104
арқылы ой мен тілді дамыта оқытуда тірек ететін ұстанымдарымызды анықтау
білім мазмұнын, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін, оқытуды мақсатқа
сай ұйымдастырудың тиімді жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Теория мен практиканың байланыстылығы ұстанымы. Пәндерді
дамыта
оқыту үдерісін оқушының өмірлік қажетіне жарайтын әдіс-тәсілдер, машық-
дағдыларды игеру үдерісі етіп ұйымдастыруда осы үдерістің қажеті зор. Бұл
ұстанымның міндеті оқытуда оқушылар жалаң білім алып қана қоймай, сол алған
білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол үшін сабақта берілетін
теориялық білімді практикалық жұмыспен байланыстыру – сабаққа қойылатын
ең басты талаптардың бірі. Оқыту үдерісі білімді санаға берік қондыру және
тереңдету ісін теа практикамен тығыз байланыста және практика негізінде ғана
толық шешілу мүмкіндігін үнемі қарастырады. Мектептегі практикалық
сабақтардың көмегімен оқушылар телриялық қағидаларды,
заңдар мен
ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіншіліктерін
байқап көреді. Оқушының ойы мен тілін қалыптастыру мен дамытуға
негізделген оқыту үдерісі оқушыға өмір сүру белсенділігі мен таным әлеуетінің
дамуына жайлы жағдайлар жасауға тірек болады.
Оқу - танымдық қызметтің жүйелілігі ұстанымы. Дидактикалық
әдебиеттерде жүйелілік деп қандай да бір пәннің, не оның ішіндегі бір курстың
тұгастығы айтылады. Осыған қоса, жүйелілік деген ұғымға біздің тарапымыздан
оқушыда теориялық ойлауы дамуы үшін қалыптастырылатын машық-дағдылар
мен әдіс-тәсілдердің тұтастығы деген түсінік қосылады.
Бұл ұстанымдағы өзекті мәселе оқытылатын оқу материалын белгілі
реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір
оқушының саналы меңгеруін қарастырады. Әрбір сабақ барысында қойылған оқу
міндеттерін оқушылардың түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі
қабылдауын мақсат етіп көздейді. Аталмыш ұстаным оқытудың ғылымилығы
ұстанымымен тығыз байланыста болып, ғылыми білімдер негізін оқушылардың
жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың бүкіл
мазмұнының өзегі
болуы тиіс.
Оқу - танымдық қызметтің жүйелілігі ұстанымы Оқу материалының
ғылымилық ұстанымы. Оқыту үдерісінде оқушыларды ғылыми біліммен
қаруландыру – мектептің аса маңызды міндеті. Себебі, мектептегі оқыту, білім
беру негізі ғылыми жүйеде жасалған. Онда әрбәр ғылымның пайда болуы,
тарихи даму заңдылықтары түсіндіріледі. Сонымен бірге, ғылыми мысалдар,
фактілер тәжірибемен байланыстырылып қарастырылады.
Fылымилық ұстаным
– оқушының оқытуда ойлауы мен сөйлеу тілін қалыптастыру мен тұтас білім
мазмұнының дұрыс іріктелуі мен сұрыпталуына басшылық етеді.
Бұл ұстаным басқа ұстанымдардың ішінде жетекші рөл атқарады. Оның
негізгі талаптары:
- білім берудің мазмұны ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай болуы;
- заттар мен құбылыстардың
сыртқы көріністерін байқаудан, әріқарай
олардың өзара себептік-салдарлық байланыстарын алуға көшіп отыру,
105
ғылымдағы негізгі заңдылықтар мен басты идеяларды ұғынуға (түсінуге) баса
назар аудару;
- ғылымның тарихымен танысу;
- ғылымның әдістерімен таныстыру;
- мұғалімнің оқу материалын баяндау, әңгімелеу тәсілінің түсінікті болуы
[169].
Сонымен қатар, пәндерді оқытуды жаңа уақыт талабымен ұштастыру
мақсатында жаңа материалдар енгізу қажет екендігін де осы ұстаным
анықтайды.
Оқушыларың жас ерекшелігін, даму ерекшелігін ескеру ұстанымы. Оқу -
танымдық қызметтің ерекшелігі тіл оқушының отырған субъектінің сәт сайын
танып , соған лайық сәт сайын ой-санасы дамып отыратындығымен танылады.
Өйткені, сабаққа кірген оқушы мен сабақта болып шыққан оқушыны бірдей деп
айтуға болмайды. Әрбір берілген ұғым мен оның мазмұнын құрайтын білімдік
ақпарат – оқушының ой-санасын өзгертуші, дамытушы құрал. Бірақ, танымдық
негіздері туралы бөлімде айтканымыздай, оқушылардың даму барысына көп
сүйеніп, эксперименттер жасай беруге, білім мазмұнын жөнсіз көбейтуге немесе
күрделендіруге болмайды. Оқушының даму ерекшелігін оның жас
ерекшелігімен байланыстыра қарау қағидасы бұл тұста басшылық етеді.
Демонстрациялық ұстаным. Оқушылардың дүниетанымы негізінен
көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Ол
заттардың өзін немесе бейнесін,
көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Ал демонстрациялау
ұстанымының
міндеті – заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың
бейнелерін, көлемін, түр-түстерін демонстрациялау арқылы жеткізу.
Бастауыштағы негізгі пәндерді оқыту барысында оқушылардың ойы мен тілін
дамытуға қызмет ететін көрнекіліктердің үйлесімді қолданылуы – оқушының
оқу-танымдық қызмет белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеуіне жасалған игі
мүмкіндік. Жалпы алғанда
оқыту үдерісінде демонстрациялар өтіліп жатқан
тақырыпқа сай бір үдерістің өн бойында бірінен-бірі туындап жататындай күйде
орайласа орналасуы, қолданылуы керек.
Жоғарыда аталған әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдарға сүйене отырып,
оқыту үдерісінде ЛАТ арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін
дамыта оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз (сурет 33).