43 |
7.8.1.
Бастауыш мектеп
7.8.1.1.
«Ғылымға кіріспе» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
Жер және табиғат, Ғалам туралы негізгі жаратылыстану-ғылыми ұғымдарын; адам,
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік циклдерін; адам, өсімдіктер мен жануарлардың
негізгі мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері мен орналасуын және олардың қыз-
метін; өсімдіктердің, жануарлардың жіктелуін; фотосинтез үдерісінің негіздерін; Жерде
едәуір кең таралған заттардың құрамы мен қасиеттерін; әртүрлі денелердің қасиеттерін
және олар қолданылатын кейбір салаларды; пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін және
олардың маңызын, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кен
орындарын; Күн жүйесіндегі ғаламшарларды және олардың ерекшеліктерін; энергия-
ның кейбір түрлерін; кейбір физикалық күштерді және олардың пайда болу себептерін;
жарықтың, дыбыстың
жеке қасиеттерін біледі;
-
қоршаған ортаны қорғау және Жердегі биоалуантүрлілікті сақтау маңыздылығын; жеке
бас гигиенасын сақтау қажеттілігін; ағзаның қорғаныс қызметін; табиғат компонент-
терінің тірі ағзалар үшін маңызын; ағзалардың ерекшеліктерін қоршаған ортаға бейім-
делу құралы ретінде; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігін; өсімдіктер
мен жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын түсінеді;
-
табиғи нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін жеке зерттеу әдістерін;
табиғи нысандар, құбылыстар мен үдерістердің стандартты және стандартты емес өлшем
бірліктерін; табиғи нысандар, үдерістер мен құбылыстардың кейбір сипаттамаларын
өлшеу үшін қарапайым аспаптарды; жүргізілген зерттеуді түсіндіру үшін тиісті ғылы-
ми терминологияны; өз өлкесіндегі өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қарапайым
белгілері туралы білімін оларды жіктеу үшін қолданады;
-
табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; материалдарды
қолдану мүмкіндіктерін анықтау үшін олардың қасиеттерін; белгілі бір аумақтың жа-
нуарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін; әртүрлі тіршілік ортасының ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын; өз зерттеулерінің деректерін және әртүрлі дереккөздерден алынған
материалдарды талдайды; әртүрлі формада берілген ғылыми деректерді түсіндіреді
және ажыратады; зерттеуден тиісті қорытынды шығарады; зерттеу нәтижелерін әртүрлі
формада ұсынады; зерттеу әдісін (бақылау немесе эксперимент)
таңдауды негіздейді;
-
табиғи нысандар, құбылыстар мен үдерістердің даму факторлары мен жағдайын; адам-
ның әрекетін және ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған орта жағдайына әсерін;
өз зерттеулерінде алынған нәтижелердің жасалған болжамға сәйкестігін бағалайды;
зерттеу барысын болжайды;
өз жұмысын бағалайды;
-
зерттеу сұрағына сәйкес дәйекті, логикалық, дәлелді тұжырымдар жасайды; сурет-
тер, сызбалар, графиктер, диаграммалар, кестелер түрінде ақпараттық материалдарды;
қоршаған әлем нысандарының, құбылыстары мен үдерістерінің имитациялық және
графикалық модельдерін жасайды; қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты өз
ойларын тұжырымдайды.
7.8.2.
Достарыңызбен бөлісу: