«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 59 -
десеңші?! Тек ғана білектің күші мен найзаның ұшы ғана емес көрегенділік
пен даналықтың арқасында осыншама байлықты ұрпақтарына тастап кетті.
Сондай - ақ , тəуелсіз еліміздегі жүрегі елім деп
соққан ерлердің сындарлы
саясатының арқасында еліміз көркейе түсті əлі де даму үстінде. Аз ғана жылдар
ішінде елімізде Астанадай қаланың бас көтеруі, əлемдік көрме ЭКСПО 2017
көрмесінің басқа емес біздің елімізде болуы осының дəлелі. Еліміз тəуелсіздік
алған жылдардан бастап Қазақстан деген ел барын,
қазақ деген халық барын
əлем тани бастады. Мен де болашақта елімнің өркениеті өркендеп, əсемдігі артуы
үшін бар күшімді саламын. Өз елімнің алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болуы
үшін,
сабағымды беске оқып, елім үшін еңбек етуге осы бастан дайындық жасап
жүрмін. Мен елімді сүйемін! Қазақстанымды сүйемін! Қазақ тілі мен салт- дəстүрін
берік ұстанамын!
Қорыта келе айтарым, тəуелсіздік - ата бабамыз аңсап кеткен асыл арман!
Бізге берілген үлкен сый сонымен қатар үлкен сын. Тəуелсіздігімізді мəңгі
орнатып, жеріміздің асты мен үстіндегі байлығымызды келер ұрпаққа тастап кету
біздің парызымыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тəуелсіздігіміз мəңгілік болсын!
Достарыңызбен бөлісу: