Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет34/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 
шілдедегі № 453-I Заңы (2014 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша өзгерістерімен 
және толықтыруларымен). 
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 
(2003 жылғы 31 қазан).
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы: Қазақстан Республикасының 
1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы
4. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стратегиясы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 
26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген 
 
 
 
 
 
 


104 
ӘОЖ 323/324(075) 
 
 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ІСКЕ АСЫРУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Чапыгов М., студент 
Ғылыми жетекшісі: Ізтұрғанова Г.Қ. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін 
қалыптастыру үшін ең алдымен қазіргі заманғы жағдайларда оның көріністеріне ықпал 
ететін негізгі факторлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті іске асыру және 
олардың алдын алу жолдары қарастырылған.
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметші, саясат, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс қымыл. 
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған 
бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл мәселелеріне 
айрықша назар аударылып отыр. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты 
ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады.Сыбайлас жемқорлық 
- қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары 
деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі - ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық 
қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Ол бүкіл әлемдік мемлекеттердің негізгі мәселе болып 
отыр. Сыбайлас жемқорлық фактілерін айқындау және олардың алдын алу 
функцияларын іске асыру ушін Прокуратура, ішкі істер орандары, алдын ала анықтау 
органдары барлығы сыбайлас жемқорлықты жою үшін әрекеттер жасауы тиіс.Сыбайлас 
жемқорлықты жою ушін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл агенттігі құрылған 
болатын. Оның негізгі мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып 
табылады [1]. Елдің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны құрастыру 
қажет. Оның негізінде екі бір- бірімен байланысты мақсатты орындау қажет. 
Бірнші мақсат сыбайлас жемқорлықты жасауға керек шарттарды жою.Ол өзіне 
сыбайлас жемқорлықпен күресетін арнайы органдарды құруды,сыбайлас жемқорлық 
қолдануы мүмкін жерлерді ерекше қадағалауды, мемлекет бюджетінің қаражатын 
қадағалауы қажет. 
Екінші мақсат- сыбайлас жемқорлықты жасауға ітермелейтін себептерді 
жою.Оның басты мазмұны «адал және сатылмайтын үкіметті» ораналастыру. 
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын тиісті денгейде көтеру керек. Мемлекеттік 
құрлымды ежелден бұзып келе жатқан факторлардың арасында ерекше орынға 
сыбайлас жемқорлық ие.Сыбайлас жемқорлық деп лауазымды тұлғаның өзінің билігін 
немесе беделі, өзінің жеке пайда табу мақсатында парақорлық, күшпен алушылық, 
алдап соғу жолымен өзінің қызмет орнын пайдаланып қиянат етуді айтамыз. 
Көптеген мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданып жатқан 
шараларына қарамастан, бұл қылмыс түрінің өсуі мен оның тигізетін әлеуметтік-
эканомикалық зардаптары өсіп жатыр.Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен табысты 
күрескен мемлекеттердің тәжирибесін зерттеу өте маңызды. Сыбайлас жемқорлықды 
жою үшін сыбайлас жемқорлық шараларының дұрыс қолданылуы қажет. Қазақстандық 
мемлекет дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол 


105 
жеткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды, 
оларды күшейту және дамыту ел дамуының қазіргі заманғы кезеңіңде осы Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стратегияны табысты іске асырудың кепілі болады. 
Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз 
құбылыспен күрестің мақсатын, міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін 
айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдады. 
Қазақстан 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты және 
қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына 
Жолдауларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсултан 
Назарбаев демократия мен еркіндікке негізделген мемлекет пен қоғам құрлысының 
маңызды тарихи кезеңі аяқталғанын атап өтіп, Қазақстанның одан әрі дамуының 
стратегиялық бағытын айқындап берді. 
Елдің тұрақты дамуының негізгі басымдығы ретінде әлеуметтік-экономикалық
Қазақстанға әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге мүмкіндік 
берген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, ұлттық экономиканың өсуі, бизнесті 
жүргізу жағдайларын, халықтың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін 
жақсарту, электрондық үкіметті енгізу жөніндегі қолданылып жатқан шаралар да заңға 
бағыну мәдениетін және жүріс-тұрыстың жалпы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы модельдерін қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды. 
Сонымен бірге экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, 
әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі 
өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар 
қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін 
арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға 
мүмкіндік берер еді. 
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стратегия Осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез 
келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін 
төмендету болып табылады. 
Стратегия міндеттері: 
-мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 
-қоғамдық бақылау институтын енгізу; 
-квазимемлекеттік жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 
-соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; 
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру; 
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық 
ынтымақтастықты дамыту. 
Стратегияның мақсаты мен міндеттері «Қазақстан-2050» Стратегиясының 
мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 
жылдарға 
арналған 
сыбайлас 
жемқорлыққа 
қарсы 
іс-қимыл 
жөніндегі 
бағдарламасының ережелерін, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктердің 
ұсыныстары мен пікірлерін ескереді. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан 
материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде 
қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді. 
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі, бірінші кезекте, 
негізгі буыны сот төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын құқықтың үстемдігін 
қамтамасыз ету жүйесіне байланысты. Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас 


106 
жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, 
бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын 
арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы 
халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда [2]. 
Сот жүйесіне деген сенімді арттыру, сот төрелігін іске асырудың сапасын 
жақсарту үшін судьялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның 
ішінде судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды қатаңдату арқылы болдырмау 
бойынша шаралар қабылданатын болады.Сот ісін жүргізуді оңайлату, оның жеделдігін 
арттыру, соттардың қызметін автоматтандыру сот төрелігіне еркін қолжетімділікті 
қамтамасыз етуге, сот жүйесі қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. 
-құқық қорғау жүйесінің жұмысындағы басымдықтар жасалған қылмыстарды 
анықтаудан олардың профилактикасы мен алдын алуға ауысуы тиіс. 
-құқық қорғау органдарының кадр саясатында мемлекеттік әкімшілік қызметтің 
жүйесінде қолданылып жүрген конкурстық іріктеу тетіктерін және меритократия 
қағидатын енгізу қажет. 
-қызметкерлерді аттестаттау және тестілеу рәсімдері жетілдірілетін болады, кадр 
резервін пайдаланбай ауысуға тыйым салынады. 
-құқық қорғау қызметі саласында сыбайлас жемқорлық орта да күштік 
құрылымдар қызметкерлерінің азаматтармен байланыстары кезінде туындауы мүмкін. 
-бұл проблеманың шешілуі едәуір дәрежеде құқық қорғаушылар қатарының 
тазалығына, жаңа технологиялардың одан әрі енгізілуіне және тиісті рәсімдердің 
автоматтандырылуына байланысты болмақ. 
-тек сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын құқық қорғау органдары 
азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға 
қабілетті. 
-құқық қорғау қызметін бағалаудың басты критерийі халықтың сенімі болуы 
тиіс. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру тетігінде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басты орган болып табылады, 
ал Стратегияны орындауға барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелер, 
мемлекет қатысатын компаниялар, саяси партиялар және басқа да қоғамдық 
бірлестіктер және тұтастай алғанда азаматтық қоғам қатысады. Сыбайлас жемқорлық 
көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-
қимыл жүйесін қалыптастыру үшін ең алдымен қазіргі заманғы жағдайларда оның 
көріністеріне ықпал ететін негізгі факторларды айқындау қажет. Оның ішінде қазіргі 
уақытта неғұрлым өзектісі біріншіден, олардың нормалары құқық қолдану кезінде 
сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасауға көбіне жағдайлар жасайтын салалық 
заңдардың жетілдірілмеуі болып табылады. Құқықтанудың қыр-сырын білмейтін 
азаматтар үшін практикада мұндай заңдардың ережелерін дұрыс түсіну мен тиісінше 
ұғыну қиынға соғады. 
Екіншіден, мемлекеттік және корпоративтік басқару ашықтығының жеткіліксіз 
болуы. Басқарушы шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестері, оның ішінде 
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер туралы сөз 
болған жағдайларда әлі де ең жабық процестердің бірі болып қалуда. 
Үшіншіден, лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кездегі 
халықпен тікелей байланысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 
сақталуда. 


107 
Төртіншіден, халықтың, оның ішінде мемлекеттік сектор қызметшілерінің 
өздерінің құқықтық мәдениетінің деңгейі әлі де төмен, бұл арам пиғылды 
қызметкерлерге оны пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
Бесіншіден, азаматтар мінез-құлығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін 
және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру 
бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы. Алтыншыдан, 
мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысының және 
мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіз деңгейі [3]. 
Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, Қазақстанны жемқорлық әрекеттердің 
азаюына екі жақты саясат, яғни, жемқорлықтың туындауына мүмкіндіктің азаюы және 
оған қызығушылық тудыратын құбылыстардың жойылуы әсер етеді. Шындығында, 
ондай күрес жолдары оң нәтижелерге қол жеткізді деуге болады. Егер осы 
айтылғандарды жүйелі түрде іс жүзінде асырмаса, мақсатқа жетуге қиындатады. саяси 
көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері 
мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі 
сиқырына төтеп бере алмайды. Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында 
белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл 
қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Биздің мемлекетіміздің
сыбайлас жемқорлықа қарсы саясатының басты идеясы мына қағидаларды басшылыққа 
ала отырып шешіледі: 
-мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы жеке секторда табысты жұмыс 
істейтіндердің жалақысымен теңестірілген. 
-сыбайлас жемқорлық жағдайына байланысты шенеуніктер ісіне қатаң бақылау 
жасау. 
-сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылықты қатаңдату қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет