Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет120/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146
вирус

31-сурет. XS-8530 MICROmed 
люминесценті микроскоп 


родамин сульфохром – РСХ) кеңінен пайдаланылады. Акридинді қызғылт сары 
бояуы 
нуклеин 
қышқылдарының 
түрлі 
типтерінің 
полихромды 
флуоресценциясын тудырады. Осы флуорохроммен өңделген ДНҚ жасыл түсті, 
РНҚ қызыл немесе қызғылт сары түсті болып флуоресценцияланады. Аталмыш 
әдіс шешек және Борн ауруы вирустарын, аденовирустарды, т.б. вирустарды 
зерттеуде қолданылады. 
Флуорохромдау әдісі 
І әдіс: 
1. Зат шынысының беткейіне патологиялық материалдан немесе вирус 
жұқтырған жасуша өсінділерінің суспензиясынан таңба-жағынды жасайды; 
2. Акридинді қызғылт сары бояуының судағы ерітіндісінің (1:10000 
сұйылтымы) 1-2 тамшысын жағынды беткейіне енгізеді де, бетін жапқыш 
шынымен жабады; 
3. Препаратты 10-20 минуттан соң люминесцентті микроскопия жүргізеді. 
ІІ әдіс: 
1. Зат шынысының беткейіне патологиялық материалдан немесе вирус 
жұқтырған жасуша өсінділерінің суспензиясынан таңба-жағынды жасайды; 
2. Жағындыны 96° этил спиртімен 15-30 минут бойы бекітеді; 
3. Физиологиялық ерітіндімен шайғаннан кейін акридинді қызғылт сары 
бояуының судағы ерітіндісінің (1:10000 сұйылтымы) 1-2 тамшысын жағынды 
беткейіне енгізіп, бетін жапқыш шынымен жабады; 
4. Препаратты 10-20 минуттан соң люминесцентті микроскопиялайды. 
Флуорохромдау нәтижесінде жасуша ядросындағы ДНҚ мен вирустық 
ДНҚ жасыл түсті жарқыраған әртүрлі мөлшердегі түйіршіктер түрінде, ал 
жасушалық РНҚ мен вирустық РНҚ жасуша цитоплазмасында қызыл түсті 
түйіршіктер түрінде байқалады.
Жасушалық және вирустық нуклеин қышқылдарын бір-бірінен ажырату 
үшін дайын препараттарды ДНҚ-аза және РНҚ-аза ферменттерінің 0,5%-ды 
судағы ерітінділерімен 5-10 минут бойы немесе ультракүлгін сәулелермен 
(УК-сәуле) өңдеуге болады. Өңдеуден өткен жасушалық ДНҚ немесе РНҚ 
жарқырауын тоқтатса, ал вирустық ДНҚ немесе РНҚ болса 20-30 минут бойы 
жарқырауын жалғастырады.
Флуорохромдау әдісінің қарапайым болғанымен ауруларды қоздырушы 
вирустардың түрлерін анықтауға мүмкіндік бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет