«амалдық ойлау» деп аталды. Амалдық ойлау Пиаже бойынша: «ішкі әрекет,
сыртқы әрекет, объективті әрекеттің басқа әрекеттермен үйлестірілген бір
жүйеге айналуының өнімі, оның негізгі қасиеті қайтымдылық» [109].
Ж.Пиаже осы кезеңдерді енгізе отырып, бала мен ересек адамның
ойлауының айырмашылығын атап көрсетті. Дегенмен, ол адамның психикалық
дамуының бірлігін мәні бойынша бұзып, оларды бір-біріне қарсы қойды. Зерттеу
жұмысымызда біз үшін бұл кезеңдердің маңыздылығы айқындалды. 7-11
жастағы балалардың интеллектуалдық, икемділік, коммуникативтік жағынан
айналадағы дүниемен белсенді қарым-қатынасқа түсуге дайындау осы бастауыш
білім кезеңінің негізгі қызметі болып табылады. Кіші жастағы баланың ойлану
үдерісіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар.
Ойлау үдерісіне арнайы анықтама беріп, оны зерттеген ғалымдардың бірі
А.А.Люблинская оның мынадай ерекше кезеңдерін атап көрсетті: таңдану
реакциясы, бағдарлы-зерттеу рефлексі, таңдану сезімінің сөз, сұрақ формасына
айналуы (сурет 6).
Сурет 6 – Ойлау үдерісінің кезеңдері
А.А.Люблинская осы кезеңдерді белгілей келе, балалардың ойы мен тілін
дамытуда сұрақты дәл қоя білу бала ойы мен тілінің дамуында зор рөл
атқаратынына баса назар аударады. Ғалымның пайымдауынша, ойлау үдерісі
әлдебір жаңа, ерекше бірдеңеге таңдану реакциясынан басталады. Таңданудан
жоғары ұйымдасқан тірі ағзаларға тән бағдарлы-зерттеу рефлексі көрініс береді.
Таңдану сезімі сөз, сұрақ формасына айналады. Сол себепті, оқыту үдерісінде
сұрақты дәл қою маңызды, өйткені, ол баланы ойлануға мәжбүрлейді.
Сондықтан ойлау мен сөйлеу дағдыларын, танымдық қабілеттерін
қалыптастыруға ықпал ететін ойлауды дамытатын жақсы сұрақтарды өз
тәжірибесінде тиімді қолдану маңызды [90,б. 56].
Орыс психологиясының көрнекті өкілдерінің көптеген зерттеулері
П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин
бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлауын қалыптастыру мен
дамытудағы сәттілік пен жоғары нәтижелер тікелей байланысты деп айтуға
мүмкіндік береді. Нақтырақ тоқталсақ, кеңестік педагогикалық және жас
Достарыңызбен бөлісу: |