Тəуелсіздік – тұғырым
Оқушы: Ержан Ұлықбек
Жетекші: Нұратаева Асылзат Бауыржанқызы
Тəуелсіздік кез-келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің жеке
дара дербестігі. Тəуелсіздік сіздің тыныстап отырған еркін əрі бақытты күн кешіп жатқан
– Отаныңыз!
Əлемде екі жүзге тарта тəуелсіз мемлекеттер бар. Олардың тілі, діні, ділі, салты
мен дəстүрі, əдет-ғұрпы мен мəдениеті дамыған. Сондай елдің бірі менің елім –
Қазақстан! Отанымыздың тəуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына отыз екі жыл
болыпты. Осы уақыт аралығында Қазақстан əлемде жеке дара əрі дербес мемлекет екенін
дəлелдей білді. 16 желтоқсан елміз үшін айтулы мереке – Тəуелсіздік күні! Сол күні
көгімізде тəуелсіздік туы желбіреді. 1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр
сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Азаттық, Теңдік, Тəуелсіздік. Осы бір үш ұғымның
салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы
құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Лəззат Асанова, Сəбира Мұхамеджанқызы, Ербол
Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. Қаншама жыл
армандап, Қазақ елінің тəуелсіздігі жолында жан аянбай, соңғы демдері шыққанша күресе
білген ата-бабаларымыздың жемісті жеңісін арқасында біз мамыражай бейбіт елде өмір
сүріп жатырмыз! Ата – бабамыздың «тəуелсіздік» деп аталатын аманатын біздер-жаңа
буын келесі ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз! Біз өзіміздің көк байрағымызды
мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен əнұранымызды қастерлей отырып, күн
сəулелі аспанымызда əрқашан Тəуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты
талмай, шарықтай беруі үшін қызмет етуіміз керек.
Еліміздің елдігі, ұлан байтақ жеріміздің кеңдігі ата – бабамыздан қалған баға
жетпес байлық. Тəуелсіз Қазақстан халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа
ұмтылған елге айналды. Бір буын ауыспай – ақ мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел
болдық. Қазақстан атты мемлекетте туып өскеніме қуанамын. Қазақ елі өркендей берсін,
көркейе берсін, көк байрағымыз аспанымызда мəңгі желбірей берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |