Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет36/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

7.10. «Өнер» білім саласы бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Оқушы:
-
арнайы терминдер мен ұғымдарды қолдана отырып, өнердің түрлерін таниды, олардың 
өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды;
-
көркем-музыкалық өнер арқылы өз әсерлерін, сезімдерін және көңіл күйін жеткізу 
тәсілдерін қолданады;
-
өнер туралы білімдерін қолдана отырып, мәдениет саласындағы заманауи үрдістерге өз 
көзқарасын білдіреді;
-
түрлі көркем және музыкалық шығармаларды талдап, құндылығын аша алады және 
оларға деген өзіндік көзқарасын қарапайым түрде жеткізе алады;
-
мәдени мұраны, әр дәуірдің ерекшеліктерін түсінудің негізі ретінде өз халқының көркем 
және музыкалық мәдениетіне және әлемдік мәдениетке баға бере біледі;
-
қолданбалы сипаттағы дағдыларды меңгереді (үлгілеу, сурет салу, ән айту, аспаптарда 
ойнау, көркем еңбек, дизайн және технология);
-
көрнекі ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, әдістері мен тәсілдерін тани алады;
-
көрнекі ақпарат пен жобалық ұсыныстарды бейнелеу үшін қолдан жасалған және ком-
пьютерлік графика құралдарын қолдана алады.


| 60
7.10.1. 
Бастауыш мектеп
7.10.1.1 «Өнер» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
қазақтың ұлттық мәдениетінің, әлемдік мәдениеттің үздік өнер туындыларын және 
музыкалық шығармаларды; бейнелеу өнері мен музыканың негізгі жанрлары мен стиль-
дерін; негізгі және қосымша түстерді, сызықтар мен нысандардың түрлерін; көркем, 
табиғи және импровизацияланған материалдармен және аспаптармен жұмыс істеудің 
негізгі әдіс-тәсілдерін; музыкалық сауаттылық, ноталық жазу негіздерін; музыкалық 
аспаптарда ойнау және ән айту техникасын біледі;
-
бейнелеу өнері мен музыканың жанрларының, стильдерінің, бейнелеу өнері мен му-
зыканың суреттеу құралдары арқылы қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстар мен 
дыбыстарды жеткізу тәсілдерінің маңыздылығы мен ерекшеліктерін; көркем және басқа 
да материалдар мен аспаптардың қасиеттерін; дыбыстардың, әншілік дауыстардың, 
ансамбльдер мен оркестрлердің музыкалық аспаптарының сипаттамаларын түсінеді;
-
өз білімдері мен дағдыларын көркем өнерді орындаудың әртүрлі техникасын, оның 
ішінде цифрлық бағдарламалар мен қосымшаларды үйлестіре отырып, көркем және 
музыкалық-шығармашылық жұмыс арқылы идеяларды, эмоциялар мен сезімді білдіру 
үшін; қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, көркем, табиғи, дыбыстық және басқа 
материалдармен тәжірибелер жүргізу үшін; қажет болған жағдайда АКТ құралдарын 
қолдана отырып, көркем және музыкалық-шығармашылық жұмыстарды жасауда қол-
данады;
-
қазақтың ұлттық мәдениетінің, әлемдік мәдениеттің әртүрлі жанрдағы және стильдегі 
көркем, музыкалық шығармаларын; көркем және музыкалық-шығармашылық жұмыстар-
ды жасауға арналған ақпаратты, идеялар мен тәсілдерді талдайды және салыстырады;
-
көркем және музыкалық-шығармашылық жұмыстарды бағалайды және оларды жақсарта 
түсу тәсілдерін ұсынады;
-
практикалық білім мен дағдыларды қолдана отырып, бейнелеу өнері мен музыка сала-
сында шығармашылық жұмыстар жасайды.
7.10.2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет