе жүзінде дәлелдейді [52,б. 69]. Ғалым адам сөйлегенде тілді қатынас
құралы ретінде пайдаланатынын айта келе: «Тіл деген көзге көрінбейтін әр
адамның басында қалыптасқан қатынас жасау мөлшері. Ал сөйлеу сол қатынас
мөлшерлерін жүзеге асырушы адамның әрекеті» [52,б. 83] – деп, анықтама
береді. Ғалымның бұл пікірі сөйлеуді ойдан бөліп алуға келмейтін құбылыс
екенінің тағы бір дәлелі. Демек, ойлау сөйлеуден бөлінбейді, ол адамдардың
тәжірибелік қызметінде пайда болып, тәжірибелік қызметінде тексеріледі.
Ойлаудың психологиялық зерттеулеріне С.Б.Бапа: «Жантану ғылымында
ойлау – бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге
бағытталғын әрекеті» [103], – деп анықтама бере келе, ойлауды түйсік пен
қабылдаудан бастау алып, тікелей сезімдік біліктер аймағынан шығатынын
айтады. Сонымен қатар, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте
шарықтау, ойлау үдерісіне байланысты адамның мүмкіндіктері деп есептейді.
Ғалым адам ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда сөйлеу мен тілдің
маңыздылығын нақтылай келе: тіл мен сөйлеуге мынандай анықтама береді: «Тіл
– сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі, ал сөйлеу – ой мен
сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік қолданымы»
[103,б. 27]. Ғалымның бұлай пайымдауы, ой, тіл және сөзді адамның бүкіл
саналы өмірінің арқауы деп қарауға негіз болады.
Ғалымның бұл пікірімен белгілі психолог М.Мұқановтың пікірі де сәйкес
келеді. Ғалым ойдың тек сөз арқылы ғана іске асатынын, ал сөз сөздік негізге
жүзеге аспайтынын айта келе ойлауға мынадай анықтама береді: «Ойлау
адамның сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының өздеріне тиісті қарым-
қатынастарының жалпылап сөзбен бейнеленуі» [50,б. 58]. Ғалым, ой мен тілдің
байланысын көбінесе оның бір кісіден екінші кісіге тіл арқылы берілуінен
байқалатындығын айтып, өзінің еңбегінде көптеген дәлелдемедер келтіреді. Бұл
өз кезегінде ойдың тілдің ажырамас бөлігі екендігі аңғарылады.
Психологиялық сөздікте: «Ақыл-ой дамуының деңгейі дегеніміз – білімдер
мен іскерліктердің жиынтығы және оларды жетілдіруде қалыптасқан ойлау
әрекеттері; білімдер мен біліктердің және оларды игеру кезінде қалыптасқан
ақыл-ой әрекеттерінің жиынтығы, оларды ойлау процесінде белгілі бір көлемде
жаңа білімдер мен біліктердің ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін еркін қолдана
білуі», - деп анықтама беріледі [104]. Демек, адамның ақыл-ойы ойлау үдерісінде
орнына көптеген ғылыми
36
Ақыл-ой тәрбиесіне зерттеу жүргізген ғалымдар Ж.Б.Қоянбаев пен
Р.М.Қоянбаевтың пікірінше, ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілік
көзқарас, саналы тәртіп пен мінез-құлықты қалыптастыру мүмкін емес. «Ақыл-
ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер
салып ойлау және ақыл-ой күштері. ... Ойлау - заттар мен құбылыстардың
арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық
үдеріс [61,б. 125]», - деп анықтама береді.
ХVІІ ғасырда бастауыш мектеп педагогикасы мен баланың ақыл-ой тәрбиесі
мәселелері бойынша өз шығармаларымен танылған француз жазушысы Жан-
Жак Руссо (1712-1778) ең алдымен бастауыш білім мазмұнының түпкілікті
жаңаруын талап еткен болатын. Жан-Жак Руссо «Эмиль немесе тәрбие туралы»
деген романында ақыл-ой еңбегіне ерекше көңіл бөлді [105]. Руссо
шығармаларында оқушыларды ғылыми шындықты ашушы, тіптен компасты
ойлап шығарушы, зерттеуші ретінде суреттейді. Оның ойынша оқу үдерісі
ештеңені жаттатпау, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына
салу арқылы меңгерту деген мәселелердің төңірегінде болды. Руссо ойлаудың
негізін баланың дербес іс-әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқағыштығын
дамыту бағдарына байланысты деп дәлелдеді.
Бастауыш
мектеп
педагогикасында
аты
құрметпен
аталатын
И.Г.Песталоцций балаға өзінің табиғаттан берілген нышандары арқасында «Көз
– көргісі, құлақ – естігісі, аяқ – жүргісі қол – қармап ұстағысы келеді. сол сияқты
жүрек те сенгісі, жақсы көргісі келеді. Ал ақыл-ой ойлауға талпынады» - деп
ойдың дамуындағы ақыл-ойдың негізгі қызметін баса көрсетеді. Сонымен қоса,
ғалым балада ойлау мен сөйлеу бақылау негізінде жүзеге асырылады дейді.
Себебі бақылау арқылы балада көру, есту және т.б. түйсінулер пайда болады деп
есептейді. Оқыту балаларға біріншіден, білім беретін болса, екіншіден, олардың
ойлау қабілетін дамытады деп тұжырымдады [106]. Оның еңбектерінде оқу мен
еңбекті ұйымдастыру негізгі рольде болды. Бүгінгіге де бұл ой пайдалы.
Ғалымның бұл пікірі негізінде, жүйелі алған білім мен тәрбие әрбір баланы ақыл-
ойы дамыған тұлға деңгейіне көтереді деген тұжырым жасауға болады.
Психология саласында ақыл-ой дамуын пайымдауға мүмкіндік беретін
бірқатар негізгі қағидалар қалыптасқан:
1. Ақыл-ой дамуы динамикалық жүйе бола отырып, өзара әрекеттестіктегі
факторлар мен пайымдамалар (табиғи тұғым қуалаушылық, әлеуметтік-мәдени,
психологиялық) ретінде қарастырылады;
2. Ақыл-ой дамуы ең алдымен, әрбір жас кезеңінде жаңа әлеуметтік
тәжірибені меңгертуде, іс-әрекеттң жаңа амалдарын иеленуде, жаңа психикалық
үдерістерді қалыптастыруда маңызы бар ерекше алғышарттардың пайда
болуына байланысты кезеңдік сипатта болады;
3. Ақыл-ой дамуы баланың өмір сүру жағдайларына, тәлім-тәрбиесіне
байланысты
түрліше
қалыптасады.
Егер
даму
стихиялы,
дұрыс
ұйымдастырылмаған болса, онда дамудың деңгейі төмен болады. Сөйтіп,
психикалық үдерістердің толыққанды қызмет етуіне кедергі келтіреді [107].
37
Демек, ақыл-ойдың дамуы оқушылардың оқу үдерісінде меңгерген білімінің
көлемімен және сапасымен қатар, ойлау үдерісінің құрылымымен, ақыл-ой
әрекеттерінде логикалық амалдарды дұрыс қолданумен сипатталады.
Зерттеу
жұмысымыздың
барысында
педагогикалық-психологиялық
ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, ой мен тіл тығыз байланысты және
ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның
сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөз өнеріне жетілумен де тығыз
байланысты деген тұжырым жасаймыз. Сонымен қатар олардың байланысын
төмендегіше көрсетуге болады (сурет 5).
Сурет 5 – Ой мен тілдің байланысы
Біз қарастырған педагог-психологтардың «ой (ойлау)» мен «тіл (сөйлеу)»,
«ақыл-ойға» берген анықтамаларын талдау, олардың пікірлерінің түйіні біз
көтеріп отырған – бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта
оқытуға әкеліп саяды.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ақыл-ой, ой мен тілді дамытудағы
психикалық әрекеттің негізгі әдістерін қалыптастыру жолдарын қарастырған
ғалымдардың тұжырымдарына талдау жүргізіп, оны дамыту жолдарын
айқындаудың маңызы артады.
Оқу-тәрбие үдерісінің адамның осы аса маңызды қабілеттерін мұғалімдер
тасымалдаушы ретінде жүзеге асырып, оқушылар жалпы оқу әрекеті түрінде
меңгереді. Жалпыға бірдей оқу әрекетін, дүниені танып-білу мен дамыту
негізінде оқушы тұлғасын дамыту мектептегі білім берудің мақсаты мен негізгі
нәтижесі болып табылады. Осылайша даму педагогикалық үдерістің негізгі
сөзіне, оқытудың маңызды, терең ұғымына айналады.
Оқыту үдерісі белгілі бір жоспар бойынша ресми түрде ұйымдастырылып,
педагогтардың басшылығымен өтетін үдеріс. Оқыту мақсат қоюға байланысты
болғандықтан сапалы түрде іске асады. Бірақ, осыған қарап үйрену санасыз,
оқыту саналы түрде іске асады десек, қателескен болар едік. Себебі, оқыту
үдерісінде оқушының қабылдауы, мағлұматтарды есінде сақтауы саналы, кейде
санасыз іске асып, саналы және санасыз психикалық үдерістер алмасып
отырады. Осының нәтижесінде оқушы көпке дейін беріліп, шаршамай төзе
алады.
Оқытуды мектепке қарай бұрғанда, осының өзі екіжақты үдеріс:
- біріншіден, мұғалімнің оқушыға тапсырма беріп, соларды оқуға
жұмылдыруы;
ой
тіл
сөйлеу
38
- екіншіден, оқушылардың сол мазмұндарға түсініп, соларды ұғынып,
тапсырмаларды орындай алуға тырысуы. Осындай екі жақты қатынасты оқыту
деп атайды [108].
Олай болса, біз оқушының тілін дамыту мен ойын жетілдіру бағытындағы
пікірлер мен тұжырымдарға тоқталайық.
Ойлаудың даму мәселесін басқаларға қарағанда тереңірек зерттеген
Ж.Пиаже ойлауды дамыту теориясын ашты. Оның ойлауды дамыту теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |