Негізгі мектеп
7.8.2.1. «Жаратылыстану» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
әлемнің қазіргі жаратылыстану-ғылыми бейнесі және жаратылыстану ғылымдарында
қолданылатын әдістер туралы біледі;
-
қоршаған әлемнің алуантүрлілігі мен біртұтастығын, табиғи құбылыстар мен үдеріс тер-
дің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен
үдерістердің себептерін; табиғаттағы нысандар мен үдерістердің әртүрлілігін жүйелеу
| 44
мүмкіндігін; жаратылыстану-ғылыми білімнің адам қызметінің көптеген түрлері үшін
маңыздылығын; сындарлы шешім қабылдау үшін қоршаған ортадағы өзгерістердің өзара
байланысын, адамның іс-әрекетінің экожүйеге әсерін түсінеді;
-
тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған әлем құбылыстарын түсіндіру, заманауи
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау
үшін жаратылыстану-ғылыми білімін күнделікті өмірде қолданады; жанды және жан-
сыз табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын,
адамның әрекетінің қоршаған ортаға әсерін ашатын қарапайым эксперименттер мен
бақылаулар жүргізеді;
-
әртүрлі формада берілген деректерді талдайды, түсіндіреді және ажыратады; мұғалімнің
басшылығымен бақылауды немесе зерттеуді жоспарлайды және жүргізеді; алға қойылған
мақсатты ескере отырып проблеманы, гипотезаны тұжырымдайды, міндеттер қояды,
оларды шешудің қолайлы әдістерін таңдайды, қорытынды шығарады; нәтижелерін
көпшілік алдында ұсынады;
-
эксперимент, зерттеу жүргізу әдістерін бағалайды және таңдауын негіздейді; үдерістің
немесе құбылыстың барысы туралы болжамдарын негіздейді;
-
зерттеу қорытындысын тұжырымдайды және зерттеу нәтижелерін әртүрлі формада
ұсынады; тірі жүйелердің құрылысын, жанды табиғат құбылыстары мен үдерістерін
түсіндіру үшін сөздік және графикалық модельдер жасайды.
7.8.2.2. «Биология» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
тірі жүйелердің негізгі функционалдық, морфологиялық және физиологиялық ерекшелік-
терін; органикалық дүние жүйесіндегі ағзалардың негізгі топтарын; тіршіліктің негізгі
құрылымдық деңгейлерінің негізгі заңдылықтарын, жанды табиғат нысандарының,
құбылыстарының, үдерістерінің қызметін, органикалық дүниенің жансыз табиғатпен
бірлікте эволюциялық дамуының негізгі қағидаттарын біледі;
-
әлемнің қазіргі жаратылыстану-ғылыми бейнесін қалыптастырудағы биологияның рөлін;
жанды табиғатқа, қоршаған ортаға және өз ағзасына құндылық ретінде қарау маңызын
түсінеді; биологияның ұғымдық аппараты мен ғылыми тілін; бақыланатын био логия лық
нысандарды, құбылыстар мен үдерістерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру үшін оқып білген
терминологияны, ұғымдарды, теорияларды, заңдар мен заңдылықтарды түсінеді;
-
биологиялық зерттеулер жүргізу кезінде ғылыми тәсілдемені қолданады; ғылыми зерттеу
кезеңдерін сақтайды; тірі нысандарды, биологиялық құбылыстар мен үдерістерді зерт-
теу мақсатында әртүрлі зерттеу әдістерін (бақылау, сипаттау, аналогтық және цифрлық
құрылғылар мен құралдарды қолдана отырып, қарапайым биологиялық тәжірибелер
мен эксперименттер жүргізу) қолданады;
-
әртүрлі формада берілген ғылыми деректерді талдайды, түсіндіреді және ажыратады;
зерттеуден тиісті қорытынды шығарады; зерттеу нәтижелерін әртүрлі формада ұсынады;
мұғалімнің басшылығымен биология саласында зерттеу немесе жобалық жұмыстарды
жоспарлайды және жүргізеді; алға қойылған мақсатты ескере отырып, проблеманы, ги-
потезаны тұжырымдайды, міндеттер қояды, оларды шешудің тиімді әдістерін таңдайды,
қорытынды жасайды; алынған нәтижелерді көпшілік алдында ұсынады;
-
эксперименттер, зерттеулер жүргізу әдістерін бағалайды және өз таңдауын негіздей-
ді; үдерістің немесе құбылыстың барысы туралы болжамдарын; ғылыми деректердiң
сенiмдiлiгi, дұрыстығы мен дәлелдiлiгiн және оларды түсiндiрудiң дұрыстығын арттыру
жолдарын бағалайды;
-
биологиялық тұжырымдар мен идеяларды түсіндіреді және біріктіреді; биологиялық
білімді басқа оқу пәндерінде меңгерген біліммен кіріктіреді; жанды табиғат құбылыста-
ры мен үдерістерінің, тірі жүйелердің құрылысын түсіндіру үшін сөздік және графика-
45 |
лық модельдер жасайды және қолданады; оқу міндеттері мен биологиялық сұрақтарды
құрастырады, себеп-салдарлық байланыстарды анықтайды, есептеулер жүргізеді және
алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.
7.8.2.3. «Физика» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
физиканың негізгі ұғымдарын; негізгі және туынды физикалық шамалар мен олардың
өлшем бірліктерін; физикалық құбылыстарды зерттеудің негізгі әдістерін; физикалық
эксперимент деректерін жинау және өңдеу әдістерін; электр тізбегі элементтерінің
шартты белгілерін; физикалық шаманың орташа мәнін анықтау жолдарын; физикалық
өлшемдердің қателігін анықтау әдістерін; физикалық эксперимент жүргізу кезіндегі
қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі;
-
физиканың академиялық тілін; физикалық шамалардың мәндерін стандартты түрде
жазу тәсілін; физикалық шамалардың өзара тәуелділігін математикалық формулалар
түрінде өрнектеу жолын; физикалық терминдерді пайдалана отырып, негізгі физикалық
заңдардың тұжырымдарын түсінеді;
-
практикалық есептерді шығару, физикалық құбылыстарды және өлшеу құралдарының
жұмыс қағидатын түсіндіру үшін физика заңдары туралы білімін; физикалық шама-
лардың өзара тәуелділігін анықтау үшін функциялардың графиктері мен қасиеттерін;
физикалық құбылыстарды сипаттау үшін физикалық денелердің негізгі сипаттамаларын;
эксперимент жүргізу үшін өлшеу құралдары мен жабдықтарын қолданады;
-
физикалық үдерістердің заңдылықтарын талдайды; физикалық шамалардың өзара
тәуел ді лі гін; ізделіп отырған шаманы табу әдістерін анықтау үшін мәтіндік есептердің
шарттарын; табиғи құбылыстары мен демонстрациялық эксперименттерді бақылау
деректерін; графиктер, кестелер, диаграммалар және әртүрлі сызбалар түрінде берілген
физикалық шамаларды өлшеу нәтижелерін; эксперимент нәтижелеріндегі қателіктердің
себептерін талдайды;
-
есептеу нәтижелерін тапсырма контексінде, сондай-ақ шындыққа ұқсас екенін; экспери-
мент барысында физикалық шамаларды өлшеу нәтижелерін; шамалардың жуық мәндерін
және оларды мәнді цифрларды ескере отырып, стандартты түрде тіркеуді; әртүрлі зерттеу
әдістерін, түрлі өлшеу құралдарын қолданудың кемшіліктері мен артықшылықтарын
бағалайды;
-
физикалық эксперимент жүргізу жоспарын; зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау
нәтижелері бойынша қорытынды; математикалық түрлендірулерді қолданып есептерді
шығару әдістерін; эксперимент нәтижелерін жақсарту жолдарын; өлшеу құралдарының
қателігін азайту жолдарын жасайды.
7.8.2.4. «Химия» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
атомдық/молекулалық деңгейде заттардың құрылысын, қасиеттерін, түрленуін және
олардың өзара байланысын; химиялық реакциялардың негізгі түрлері мен олардың жүру
белгілерін; бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын және олардың қасиеттерін;
ерітінділердің құрамын, электролиттік диссоциацияны; химиялық реакциялардың жүру
заңдылықтарын, химиялық байланысты, периодтық заң мен химиялық элементтердің
периодтық жүйесін; маңызды металдар мен бейметалдарды; бейорганикалық қосы-
лыс тар ды анықтау ерекшеліктерін, органикалық қосылыстардың маңызды кластарын;
Қазақстандағы маңызды химиялық өндірістерді; экологиялық проблемаларды және
оларды шешу жолдарын біледі;
-
негізгі заңдар мен заңдылықтардың мәнін; әлі зерттелмеген химиялық үдерістердің
нәтижелерін болжау үшін химиялық құбылыстар мен үдерістердің жүруін; химиялық
реакциялардың уақыт бойынша жүру заңдылықтарын, осы заңдылықтардың сыртқы
| 46
жағдайларға тәуелділігін; металдар мен бейметалдардың айырмашылығын; иондық,
химиялық, металдық байланыс түрлерінің қасиеттерін; элементтердің қасиеттерінің
период және топ бойынша өзгеру тенденцияларын; сұйылтылған қышқылдардың
қасиеттері мен қолданылу саласын; органикалық және бейорганикалық заттар
кластарының айырмашылығын; маңызды химиялық қосылыстардың өнеркәсіптік
өндірісінің негізгі қағидаларын және олардың негізінде жатқан химиялық қағида-
ларды түсінеді;
-
химиялық қосылыстардың формулаларын, реакция теңдеулерін дұрыс жазу; негізгі
стехиометриялық заңдар туралы білімін әртүрлі есептерді шығару үшін; дәлдік пен
қауіпсіздікті ескере отырып, тиісті эксперименттік процедураларды, жабдықтар мен
материалдарды таңдап, зерттеу жүргізу үшін білімі мен дағдыларын; эксперименттерді
жоспарлаудың ғылыми әдістері мен тәсілдерін қолданады;
-
заттардың қасиеттерінің сапалық әрі сандық құрамға және оның құрылысына тәуелділі-
гін; заттардың қасиеттері мен қолданылуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды;
тотығу және тотықсыздану үдерістері тұрғысынан электродтарда жүретін реакциялар-
ды; қорытпаларды қолдану артықшылықтарын; жаратылыстану-ғылыми эксперимент
нәтижесінде алынған деректерді; графикалық және кестелік түрде берілген ақпаратты;
макроэлементтер мен микроэлементтердің адам ағзасының қызметіне тигізер әсерін;
Қазақстанның химиялық өндірісінің ерекшеліктерін талдайды;
-
қазіргі әлемдегі түрлі элементтердің маңыздылығын; химиялық реакциялардың фактор-
ларын; химиялық реакция механизмдерін, химиялық реакциялардың қайтымдылығын,
жағдайларды бағалау және шешім қабылдау үшін химиялық тепе-теңдік маңыздылығын;
химия өнеркәсібінің экожүйенің бұзылуына және адам денсаулығының нашарлауына
әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи көздерді дұрыс пайдаланудың маңыздылығын
бағалайды;
-
химияның зерттеу нысандары туралы жоба жасайды; гипотезалар, дәлелдер мен түсін-
дірмелер ұсыну үшін ғылыми модельдер жасайды және дәлелдер келтіреді; қоршаған
орта үшін қауіпсіз үдерістерді; эмпирикалық ережелерді, қағидалар мен заңдылықтарды
жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін жанды және жансыз табиғатта болатын үдерістердің
модельдерін; эксперимент және зерттеу жүргізу жоспарын; жиналған және өңделген
мәліметтер бойынша кестелер, графиктер, хабарламалар, баяндамалар мен танысты-
рылымдар жасайды; гипотезалар, дәлелдер мен түсіндірмелер ұсыну үшін ғылыми
модельдер жасайды және дәлелдер келтіреді.
7.8.2.4 «География» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
географиялық ұғымдарды; географияның қазіргі өмірдегі рөлін; география ғылымының
қалыптасуы мен дамуын; географиялық зерттеу әдістерін; географиялық нысанның,
үдерістің, құбылыстың не екенін, олардың ерекшеліктерін, орналасуы мен таралуын;
геоақпараттық жүйелерді және олардың қолданылу аясын; географиялық қабықтың
және географиялық ортаның құрамын, қасиеттерін, құрылымын, заңдылықтарын және
негізгі даму кезеңдерін; географиялық карталардың түрлерін, жіктелуін және элемент-
терін, материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан
Республикасы табиғатының ерекшеліктерін, физикалық-географиялық жағдайларын;
дүниежүзілік шаруашылықтың, аймақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасы
шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын және оның дамуын; халықара-
лық экономикалық қатынастардың мақсаттарын және түрлерін; елді мекендердің түр-
лерін, құрылымын, мәселелерін; ғаламдық және аймақтық демографиялық мәселелерді,
жекелеген аймақтардағы, елдердегі және Қазақстан Республикасындағы демо гра фия-
лық саясаттың ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің
47 |
экономикалық және саяси-географиялық жағдайларын, әкімшілік-аумақтық бөлінуін;
дүниежүзілік шаруашылықтың модельдерін; халықаралық байланыстардың түрлерін;
елдердің типологиясын; қоршаған орта мәселелерін, тұрақты дамуды және табиғатты
сақтау шараларын біледі;
-
жаһандық және жергілікті экологиялық мәселелерді; адамның қоршаған ортаға әсерін;
Жердегі биоалуантүрлілікті сақтау маңызын, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақ тау-
да ғы Қызыл кітаптың рөлін; табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды,
үдерістер мен құбылыстарды; қазіргі географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің
ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, үдерістер мен құбылыстардың өзара байла-
нысын; географиялық қабықтағы және географиялық ортадағы үдерістердің себептерін,
кезеңдерін, салдарын, маңыздылығын; геосаяси үдерістерді, олардың рөлі мен әсер ету
саласын түсінеді;
-
географиялық нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды сипаттау үшін негізгі гео гра фия-
лық ұғымдар мен терминдерді; күнделікті өмірде, оқу үдерісіне қажетті географиялық
ақпарат көздерін (картографиялық, статистикалық, мәтіндік материалдар, бейнебаяндар
мен фотосуреттер, компьютерлік деректер базасы); зерттеу әдістерін; географиялық
қабық пен географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын
анықтау әдістерін; картографиялық әдісті, бағдарлау дағдыларын; географиялық деректер
базасын құрастыруда, географиялық деректерді визуализациялауда, карта-сызбалар,
карталар жасау кезінде АКТ-ны қолданады;
-
тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар нәтижесінде алынған деректерді; графикалық және
кестелік түрде берілген ақпараттарды; географиялық карталар бойынша құбылыстарды,
үдерістерді; географиялық қабық пен географиялық ортада жүретін үдерістер мен құ-
былыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық нысандарды ор-
наластыру факторларын; дүниежүзі және Қазақстанның табиғи ресурстарының таралуын
және олардың маңызын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістерін, модельдерін;
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын, географиялық және
геосаяси жағдайын; Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік
даму ерекшеліктері мен факторларын, әлемдегі рөлін және орнын; Қазақстанның даму
бағыттарын талдайды;
-
ғалымдардың география ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін; антро-
погендік факторлардың дүниежүзі және жергілікті табиғат кешендеріне әсерін; дү-
ниежүзінің, жекелеген аймақтардың, елдердің, Қазақстан Республикасының табиғи-
ресурс тық әлеуетін; табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан;
дүние жүзіндегі және Қазақстандағы урбандалу үдерісін; дүниежүзінің және Қазақстан-
ның табиғи ресурстарының шаруашылықта қолданылуын; инфрақұрылымның маңыз-
дылығын; Қазақстан Республикасының дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын; дүние-
жүзі елдерінің және Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, сая си-
географиялық жағдайын бағалайды;
-
географиялық ақпаратты әртүрлі формаларда (карта, карта-сызба, кесте, график, ин-
фографика, географиялық сипаттама түрінде); зерттеу нәтижелерін графикалық түрде;
антропогендік ландшафтарды жақсарту және тиімді пайдалану тәсілдерін, шаруа-
шы лық тың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту тәсілдерін; Қазақстандағы табиғатты
пайдалану мәселелерін шешу жолдарын; дүниежүзіндегі және жергілікті жердегі
табиғи апаттардың алдын алу және сақтану шараларын; Қазақстан Республикасы эко-
номикасының дамуына қатысты болжамды, Қазақстан Республикасы экономикасының
даму жолдарын; елдегі түрлі мәселелерді шешу жолдарын; Қазақстан экономикасының
тұрақты даму жолдарын; қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өмір салтының негізгі
қағидаттарын ұсынады.
| 48
7.8.3.
Достарыңызбен бөлісу: |