Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Құқықтық қатынастардың құрылымы



Pdf көрінісі
бет58/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

4. Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қаты-
нас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық 
қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъек-
тивтік құқық жəне заңды міндет (заңды мазмұн).
5. Құқықтық қатынастардың субъектілері – бұл құқықтық 
қатынастардың сəйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді 
иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі – бұл 
өзінің құқықəрекетқабілеттігін пайдаланушы құқық субъектісі. 
Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады: 
1. Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, аза-
маттығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік 
тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азамат-
тар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құ-
қықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, 
оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, 
мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына 
сайлана жəне сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қата-
рында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір 
лауазымды иелене алмайды жəне т.б. 
2. Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет 
(ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға 
түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес 


ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық 
бірлестіктер жəне т.б.).
6. Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі жəне əрекетқа-
білеттігі. Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъекті-
лері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттікті 
иеленуі тиіс.
Құқыққабілеттік – бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді 
иелену қабілеті. Əрекетқабілеттік – бұл тұлғаның өз əрекеттері 
арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. 
Əрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық – 18 жастан 
басталады; жартылай – 14 пен 18 жас аралығында болады.
Əрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілген-
дей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана жəне 
конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың 
құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорға-
нысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын-
да қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
Құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратыл-
майды жəне көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық 
құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. 
Азаматтық құқықтағы құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттіктің 
ажыратылуын былай түсіндіруге болады: 
а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына 
қарамастан барлық азаматтар үшін қажет; 
ə) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі 
бар, алайда əрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды 
өкілі қатыса алады.
Құқықсубъектілік – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде 
сипаттайтын құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет