Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет19/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Цифрлық құзыреттілік дегеніміз – адамның деректерді өңдеу, жеткізу және сақтау, 
сондай-ақ өмірдің әртүрлі салаларындағы міндеттерді шешу және мақсаттарға жету 
үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану қабілетін көрсе-
тетін құзыреттілік. Оған мынадай қабілеттер жатады: электрондық құжаттармен және 
дерекқорлармен жұмыс істей білу, мәтіндер, графика және дыбыс жазу, оны өңдеу үшін 
программалық жасақтаманы пайдалана алу қабілеті, сондай-ақ ақпарат іздеу, коммуника-
ция және бірлесіп жұмыс істеу үшін желілік технологиялармен жұмыс істеп, интернетті 
пайдалана білу қабілеті. Сонымен қатар бұл құзыреттілікке цифрлық технологиялар 
арқылы алынған ақпаратты бағалау және талдау, оны өз жұмысында пайдалану қабілеті 
де жатады.
-
Қолданбалы құзыреттілік дегеніміз – адамның жұмысына, тұрмыстық жағдайларына, 
оқуына және өмірдегі басқа да салаларына қатысты күнделікті практикалық жағдаяттарда 
білімін, дағдылары мен білігін қолдану қабілетін көрсететін құзыреттілік. Басқаша айт-
қан да, бұл проблемаларды шеше білу, өнімді жобалап, жасап шығару, эксперименттер 
жүргізу, сонымен бірге өз жұмысында құралдарды, техниканы және технологияларды 
пайдалану қабілеті. Сонымен қатар, бұл құзыреттілікке өз жұмысы мен оның өнімділігін 
бағалап, жетілдіру қабілеті және команда мүшелерімен ынтымақтаса жұмыс істей білу 
қабілеті де жатады.
-
«Эко‑Мен» дегеніміз – адам мен қоршаған орта арасындағы байланысты түсініп, та-
биғи ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау үшін жауапкершілікті сезіну 
қабілетін көрсететін құзыреттілік. Бұған экожүйелер мен қоршаған орта проблемалары 
туралы білім, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланып, қоршаған ортаға тигізер әсерін 
азайтуға бағытталған шешім қабылдай алу білігі, сондай-ақ өз жұмысында экологиялық 
таза технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдана білу дағдысы да жатады. Сонымен бірге 
«Эко-Мен» негізгі құзыреттілігі тұрақты даму қағидаттарына сәйкес әрекет етуді және 
экологиялық бастамаларды насихаттап, қолдау мүмкіндіктерін пайдалану қабілетін де 
білдіреді.
-
Қарекетшілдік – адамның бастамашыл, іскер және өмірдің әртүрлі салаларында әрекет 
етуге дайын болу қабілетін көрсететін құзыреттілік. Басқаша айтқанда, алмағайып 
кезеңде көш бастау, өзгеріске толы жағдайда шешім қабылдап, әрекет ету, сондай-ақ 
мақсат қойып, оған жету үшін жұмыс істеу дегенді білдіреді. Қарекетшілдікке шығар-
машылық тұрғыдан ойлау, бастамашылдық пен бейімделу қабілеті, сонымен бірге 
ықтимал проблемаларды алдын ала болжап, оларды шешуде бір қадам алда жүру 
қабілеті жатады.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет