Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет49/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Ғалымжанқызы Жазира 
Жетекші: Шоханова Маржан 
 
Тəуелсіздік - жарқын болашақтың ұмытылмас тарихы, халқымыздың баға жетпес 
байлығы. Егемендік қазақ халқының басына қонған бақ құсы. Олай болса, сонау ғасырлар 
бойы аңсаған тəуелсіздік қалай келген? 
«Қазақ» деген ерекше атауды дүниеге əкеліп, шаңырағын биік, керегесін кең
босағасын тең қылып, ел етіп біріктірген алғашқы хандарымыз Керей мен Жəнібек. Тарихта 
ойып алар орны бар тарихи тұлға Керей мен Жəнібек, Абылай хан мен Əбілқайыр, Есім хан 
мен Қасым ханның қазақ деген ұрпағымыз. Ел болған соң бақыт та, қасірет те қатар жүреді. 
Осы уақытқа дейін қазақ елінің басынан өткерген қайғы- қасіреті ешбір елдің басында 
болмады. Десе де, кез-келген қара бұлттың артынан күн шығатыны секілді соңында біздің 
де аспанымыз ашылып, күніміз жарқырады. «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің 
егемендігі мен тəуелсіздігі үшін күресіп келеді. Өзінің жақсы қасиеттерінің: қатер төнген 
сəтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім, мен 
тату көршілік жағдайында тұруға деген ықыласының арқасында ол тарих тасқынының 
астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін келтіре алды» - деп Нұрсұлтан Назарбаев өз 
пікірін білдірді.1991 жылы желтоқсан айының он алтысы күні қазақ елі тəуелсіз, егемен ел 
атанды. «Тəуелсіздік» сөзін естігенде жүрегім мың түрлі құбылады, жанымды қуаныш 
кернеп, бақыттан басым айналады. Мұның себебін айтпасам да түсінікті. Қандай 
қиыншылық болса да ата-бабамыздың қайсар рухының арқасында, қазір бізден асқан 
бақытты ұрпақ жоқ. Ата-бабамыздың мұндай болуы мəдениетіміздің, ежелгі дəстүріміздің, 
əдет-ғұрпымыздың, дініміздің, тіліміздің мықтылығында. Қаншама ауыр кезеңдер болса да 
құдайымызды ұмытпай, құндылығымызды жоғалтпай, еліміз бен жерімізді аман сақтап 
қалдық. Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі, біз ешбір қайғы-қасіретті, қантөгіс заманды көрмей, 
байтақ далада, бейбітшілік заманда, тату-тəтті қоғамда өмір , сүріп жатырмыз. Егемен 
еліміз, байтақ жеріміз, кең даламыз, мол байлығымыз, алтын ұя отанымыз, ана тіліміз, төл 
тарихымыз, ұлттық мəдениетіміз бар. 
Қорытындылай келе, біз бақытты ұрпақпыз. Бізге осындай кең байтақ даланы
тəуелсіз мемлекетті сыйлаған ата-бабамызға мəңгі қарыздармыз. Бастысы отанымызға адал, 
елімізге қорған болып, ата-баба аманат еткен тəуелсіздікті мəңгі сақтауға атсалысайық. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 49 - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет