14 тақырып. ИММУНДЫ ФЛУОРЕСЦЕНЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ
Сабақтың мақсаты: Иммунды флуоресценция реакциясының (ИФР)
мәнімен танысу. ИФР қойылым жолдарын меңгеру.
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: Флуоресценциялаушы қан
сарысуы. Зерттеуге алынған материалдар (вирус
жұқтырған жасуша
өсінділерінің суспензиясы). Петри шынылары. Майсыздандырылған зат
шынылары. Сүзгіш қағаздар. Люминесценттік микроскоп. Демонстрациялық
препараттар. Кестелер мен слайдтар.
Иммунды
флуоресценция
реакциясы
(ИФР)
зерттеуге
алынған
материалдағы (жағындылардағы, ұлпа кесінділеріндегі)
вирус текті
антигендерді флуорохроммен (флуоресцеин-изотиоцианит) таңбаланған телімді
антиденелердің көмегімен анықтауға негізделген. Флуорохроммен таңбаланған
телімді антиденелер мен антигендер байланысқа түскен жағдайда
люминесценттік микроскоппен байқалатын жарқырауық кешендер түзіледі.
Бұл әдістің негізгі компоненті ретінде флюрохроммен таңбаланған
(конъюгацияланған)
белсенділігі жоғары, вирусқа қарсы гипериммунды қан
сарысулары қолданылады. Мұндай антиденелер конъюгаттар деп аталады.
Флуоресценция – бұл энергияны сіңіру кезінде қысқа мерзімді
жарқыраудан тұратын және ол аяқталғаннан
кейін бірден тоқтайтын
люминесценцияның бір түрі. Қарқынды флуоресценциялаушы қабілеті бар
заттар флуоресцентті белгі ретінде пайдаланылады және олар флюорохромдар
деп аталады.
Люминесцентті микроскопия жақсы желдетілетін,
қараңғы бөлмеде,
люминесцентті (флуоресцентті) микроскоп көмегімен жүргізеді (31-сурет).
Мұндай құрылғыда спектрдің көк-күлгін бөлігін қоздыруға арналған жарық
сүзгілері, оптиканы қызып кетуден қорғауға және блоктауға арналған сүзгілер,
қоздырылған
жарықты
кесуге
және
люминесценция (флуоресценция) жарығын
өткізуге арналған сүзгілер қолданылады.
Люминесцентті
микроскопиялау
жұмыстарында
флуоресценцияланбайтын
иммерсия-лық
майлар
немесе
оның
алмастырғыштары пайдаланылады.
Вирусология
тәжірибесінде
люминесцентті
микроскопияны
флуорохромдау
әдісінде
және
ИФР
қолданады.
Флуорохромдау
деп флуорохромды
препаратқа
енгізгеннен
кейін
люминесцентті
микроскопия
жүргізуді
айтады.
Бұл
жұмыстарда
флуорохромдардың акридин тобы (акридинді қызғылт сары, акридинді сары
және т.б.) мен тиозил тобы (примулин, флуоресцин изотиоционат – ФИТЦ,
Достарыңызбен бөлісу: