97
Болжам - ойлану үдерісінің аса маңызды және шарықтау шегі болып келеді.
Сондықтан оқушылардың танымдық қабілеттерін
қалыптастыруда оларға
болжам жасай білуге баулудың да рөлі үлкен болып табылады. Мәселе
балалардың қандай болжам жасағанында емес,
олардың болжамды қалай
жасайтынына ерекше қарау керек.
Әрине, оқушылар үшін ғылыми болжам жасау оңай емес. Дегенмен,
оқушылардың логикалық ойлауын ойдағыдай дамыту үшін оларды шешуде
мектеп оқушылары
мәселелік жағдаяттармен кездесетін және оларды шешетін
міндеттер жүйесі қажет.
Мәселелік жағдаяттар жүйесін құру үшін
келесілерді қарастыратын
боламыз:
1) мәселелік жағдаяттар жүйесі барлық зерттелген тақырыпты қамтып
отыруы керек;
2) белгісіз ретінде әр мәселелік жағдайда тек бір ғана ассимиляцияланған
қатынас әрекет етуі керек;
3) әселелік жағдаяттар жүйесінде тақырыпты меңгерудің әр түрлі
кезеңдерінде түрлі мәселелік жағдайлар әр түрлі
дидактикалық қызметтерді
атқаруы керек;
4) мәселелік жағдайлар әр оқушының оқу процесінде жүзеге асыруы тиіс
дәйекті қадамдарды құруы керек;
5) мәселелік жағдаяттар жүйесін дамыта отырып, алдымен үйренуге тиісті
білім мен іс-әрекеттің негізгі бірліктерін анықтап, оларды жалпылау дәрежесін
және оңтайлы дәйектілігін анықтау қажет.
Ойлауда қарым-қайшылықтың пайда болуы – мәселенің тууына жағдай
жасайды, затты не құбылысты дербес алып қарауға мүмкіндік береді. Ойлауда
диалектикалық қайшылықтың болуы оқушының
өз бетінше жұмыс істеуіне
түрткі болып, содан барып шешуді керек ететін мәселе туады. Сөйтіп білетін мен
білмейтіннің арасында қайшылықтар туындайды да, сол мезетте дайын тәсіл
болмағандықтан,
өзекті мәселе туындайды, сөйтіп оқушының ізденімпаздық
әрекеті мен ынтасы арта түседі. Сонымен бірге мұғалім шәкірт ойлануындағы
дара айырмашылықтарды да, яғни олардың ой тәсілдерінің (талдау, жинақтау,
салыстыру, жалпылау, жүйелеу, т.б.) түрліше болатындығын да есте ұстауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: