| 60
7.10.1.
Бастауыш мектеп
7.10.1.1
«Өнер» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
қазақтың ұлттық мәдениетінің, әлемдік мәдениеттің үздік өнер туындыларын және
музыкалық шығармаларды; бейнелеу өнері мен музыканың негізгі жанрлары мен стиль-
дерін; негізгі және қосымша түстерді, сызықтар мен нысандардың түрлерін; көркем,
табиғи және импровизацияланған материалдармен және аспаптармен жұмыс істеудің
негізгі әдіс-тәсілдерін; музыкалық сауаттылық, ноталық жазу негіздерін; музыкалық
аспаптарда ойнау
және ән айту техникасын біледі;
-
бейнелеу өнері мен музыканың жанрларының, стильдерінің, бейнелеу өнері мен му-
зыканың суреттеу құралдары арқылы қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстар мен
дыбыстарды жеткізу тәсілдерінің маңыздылығы мен ерекшеліктерін; көркем және басқа
да материалдар мен аспаптардың қасиеттерін; дыбыстардың, әншілік дауыстардың,
ансамбльдер мен оркестрлердің музыкалық аспаптарының сипаттамаларын түсінеді;
-
өз білімдері мен дағдыларын көркем өнерді орындаудың әртүрлі техникасын, оның
ішінде цифрлық бағдарламалар мен қосымшаларды үйлестіре отырып, көркем және
музыкалық-шығармашылық жұмыс арқылы идеяларды, эмоциялар мен сезімді білдіру
үшін; қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, көркем, табиғи, дыбыстық және басқа
материалдармен тәжірибелер жүргізу үшін; қажет болған жағдайда АКТ құралдарын
қолдана отырып, көркем және музыкалық-шығармашылық жұмыстарды жасауда қол-
данады;
-
қазақтың ұлттық мәдениетінің, әлемдік мәдениеттің әртүрлі жанрдағы және стильдегі
көркем, музыкалық шығармаларын; көркем және музыкалық-шығармашылық жұмыстар-
ды жасауға арналған ақпаратты, идеялар мен тәсілдерді
талдайды және салыстырады;
-
көркем және музыкалық-шығармашылық жұмыстарды бағалайды және оларды жақсарта
түсу тәсілдерін ұсынады;
-
практикалық білім мен дағдыларды қолдана отырып, бейнелеу өнері мен музыка сала-
сында шығармашылық жұмыстар жасайды.
7.10.2.
Достарыңызбен бөлісу: