Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет50/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Абубакир Разия 
Жетекші: Шоханова Маржан 
Тəуелсіздік- бабалар аңсаған қасиетті де киелі ұғым. Тəуелсіздік- ақ білектің 
күшімен, көк найзаның ұшымен келген жеңісті күн. Ендеше, уайымсыз күнді кештірген 
тəуелсіздіктің алар орны қандай? 
Бейбіт күнге жету-оңайлықпен келмейтін, жан аямай тер төгетін, қасық қаның 
қалғанша жан беретін маңызды жол. Ата-бабаларымыз сонау ғасырлар бойы көк 
туымыздың мəңгі асқақтап, биікте орнығуы үшін жанын беріп, қайсар мінезімен халықты 
біріктіріп, қазақ елінің осы күнге дейін жетуіне күшін салды. Керей мен Жəнібек 1465 
жылы құрған Қазақ хандығынан бастап, 1991 жылы алынған тəуелсіздіктің арасы қаншама 
уақыт?! Осы уақыт арасында қазақтың басына не келіп, не кетпеді десеңші... Алайда осы 
уақытты текке кетті деп айта алмаймыз-ау шамасы... Қаншама əділетсіздік, қаншама 
арамдық, қаншама алдау болған ғасырларды бір кітапқа да сыйдыра алмаспыз. 
Тəуелсіздікке жеткізген ата-бабаларымызға алғыс айтып қана қоймай, мəңгі жүрегімізге 
сақтап, өшірмеу-біздің міндетіміз. Себебі, қазір сол асыл жандардың арқасында уайым-
қайғысыз, жау-дұшпансыз еркін елде өмір сүрудеміз. Сапалы білім алып, ата-анамыздың 
жанында бақытты өмір сүру- тəуелсіздігіміздің айғағы. Осынау уақыт бойы талқандалып, 
ойрандалып қалған жеріміз тəуелсіздік алғалы жайнап, гүлдеп көркеюде. Əне-міне 
дегенше бұл тəуелсіздікті алғанымызға да биыл 32 жыл. Азаттыққа қол жеткізіп, елбасын 
сайлап, көк туымызды асқақтаттық. 32 жыл ішінде көптеген нəрселер өзгерді деп дүп басып 
айта аламыз. Білім сапасы көтеріліп, халықтың жағдайы жақсарып, түрлі-түрлі ғимараттар 
бой көтерді. Халқымыздың ойын жеген қорқыныштар тəуелсіздік алғалы ұмытылды. 
Бүгінгі күннің ұрпағы ретінде тəуелсіздігімді барша əлемге мақтана да, марқая да айта 
аламын. Осы күнге жеткізген ата-бабаларымызға мың алғыс! 
Қорытындылай келе, тəуелсіздік бұл -біздің азатты күндеріміздің дəлелі. Оны 
сақтап, елімізді көркейту- жастарға аманат. Аманатқа қиянат жасамай, тəуелсіздігімізді 
сақтау жолында аянбай еңбек етейік! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет