Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Әлеуметтік өзара әрекеттесу



Pdf көрінісі
бет20/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Әлеуметтік өзара әрекеттесу дегеніміз – адамның тиімді қарым-қатынас жасау, ын-
тымақтасып, ұжымда жұмыс істей алу қабілетін көрсететін құзыреттілік. Оған басқа 
адамдарды тыңдай және түсіне алу қабілеті, сонымен бірге серіктестік орнатып, қақ ты-
ғыс тар ды шешіп, мәмілеге келу білігі кіреді. Бұл құзыреттілікке сонымен қатар мәде-
ниет ара лық ортада жұмыс істей білуді, адамдардың ұлттық және нәсілдік ерекшеліктерін 
құрметтеуі мен сенімді қарым-қатынас құруға ұмтылу қасиеті де жатады. Бұл әртүрлі 
адамдар тобымен, оның ішінде балалармен, жасөспірімдермен, ересектер және қарттар-
мен жұмыс істеуді, сондай-ақ түрлі әлеуметтік және экономикалық топтарға жататын 
адамдармен қарым-қатынас жасауды білдіреді.
-
Түрлендіру құзыреттілігі дегеніміз – адамның жаңа құндылықтар мен идеяларды 
ұсыну қабілеті, өз әрекеттері мен қабылдаған шешімдері үшін мойнына жауапкершілік 
алу, қақтығыстарды оңтайлы реттеп, күрделі мәселелердің шешімін таба алу дағды-
сы. Сонымен бірге оған қолданыстағы үдерістер мен жүйелерді талдау және бағалау 
қабілеті, олардағы қиындықтар мен кемшіліктерді анықтау, оларды жақсарту үшін 
жаңа тәсілдер мен шешімдерді ұсыну және енгізе білу білігі жатады. Бұл құзырет-
тілік командада жұмыс істей білуді, әртүрлі тараптардың мүдделері мен қажеттілік-


19 |
терін ескеруді, сонымен қатар тараптарға құрмет көрсете отырып, ымыраға келтіру, 
қақтығыстарды шеше білу білігін қамтиды. Сондай-ақ осы құзыреттілік шеңберінде 
әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілерді және олардың болашақ 
ұрпақ үшін салдарын ескере отырып, біртұтас тәсілдеме негізінде күрделі шешімдер 
қабылдай білу маңызды.
-
Жаһандық құзыреттілік адамның мәдениетаралық және жаһандық ортада қарым-қаты-
нас жасай алу қабілетін, сондай-ақ жаһандық мәселелерді түсіну және бағалау, тұрақты 
даму мен ұжым игілігіне ықпал ететін шешімдерді табу білігін танытады. Сонымен бірге 
бұл құзыреттілікке әртүрлі елдер мен мәдениет өкілдерімен оңтайлы қарым-қатынас 
жасау, олардың мәдени дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен нанымдарын түсіну және құр-
меттеу, келісімге қол жеткізу және қақтығысты шешу үшін мәдениетаралық дағдыларды 
пайдалану білігі де жатады. Жаһандық құзыреттілік жаһандық және мәдениетаралық 
ортада әрекет ету қабілетін, әлемнің әртүрлі өңірлері арасындағы өзара байланыс пен 
тәуелділікті түсіну дағдысын, сондай-ақ тұрақты дамушы және әділ әлемдік қоғамдастық 
құру үшін әрекет ету білігін білдіреді.
Бұл өзекті құзіреттер Зияткерлік мектептер түлектеріне өз бойларында жалпыадамзаттық 
және этномәдени құндылықтарды сіңіруге, кез келген өмірлік жағдайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет