Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Құқықтық қатынастардың объектілері



Pdf көрінісі
бет59/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

7. Құқықтық қатынастардың объектілері – бұл құқықтық 
қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағыт-
талған жəне осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін 
категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қа-
растырады: 
- олардың біріншісіне сəйкес, құқықтық қатынастың объектісі 
болып тек субъектілердің əрекеттері табылады; 
- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сəйкес, 
объектілердің түрлері өте көп, олар: 
1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік жəне т.б.); 
2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, 


абырой жəне т.б.); 
3) рухани шығармашылық өнімдері (əдебиет, өнер, музыка, 
ғылым туындылары жəне т.б.); 
4) құқықтық қатынастар қатысушыларының əрекеттерінің нə-
тижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының 
нəтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар); 
5) бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом жəне 
т.б.).
8. Субъективтік құқықтар жəне заңды міндеттер. Егер қо-
ғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық 
мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер 
субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер 
арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларының арасындағы 
заңды байланыстар жүзеге асырылады.
Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қана-
ғаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс ша-
масы.
Заңды міндет – бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет 
– бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.
Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырма-
шылықтар: 
- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттан-
дыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, 
мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған; 
- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы 
болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет