Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет61/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Əжек Саялы 
Жетекші: Оспанова Құндызай 
 
"Тəуелсіздік" осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген 
əрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Алаш ардақтыларының жаны шүберекке 
түйіліп, қаншама боздақтардың қыршынынан кеткені жаныңды сыздатпай қоймасы анық.
Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылы он алтыншы желтоқсанда Мəскеудің 
тағайындауымен Генадий Колбиннің сайлануы қазақ халқының аяққа тапталуы еді. Қазақ 
енді шыдамады. Бұрын соңды қазақ жеріне аяқ басып көрмеген, жергілікті ұлттың тыныс-
тіршілігінен мүлдем бейхабар өзге ұлт өкілі сайланғаны қалай? Көкейді тілгілеген сұраққа 
жауап алу қиынға түсті. Алматы қаласының жастары бас алаңға қарусыз жиналып, əр 
республиканы өз елінің көсемі басқарсын деген өктемшіл билікке наразылықтарын бейбіт 
түрде жария етті. Үкіметке қарсы көтеріліс жасау ойларында болған жоқ. Бірақ 
менменсінген билік оған құлақ салмады. Өздеріне қарай бас көтере қалғанына жыландай 
жиырылды. Алматыға басқа қалалардан Уфа, Челябинск, Ташкент, Фрунзе əскери күштері 
жеткізілді. Ұлт намысын жоқтап, көкейдегіні ашық айтқандары үшін темір таяқтарға 
жығылып, шаштан сүйреп, іштен тепкіленген, улы газға тұншықтырылып, итке талатып, 
сапер күректерінен өлімші жараланған. Қақаған аязда суық сумен атқылаған. Өрт сөндіруші 
күректерінің табан жолында тапталған. Аяусыздық пен ары зорланған қазақ қыздары мен 
намысы қорланған қазақ жігіттерін оқиғадан соң жаппай қудалануға түсті. Он сегізінші, он 
тоғызыншы желтоқсанда газеттерде қазақ жастары ұлтшыл, маскүнем, нашақор, бұзақы 
деп айыптап үдере шулап жатты. Желтоқсан оқиғасына орай сегіз мың бес жүз адам 
ұсталып, тоқсан тоғызы сотталды, жүздеген адам əкімшілік тəртіпке жазаланды. Үш жүзден 
аса жас жоғарғы оқу орындарынан, үш жүз он тоғыз адам жұмыстан шығарылды. 
Төлқұжаттарына бүлікші таңбасы басылып, қара жұмыстың соңында қалып, қуғын-сүргінге 
тап болды. Оқиға құрбандары жайлы ақпараттар жойылып Қайрат сынды қайран жас 
жаланың соныңда мерт болды. Бұл демократиялық көтерілістің шындығынан, саяси 
ахуалынан жалпақ əлем бейхабар жатты емес пе? 
Тырналған тамыр, шайқалған көп қой шаңырақ
Қылданған қаның айқайлап кетті жамырап,
Қанжылап кетті, зиялы жұртың мыңдаған


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 60 - 
Ұрланған жаның шырылдап жатты қаңырап 
Төлқұжатымыз Тəуелсіздік қой сондағы,
Қайрат пен Ляззат-Тəуелсіздіктің қорғаны
Табанмен сезген желтоқсан желі суығын,
Ел үшін олар жаурамады да, тоңбады.
Қақаған қыстың аязын сізде ұғарсыз,
Ызғарын емес, самалын көрген шығарсыз
Қаншама батыр ұландарының арқасы
Бүгінгі күні желтоқсан желі ызғарсыз!!!
Қоныс тепкен, əбден титықтаған, тəңірі сый еткендей "қой үстінде бозторғай 
жұмыртқалаған заман”, биғам да мамыражай заман, шегендеп тастаған иен дала күн санап 
қанаты қатайған қыран бүркіттің болат тұяқ балапанына ұқсап жетіліп, ізгілік қылығымен 
дараланған, некен -саяқ. Баяғыда біреу: «О, это сладкое слово - Свобода!» - деген екен. Сол 
азаттыққа отыз екі жыл толып отыр. Бірақ осы тəуелсіздік тұрлаулы ма, баянды ма өзі деген 
бір сұңғыла сұрақ көкейіңде сұңқылдап тұрғандай болады. Сізде мұндай күдік болмай ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет