17 |
істеу, электрондық пошта, әлеуметтік желі және басқа құралдар арқылы белсенді қа-
рым-қатынас жасау және әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты сыни тұрғыдан
бағалау және пайдалану қабілеті жатады.
-
Алғашқы көмек көрсету дегеніміз – адам өмірін құтқару, төтенше жағдай кезінде
аурудың асқынуының алдын алу, сондай-ақ ауыр жағдайда зардап шеккен адамның
денсаулығы мен өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтуға қатысты шұғыл және кешенді
шараларды қолдана білу қабілеті. Бұл шараларды медициналық қызметкерлер келгенге
дейін оқиға орнында зардап шеккен адамның өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын
маңдағы басқа адам (өзара көмек) жасайды.
-
Музыкалық аспаптарда ойнау/драма/би – берілген композицияға, режиссерлік ди-
зайнға немесе техникаға сәйкес музыкалық дыбыстарды, драмалық рөлдерді немесе би
қимылдарын жасау үшін денені, дауысты немесе құралдарды пайдалану мүмкіндігі. Бұл
дағдылар адамнан шығармашылық ойлауды, икемді әрі әсем қимыл-қозғалыс машықта-
рын
меңгеруді және музыкалық, драмалық немесе би түрлерін түсінуді талап етеді.
-
Қолөнер дегеніміз – белгілі бір құралдар және әдістер көмегімен, көбінесе қол еңбегімен
және дәстүрлі қолөнермен (тоқу, кесте тігу, керамика, ағаш өңдеу және т. б.) байла ныс-
ты қолөнер бұйымдарын жасау қабілеті. Қазіргі кезде бұл салада әртүрлі өнімдер мен
жобаларды жасау үшін компьютерлік бағдарламалар мен цифрлық технологияларды
пайдаланылады. Қолөнер дағдылары өз болмысыңды танытуда, жүйкені тыныштанды-
ру мен демалуда, шығармашылықпен айналысуда және бірегей қолөнер бұйымдарын
жасауда маңызды.
-
Достарыңызбен бөлісу: