Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет18/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Спортпен шұғылдану – денені шынықтырып, денсаулықты нығайту және спорттық 
нәтижелерге қол жеткізу мақсатында дене шынықтыру жаттығуларымен және спорттық 
іс-шаралармен дұрыс және тиімді айналыса білу. Бұл дағды таңдап алынған спорт түрінің 
ережелері мен техникасын меңгеруді, сондай-ақ командада жұмыс істеуді, спорттық 
ортада тәртіп пен мінез-құлық этикасын сақтауды талап етеді.
-
Тиімді тұтыну дегеніміз – қоршаған ортаға және қоғамға зиян келтірмейтін тауарлар 
мен қызметтерді олардың шығу тегін, сапасын, қаптамасын, пайдалану тәсілін, сон-
дай-ақ олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, саналы түрде таңдау 
мүмкіндігі. Бұл дағдыға қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, ресурстарды 
үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау әдеті де жатады.
5.7. Белгіленген құндылықтар, білім, сауаттылық түрлері мен дағдыларды жұмылдыратын негізгі 
құзыреттіліктер аясында Зияткерлік мектептердің мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл, 
сондай-ақ төменде көрсетілген 
негізгі құзыреттіліктерге ие тұлғаның үйлесімді қалыптасуы 
мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін құру:
-
Таным дегеніміз – адамның тиімді түрде білім ала білуін, жаңа білім мен дағдыларды 
игеріп, оларды өмірдің әртүрлі салаларында қолдана білуін, сондай-ақ дүниені тану 
үдерісіне сын көзбен қарап, өзінің танымдық қабілеттерін саналы түрде дамыту дағ-
дысын көрсететін құзыреттілік. Ол мынадай қабілеттерді қамтиды: ақпаратты талдай 
білу, оқытудың әртүрлі әдістері мен стратегияларын қолдану, креативті, аналитикалық 
және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ білім алу және өзін жетілдіру үдерісін 
жақсарту мақсатында өз білімі мен тәжірибесіне рефлексия жасай білу қабілеті.
-
Өзін‑өзі реттеу дегеніміз – адамның әртүрлі жағдайларда өз эмоциясы, ойлары мен 
әрекеттеріне ие болып, өзін ұстай білу қабілетін көрсететін құзыреттілік. Ол өз эмоция-
сын ұстай білу, дәйекті шешім қабылдау және мақсат пен міндеттерге сай әрекет ете 
білу қабілетін білдіреді. Сонымен қатар өзін-өзі реттеуге өз уақыты мен мүмкіндіктерін 
тиімді қолдана білу, өзгерістер мен стрестік жағдайларға бейімделе алу қабілеті де 
жатады.


| 18
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет