55 |
7.9.1.
Бастауыш мектеп
7.9.1.1
«Дүниетану» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
отбасы мүшелері арасындағы туыстық қатынастарды; өз әулетінің құндылықтарын; тауар-ақ-
ша қатынастарының қарапайым түрлерін; өз шығындарын жоспарлауды; тұтыну заттарының
қайдан келетінін; мектептің адам өміріндегі маңызын; қоғамдағы өзін-өзі басқару ережелері
мен нормаларын; күн тәртібін сақтау маңызын; көшпелі және отырықшы өмір салтының
ерекшеліктерін; түрлі жағдайларда алғашқы
көмек көрсету әдістерін біледі;
-
қала мен ауыл байланысының маңыздылығын; тамақтану режимін сақтау маңызын;
тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін және табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін
сақтау маңызын; қоғамға қызмет ету маңызын; ұлттық және мемлекеттік мерекелердің
маңызын; ауа райының адам өмірі мен шаруашылығына әсерін; тарих және мәдениет
ескерткіштерін сақтау маңызын түсінеді;
-
практикалық тапсырмаларды орындау кезінде басқалардың ниетін, уәжі мен тілегін
түсінеді; елді мекендерді белгілі бір белгілері бойынша ажыратады; әртүрлі көздер
негізінде пайдалы және зиянды тағамдарды бөліп көрсетеді; астрономиялық белгілер
бойынша көкжиек тұстарын анықтайды; глобустар мен карталарды пайдаланады; көрнекі
материалдарды зерттеу арқылы ғұндардың өмір салтын
сипаттайды; әртүрлі жағдайларда
алғашқы көмек
көрсету әдістерін қолданады;
-
өзінің және отбасының қоғамның дамуына қосқан үлесін талдайды; әртүрлі дереккөз-
дер негізінде әлем елдерін салыстырады; қауіпсіз және салауатты өмір салты идеясы-
ның маңыздылығын талдайды; Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен
бостандықтарының кепілін талдайды; климаттың жаһандық өзгерістерін талдайды;
табиғи жағдайларды (жер бедері, климат, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі, су
нысандары) талдайды; өз тәжірибесі мысалында адамдар арасындағы достықтың маңыз-
ды лы ғын дәлелдейді; Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет,
ғылым, білім, экономика) талдайды; тарихи мысалдар негізінде қазақ халқын азат ету
үшін күрескен
адамдардың рөлін талдайды;
-
түрлі өмірлік жағдайларда өз бетінше шешім қабылдау тәсілдерін; Конституцияның
қоғам өміріндегі маңызын
бағалайды; қазақ халқының және елімізде тұратын басқа
да ұлттардың салт-дәстүрлерін салыстырады; адамның табиғи жағдайларға тәуелділі-
гін төмендету идеяларын талдайды; Қазақстан Республикасының тартымды туристік
нысандарын салыстырады; белгілі тарихи ескерткіштер мен көне жәдігерлерді (үйсін,
қаңлы, ғұндар дәуірі) бағалайды;
-
өз әулетінің шежіресін құрастырады; шығындарын жоспарлайды; шығындарын оңтай-
ландыру тәсілдерін жасайды; елді мекендердің географиялық орындары мен көрікті
жерлерін сипаттайды; жер бедерін суреттейді; тұрмыстық техниканы пайдалану ере-
желерін графикалық түрде сипаттайды; масштабта шартты белгілерді қолдана отырып,
жер бедерінің кескінін салады; ежелгі жазбаша белгілерді қолданады; қолайсыз ауарайы
және климат жағдайларында іс-әрекет ережелерін құрастырады; әулет шежіресінің
құрылымдарын сипаттайды; өзін-өзі басқару ережелерін ұсынады.
7.9.2.
Достарыңызбен бөлісу: