107
Бұл модель құрылымы келесі құрамдас бөліктерден тұрады
: мотивациялық-
мақсаттылық компонент, мазмұндық-іс-әрекеттік компонент, бағалаушылық-
рефлексиялық компонент (кесте 7).
Кесте 7 – ЛАТ арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілінің
дамуының өлшемдері мен көрсеткіштері
Компонент
Өлшемдері
Көрсеткіштері
Мотивациялық-
мақсаттылық
Логикалық амал-
тәсілдер арқылы
білімдерін
арттыруға
мотивациялық-
құндылық
қатынасы
-
ойлау
амалдарына
негізделген
танымдық
тапсырмаларды орындауға деген қызығушылығының
болуы;
- логикалық амал-тәсілдерді жүзеге асыру арқылы
ұғымдардың белгілерін ажырату мен ой қорытынды
жасауға талпынысының болуы;
- логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін
дамытуға ұмтылысының болуы.
Мазмұндық-іс-
әрекеттік
Логикалық амал-
тәсілдер туралы
білімдерінің
болуы
- логикалық амалдар арқылы іс-әрекет орындаудағы
білімі;
- шапшаң ойлау, мәселелерді әртүрлі
тұрғыдан
қарастыру, түрлі пікірлердің күшті және әлсіз
тұстарын бағалай алу білігі;
- логикалық амалдарды қолдану арқылы логикалық
байланыстар орнатып, түрлі әрекет тәсілдерін білу
белсенділігі.
Бағалаушылық-
рефлексивті
Логикалық амал-
тәсілдерді
қолдану
нәтижесінде ойы
мен тілінің
дамуы
- логикалық білім алуда тәуелсіз және икемді болуы;
- логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы өзінің
танымдық-логикалық
қызығушылығы арқылы қол
жеткен нәтижені өзіндік бағалау қабілеті;
- ойлау мен сөйлеу шеберлігінің жоғары деңгейімен
немесе өте күшті дамуымен байланысты логикалық
білімінің нәтижесіне өзіндік талдау жасау іскерлігі.
Бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту моделінің
бірінші компоненті мотив тудыру, мақсат қоюмен байланысты.
Мотивациялық-мақсаттылық
компонент
бастауыш
мектеп
оқушыларының ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларға жағымды қарым-
қатынасымен анықталады. Белгіленген компоненттік көрсеткіштері мыналар:
ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды орындауға деген қажеттілік; ЛАТ
арқылы орындалатын тапсырмалардың ой мен
тілді дамытудағы маңызын
түсінуі; ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды орындауға деген талпынысы.
Мазмұндық-іс-әрекеттік
компонент
ЛАТ
арқылы
орындалатын
тапсырмалар бойынша білімдерінің жүйелілігі мен көлемділігінің бірлігінен
құралады. Белгіленген компоненттің көрсеткіштері: ЛАТ арқылы орындалатын
тапсырмалардың мазмұнын түсінуі, бір-бірінен ажырата алуы, сипаттама бере
білуі; ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмалар
арқылы ұғымдарының
қалыптасуы.
108
Бағалаушылық-рефлексивті компоненті
ЛАТ-ді қолданып орындалатын
тапсырмалар арқылы ақыл-ойдың негізгі сапа-қасиеттерінің қалыптасу деңгейін
көрсетеді. Бұл компоненттің көрсеткіштері: ЛАТ арқылы орындалатын
тапсырмалар арқылы танымдық үдерістерінде интеллектуалдық дағды,
іскерліктерінің қалыптасуынан тұрады. Бұл компоненттің көрсеткіштері: ЛАТ
арқылы орындалатын тапсырмалардың шығару жолдарын меңгеруі; ЛАТ
арқылы орындалатын тапсырмалардың
мазмұнын өзгеге жеткізе білуі; ЛАТ
арқылы орындалатын тапсырмалардың интеллектуалдық құндылығына баға
бере білуі.
Сонымен қатар, ЛАТ-ді қолданып орындалатын тапсырмалар арқылы
бастауыш мектеп оқушыларының ақыл-ойы мен тілінің даму деңгейі
анықталған. Ең алдымен мотивациялық-мақсаттылық компоненттің деңгейлерін
анықтадық.
Жоғары деңгей: ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларға қызығушылығы
байқалады, ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларға деген қажеттілігі
қалыптасқан, ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмалардың
ақыл-ой мен тілді
дамытудағы маңызын саналы түрде түсінеді, ЛАТ арқылы орындалатын
тапсырмаларды орындауға талпынысы жоғары.
Орташа деңгей: ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды орындауға
деген қызығушылығы кейде байқалады, ЛАТ арқылы орындалатын
тапсырмаларды орындауға
деген қызығушылығы ішінара, ЛАТ арқылы
орындалатын тапсырмалардың ақыл-ой мен тілді дамытудағы маңызын түсінеді,
ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды орындауға талпынады.
Төменгі деңгей: ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды орындауға
қызығушылығы жоқ, ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды қажетсінбейді,
ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмалардың ақыл-ой мен тілін дамытудағы
маңызын түсінбейді, ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды орындауға
талпынбайды.
Мазмұндық-іс-әрекеттік компонент
бойынша жоғары деңгейдің
Достарыңызбен бөлісу: