59 |
7.9.3.2
«Экономика» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
экономиканың негізгі ұғымдарын, терминдері мен қағидаттарын (сұраныс, ұсыныс,
бәсекелестік, өндіріс, кәсіпорын, кәсіпкерлік, қаржы, макроэкономикалық көрсет-
кіштер және т. б.); мемлекеттің экономикадағы рөлі мен функциялары, оның ішінде
қазыналық саясат, монетарлық саясат және экономиканы реттеу туралы; халықаралық
сауданың, валюта нарықтарының негіздері және олардың ел экономикасына әсері
жайлы үйренеді;
-
нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы мен тәуелділігін және олардың
тауарлар мен қызметтердің бағасы мен санына әсерін; өндіріс процестері және эко-
номикадағы кәсіпорындар мен фирмалардың рөлін; бизнес құру мен оны дамытуды,
бизнес-процестерді жоспарлау мен ұйымдастыруды қоса алғанда кәсіпкерлік негіздерін
түсінеді;
-
нарықтық жағдайларды талдау және өзгерістерді болжау үшін сұраныс пен ұсыныс
принциптерін; қаржылық жоспарлау, бухгалтерлік есеп және кәсіпорындардың қаржы-
сын басқару негіздерін; кәсіпкерлік қызметте негізделген шешімдер қабылдау үшін
бизнестің құқықтық аспектілері
туралы білімді қолданады;
-
бәсекелік нарықтарының сан алуан түрлерін және олардың ерекшеліктерін, соның ішінде
монополияны, олигополияны және монополиялық бәсекелестікке; кәсіпорындар мен
бизнес-процестердің экономикалық тиімділігі мен жалпы тиімділігіне; мемлекеттік сая-
саттың салық салу, салықты реттеу және инфрақұрылымдық жобалар секілді экономика
салаларына әсеріне талдау жасайды;
-
экономикалық шешімдердің ЖІӨ, инфляция және жұмыссыздық сияқты макроэкономи-
калық көрсеткіштерге әсерін; кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы және олардың
өсу мен даму әлеуетін; халықаралық сауданың ішкі экономикадағы рөлі мен үлесі және
оның бәсекеге
қабілеттілігін бағалайды;
-
бизнес-жоспарлар мен жалпы жобалар құру, соның ішінде идеяларды әзірлеу, мақсаттар-
ды анықтау, стратегиялар мен маркетингтік жоспарды таңдау; экономикалық процестер
мен трендтердің аналитикалық есептері мен болжамдарын әзірлеу; кәсіпорындарды
дамыту және олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: