98
шекарамызды кеңейтеді. Себебі, ойлауда қабылдауда берілмеген нәрсені ой
қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкіндік беретін қасиет болады.
Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей
түседі. Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерін
көбіне ретсіз кездейсоқ түрде бейнелендіреді. Ал ойлау адамға заттар мен
құбылыстардың қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын салыстырып,
ажыратуға, олардың сезімдік түрде берілген қасиеттерін, жаңа қатынастары мен
қырларын ашады. Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді
өңдейді. Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы
ауысу ерекше психикалық үдеріс – ойлау негізінде жүзеге асады.
Бастауыш мектеп оқушысының шығармашылық
өзін-өзі дамытуы
оқушының өзіндік тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне негізделген өнімді іс-әрекет
нәтижесінде ғана табысты болады. Бастауыш сынып оқушыларының ойы мен
тілін дамыту оқушыларға талдауға, жинақтауға, алған білімдерін түрлі мәселелік
жағдайларды шешуге, тапсырмалар мен есептерді орындауда қолдануға
көмектеседі. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының жаңа сұрақтар
қою, сол арқылы
пайым мен ой қорытынды жасау, әр түрлі дәлелдер келтіру
қабілеттерін дамытады.
Бастауыш мектептегі пәндерден берілетін білімдер мен біліктердің бүгінгі
күні беріліп отырған жүйесі оқушының шығармашылық, практикалық,
зерттеушілік шеберліктерін жетілдіретін, себеп-салдарлық байланыстар мен
ұғымдарды қалыптастыруға болатын және соның негізінде пайымдау арқылы ой
қорытындылайтын білім мазмұнынан тұрады.
Зерттеу жұмысымыздың эмпирикалық бөлігінде
алдыңғы мақсатымыз
болып ЛАТ арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта
оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жүзеге асыру, яғни зерттеп отырған
нысандарымыздың құрамды білімі мен ішкі байланыстарын ашуға қажетті
жағдай жобалап, оны педагогикады қолдану міндеті туындады.
Мұнда мәселенің өзектілігіне байланысты жұмысымыздың келесі кезеңінде
алдымызға ЛАТ арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта
оқытудың ерекшеліктерін анықтау мақсатын қоямыз.
Бұл кезең мына мақсаттарды қарастырады:
а) ЛАТ арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта
оқытудың моделін жобалаудың ғылыми-теориялық ұстанымдарын анықтау;
б) ЛАТ арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта
оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделін негіздеу.
В.А. Штофф еңбегінде модельге:
«модель – өлшем, норма, үлгі: зерттеу
нысанының белгілі жақтарын, байланысын, қызметін жаңғыртатын элементтер
жүйесі» - деп анықтама береді. Ал француз тілінен аударғанда «модель» сөзі –
белгілі бір зерттелген нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде
жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы т.б.). Модельдеу ғылыми
танымның
зерттеу нысандарын, олардың модельдерін жасап, танып-білу әдісі.
Демек, модельдеу педагогикада қолданылатын білім теориясының категориясы
болып табылады [162]. Модельдеу идеясы ғылыми зерттеудің теориялық және
99
тәжірибелік әдістеріне негізделеді.
ЛАТ арқылы бастауыш мектеп
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуды теориялық модельдеу оны
ғылыми басқару объектісіне айналдырады.
Философияда сөздікте модельдеу - «объектінің сипаттамаларын зерттеуі
үшін арнайы құрылады» деп түсіндірілсе [163], психологияда модельдеу – бұл
ақыл-ойдың тиімді формасы. Осыған ұқсас пікірді Л.Л.Венгер де берген.
Ғалымның пікірінше, модельді қолдану – бұл ойлаудың ерекше әдісі [164].
Модельдеу ғылыми зерттеу әдістерінің бірі бола отырып,
педагогикада
кеңінен қолданылады. Модельдеу әдісі интегративті болып табылады, ол
педагогикалық зерттеулерде эмпирикалық және теориялық біріктіруге мүмкіндік
береді. Демек, педагогикалық объектіні оқу барысында тәжірибелік логикалық
құрылымдар мен ғылыми абстракцияларды құрумен біріктіру. Модельдеу
әдісінің негізгі түсінігі модель болып табылады. Модель - зерттелетін объектіге
(немесе құбылысқа) ұқсас бола отырып, құрылымы мен қасиеттерін диаграмма,
физикалық құрылымдар, символдық формалар немесе формулалар түріндегі
жасанды түрдегі объект және осы объект арасындағы қатынастар. Бастауыш
мектеп пәндерін оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ойы мен
тілін дамыта оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделінің әдістемелік негізі:
- Философиялық негіздер: танымдық үдерістің диалектикасы – дерексізден
нақтыға
көтерілу ұстанымдары, логикалық және тарихилық бірлігі,
қарастырудың объективтілігі мен жан-жақтылығы, талдау мен синтездің бірлігі,
қалып пен мазмұн бірлігін;
- Психологиялық-педагогикалық негіздер: оқу әрекетінің психологиялық
теориялары, дамыта оқыту теориясын қарастырады.
Жүргізілген зерттеулер бастауыш мектеп оқушыларының ой мен тілін
дамыта оқытуда оқушыға ықпал ететін мына педагогикалық шарттарды белгілеп
алуға мұмкіндік берді:
1. Оқушыларға өз-өзіне сенімділік қалыптастыру;
2. Оның пікірінің маңыздылығын айқындап отыру (ол өз кезегінде оқушыға
ойын жүйелеп, жинақтап барып айтуға мүмкіндік береді);
3. Өзгелердің пікіріне құрметпен қарауға дағдыландыру;
4. Оқу үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал жасау.
Ал оқушылар сәйкесінше:
1. Бойындағы сенімділікті дамыту;
2. Өз пікірінің маңыздылығын түсініп, негізсіз, дәлелсіз пайым мен
пікірлерден аулақ болу;
3. Әртүрлі пікірлерді құрметпен тыңдау.
Бастауыш мектептегі пәндерді оқытуда оқушылардың ойы мен тілін дамыту
барлық пәннің негізі екенін және әр пәннің тұрақты
құрамдас бөлігі ретінде
қажет екенін атап өткен жөн.
Бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуда логика
элементтерін қолданудың мәні оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына
қолайлы жағдай жасау болып табылады. Бұл педагогикалық тәжірибе
Л.С.Выготский, Ж.Пиаженің ақыл-ойды дамыту теорияларының идеяларына
100
негізделген.
Зерттеу
барысында
жүргізілген
философиялық
және
педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау нәтижесінде теориялық
жоба түсінігінде қалыптасқан модель тәжірибелік жүйенің нақты бейнесі болып
табылатындығына көз жеткіздік.
Құрылымдық-мазмұндық модель ЛАТ арқылы бастауыш мектеп
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту мақсаттарын көздейді. Модельді
әзірлеу кезінде бірқатар ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемелік
теориялар ережелерін негізге алдық.
Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, С.Л. Рубинштейн және А.Н. Леонтьевтің
тұлғаның іс-әрекеттік теориясына сүйенсек, модель:
Достарыңызбен бөлісу: