«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 40 -
Жетекші: Жантелова Лаура Алдабергеновна
Аңсаған арман, халқымның мақтанышы ол-тəуелсіздік. «Тəуелсіздік» ұғымы əрбір
жанның бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Мен бейбіт,
ынтымағы жарасқан, тəуелсіз Қазақстан мемлекетінде бақытты күндерімді кешудемін.
Жалпы елдің, адамзаттың құндылықтарының ең бағалысы-бейбітшілік
Тəуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман демекші, біздің
тəуелсіз мемлекет
болуымызға қаншама жігерлі, елдің болашағын ойлаған
тұлғаларымыздың мол еңбегі, қан мен тері төгілді. Осы арада тарихымызға шолу жасайтын
болсақ, 1941-1945,1986,1991 жылдардағы қайғылы оқиғаларды еске аламыз. Еске ала отыра
қаншама сол қиын кезеңді басынан өткізген, ел үшін жанын берген жандардың ерлігін
ұмытпау қажет. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді».
Сондықтан ұлт
болашағы біз қазірден тəуелсіздігіміздің қанша қиындықпен келгенін түсіне отыра, естен
ешқашан ұмытпауымыз жөн деп санаймын. Меніңше, ата бабаларымыз тəуелсіздік алудың
арқасында бізге өзге мемлекеттермен қабырғасы тең, бейбіт қатынаста болып, бір шаңырақ
астында бас қосып, бейбіт күндерді бастан кешуді аманат етіп қалдырған. Осы тармақтар
арқылы өзімнің елімді мақтан тұтамын. Қазіргі таңда жер бетінде көптеген елдер бар жəне
біз еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, алуан түрлі ұлт өкілдерінен құралған
халқымен ерекшеленетінін ұмытпаған жөн. Менің елімде 130-дан астам ұлт өкілдері
тұрады. Осы арқылы біз ежелден халқымыздың бойынан əрқашан табылатын
қонақжайлылық, сыйластық секілді құнды қасиеттер біздің де бойымыздан өшпейтінін
ұғамыз.
Қазақстан тəуелсіз ел, қанатын жайған əлемге,
Ақ боз аты оза шауып, жаңғырған аты əлемде.
Өткен күндер
келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде, - деп айта кеткен М.Қаниевтің өлең
жолдары арқылы ойымды қорытындылай кетсем, біз қазақ
халқы тарихта өшпестей із
қалдырған батырларды, оқиғаларды жадымызда сақтауымыз керек. Біз осы арқылы
тəуелсіздік қандай жолмен келгенін түсінеміз жəне тəуелсіз ел атану жолында күрескен
батырлардың ұрпағы екенімізді, бейбіт, бақытты күн кешу өзімізге қиын қыстау кезеңде
асқақ арман болғанын ескере білуіміз керек. Енді біз ел болашағы жастар халқымызға тек
пайдамызды тигізе отыра, ел көркейтуге үлесімізді қосуымыз қажет деп ойлаймын. Мен өз
тəуелсіз елімді мақтан етемін. Менің елім Қазақстан!
Достарыңызбен бөлісу: