байланысы, оларды сұрақтар арқылы жетектеуі – барлығы мұғалімнің
шеберлігінен болатыны сӛзсіз. Бұған қосарым, бастысы балаларды әңгімеге, ой
толғаныс диалогіне, тарта білуден басталу керек.
Себебі оқушыны ойлауға
бағыттайтын мәселелер бірінші кезекте еркін, сын тұрғысынан ойлауды
дамытуға бағытталған әңгімелесуден негіз алады. Ойды ояту идеясы
оқушының ӛзі әңгімелесуден–ақ аңғарып отыруға біртіндеп қалыптастырады.
Осы жерде тоқталатын нәрсе, мұғалім ӛзі қолданып отырған идеяны кейінірек
сабақтың кезеңдерінде оқушылардың ӛз оқуында қолдана алуы үшін кӛруге
жоспарлауы керек. Яғни оқушылардың мұғаліммен әңгімелесудегі тәжірибесі
болғанда ғана ол да ӛзге оқушылармен еркін сӛйлесе алатынына сенімі болады.
Әңгіме белгілі бір тақырыпқа негізделіп алынғандықтан, мұғалімнің алғашқы
ой-ұшқыры балаға жанған шырақтың ұшқыны секілді әсер етуі керек. Сонда
ғана кез-келген ойдың кіріспесі болатындығын сезінеді, білетін болады.
Асықпай ойлану арқылы түйінді идеяны шешуге бағытталған сабақ екенін
сезіндіру арқылы оқушылардың бір сабақтың ӛзінде үлкен
жұмыс атқара
алатынына сенімін ұялата аласыз. Диалог барысында жылт еткен ойды ӛрбітіп
жіберу немесе мадақтау арқылы сабақтың келесі сатысына ауыса алатындығын
зерттеп тұру аса қажет. Жіпке тізген алғашқы ойларды үзіп алмау тағы да
мұғалімнің жоспарлауының бір қыры екендігін назарға алу керек. Ең
оңтайлысы, баланың дүниетанымына таныс мысалдармен келтіру арқылы
алғашқы ойын ояту. Мысалға алып кӛрсек, 6-сыныпқа қазақ тілін оқыту
құралындағы «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» тарауында келетін
«Олимпиада – спорт шыңы» тақырыбындағы оқылым мәтінінде «Негізгі және
қосымша ақпаратты анықта» деген тапсырмасы берілген. Ой қозғау диалогінде
«Олимп» сӛзінің анықтамасын ашудың ӛзінен-ақ тақырыпты аңғарту оңтайлы
болады. Олимп – Грекиядағы ең биік тау екендігі,
сонымен бірге,
кинофильмдерде кӛрсетіліп жүрген аңыздармен де байланысты атау екендігі
айтылады. Балалардың кинофильмдерді жақсы кӛретінін ескере отырып,
Грекияның ӛздерінің құдайлары туралы түсірілген фильмдер туралы сұралады.
Әлбетте, гректердің Зевс құдайы туралы фильмдерді кӛргендіктерін,
Зевстің және басқа да құдайдардың орны Олимп тауы болғандығы, т.б. кӛріп-
білгендерімен бӛліседі. Бұл болжам емес, сабақта болған әңгіме. Келесі кезекте,
қандай да болсын, тауға шығу арманы дейміз бе, әлде жоспары дейміз бе,
әйтеуір әркімнің-ақ ойында болып қалуы мүмкін. «Грекиялықтардың Олимп
тауын аңызға, яғни құдайлардың мекеніне
айналдырудағы ойы неде деп
ойлайсыздар?» деген сұрақ қойылады. «Бәлкім құдайларды кӛргісі келді ме
екен?»,«Енді біздің тарау бойынша ӛтіліп жатқан спортқа байланысты
тақырыпқа «Олимп» тауының не қатысы бар деп ойлайсыздар? Спортта не
маңызды еді? Әлде спорттық ойын түрлері осы Олимп жерінде пайда болды ма
екен?» деген жетекші сұрақтар қолданылады. Әрбір оқушының сұраққа
қатысты «білгені» мұқият тыңдалады. Толық жауабы болмаса да, жауабындағы
бір сӛзін ары қарай дамыту жоспарланып тұрады. Солайша олардың
қызығушылығын оятып алу кӛзделеді. Осы кезде оқушылар спорттық
ойындардың ерте кезден қалыптасқан тарихы бар екенін аңғаруға тиісті.
Сызбамен қарастырсақ, кіші ойды ұлғайту түсінігі бойынша тӛмендегідей:
Оқушы балалардың эмоциясы пайда болған сабақ нәтижелі болатынына
мұғалім сенімді болады. Ӛзінің қолында бар қызықтыра алатындай ақпарат кӛзі
оқушыларды зерттеуге жеткізетіні айдан анық.
Оқушылар ӛзі білетін дерегінің жаңа тақырыппен байланыса кеткендігіне
қуанышты болады десек, артық айтпағанымыз шығар. Ұлттық педагогикамызда
да «оқушылар ӛзге уақыттарында ӛздерін
ойландыратын, қызықтыратын
нәрселерге кӛп кӛңіл бӛледі, бұл білім алу процесінде жақсы нәтиже береді»
деген. Сол себепті сабақты бастамас бұрын ой қозғау диалогі аса
ықтияттылықпен жүруі керек. Оқушы ӛзінің ӛмірінде байқаған дүниелердің еш
қажетсіз болмайтындығын, сабақта барлық адамдарға қатысты мәселелер
талқыланатынын түсінеді. Ӛзін белгілі бір қызығушылығы бар қоғамның
бӛлшегі екенін үлкен болмаса да, кішігірім түсінігінде қалыптастыра бастайды.
Оған қоса, кӛрген-білгенді ортақ, жалпылама лексикада қолданылатын
сӛздермен
айта алатынын, жаргонсыз сӛйлеуге болатынын да түсінуге тиісті.
Мұғалімнің лексиконы да осы үшін қажет-ақ.
Оқушыны жақын арада даму аймағымен оқыту тәсілі ең тиімді тәсіл
деуге болады. Бұл жерде ЖАДА технологиясына ұқсастығы болуы мүмкін,
мұғалім кӛмегі кӛбірек болып, кейінірек азая түсуі, оқушының ӛз бетімен білім
алуға үйренуі секілді. Бәлкім, осы технологияның бір элементімен де
байланысты шығар, дегенмен, ӛріс алуы ӛзгеше. Баланың дүниетанымындағы
ақпараттар жай кӛрген фильмдей қалып қоймай, ондағы аңыз болса да,
біртіндеп қалыптасқан шынайы ӛмір мысалдары екендігін түсінуіне
итермелеуде болады.
Қазақ тілін оқыту бойынша оқылым мәтінінің тапсырмаларын орындауға
үйрететін оқу
дағдысы негізгі, қосымша және детальді ақпараттарды анықтау.
Ақпарат түрлерін анықтау оқу мақсаттарының критерийлеріне қойылған соң,
оқушыларды зерттеушілік жұмысқа тартуда белгілі бір тәсілдер қолданылуы
тиіс. Мәтіннің тілдік ерекшелігін талдауда айтылатын тақырып, құрылымы,
абзац бӛліктерін білу тәжірибесі қолданылады. Мәтіннің кіріспесіне назар
аударту арқылы тақырыпқа болжам жасауға келетін сӛйлемді немесе
сӛйлемдерді анықтату кӛзделеді. Мысалға тағы спорт тарауындағы «Қазақ
даласының
батыры»
тақырыбына
тоқталсақ,
кіріспе
сӛйлемдерінде
экспрессивті-эмоционалды сӛздер
қолданылып, «әр халықтың маңдайына
біткен жарық жұлдыздай жайсаң ерлері бар», «халқымыздың ұлы перзенті
Қажымұқан балуан» деген сӛйлемдердің арасында бастамалық және
Ой
қозға
у
"Олимп" сӛзі,
Грекиядағы
биік тау.
Ол
имп
ту
ра
лы
ки
но
фильм
дер
ме
н
байл
аныс
ты
ру
Нәтижесінде,
Грекияның Зевс
және басқа да
құдайлары
туралы
айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: