Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет118/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   146
вирус

Гемолиттік жүйені дайындау. Жұмысқа қажетті титрдегі гемолизинді тең 
көлемде 2%-ды қой эритроцитімен араластырады. Гемолиттік жүйені қолданар 
алдында, эритроциттердің сенсибилизациялануы үшін, +37ºС температураға 
реттелген термостатта 30 минут бойы ұстайды.
2%-ды қой эритроцитін дайындау үшін 2 мл шайылған қой 
эритроциттерінің тұнбасына 98 мл физиологиялық ерітіндіні қосады.
Комплементті гемолиттік жүйеде титрлеу жұмыстарын негізгі зерттеуді 
бастар алдында жүргізеді (12-кестедегі схема бойынша). Комплементтің титрі 
болып, эритроциттерді толық гемолизге ұшыра алатын ең аз мөлшері саналады. 
Аусыл вирусының типтерін анықтауда қолданылатын комплементтің титрі 
2,5%-дан төмен болмауы қажет. КБР негізгі зерттеуге комплементті, жұмыс 
титрінен, 1% артығымен алады. Мысалы, гемолиттік жүйедегі комплементтің 
титрі 2% болса, негізгі зерттеуге 3%, яғни жұмыс дозасын дайындау үшін 3 мл 


нативті комплементке 97 мл физиологиялық ерітінді қосады.
12-кесте. Комплементті титрлеу схемасы 
Компоненттер 
Комплементтің құрамы, % 
0,5 
1,0 
1,5 
2,0 
2,5 
3,0 
3,5 
4,0 
4,5 
1:20 сұйылтымындағы 
комплемент, мл 
0,05 0,1 0,15 0,2 0,25 0,3 0,35 0,4 0,45 
Физиологиялық ерітінді, мл 
0,45 0,4 0,35 0,3 0,25 0,2 0,15 0,1 0,05 
Гемолиттік жүйе 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
Физиологиялық ерітінді 
(антиген мен қан сарысуы 
орнына), мл 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
1,0 
Су моншасында ұстау (+37-38ºС, 15 минут) 
Титрлеу нәтижесін анықтау 
++
++ 
++
+ - 
++ 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
- - 
Комплементтің сұйылтымын дайындауды, оның белсенділігі мен жұмыс 
дозасын анықтауды мұқият қадағалау керек. Комплементтің жұмыс дозасы 
дұрыс таңдалған жағдайда реакция дұрыс жүргізіледі және нақты нәтижелер 
алынады. Комплементтің артық болуы телімді антигендер мен антиденелерді 
анықтау нәтижелері дұрыс болмайды, ал комплементтің аз болуы гемолиздің 
тежелуіне әкеліп соқтырады. 
Қан сарысуы. Ауру қоздырғыштарының типтерін анықтау үшін 
биофабрикадан шығарылған телімді қан сарысулары қорабында көрсетілген 
жұмыс титрінен екі еселенген мөлшерде алынады. Егер, қорапта көрсетілген 
титр 1:40 болса, жұмыс титрі 1:20 алынады. 
Антигендер. Биофабрикадан шығарылған ауру қоздырғыштарының телімді 
антигендері де екі еселенген сұйылтымда қолданылады. Антиген қорабында 
көрсетілген сұйылтым 1:6 болса, қолданылатын сұйылтым 1:3 құрайды.
Зерттеуге алынған антиген ретінде жануарлардан алынған патологиялық 
материалдары (ауруға шалдыққан малдардан алынған үлгілер, биосынама 
қойылған зертханалық тышқандар мен қояндардың ұшалары), құрамында 
вирусы бар өсінді сұйықтығы. Комплементті байланыстыру реакциясында 
зерттеуге алынған антигенді бүтіндей (33% суспензия) және 1:2, 1:4, 1:8 
сұйылтымдарда тексереді. 
Құрамында вирусы бар өсінді сұйықтықтарынан антигендерді алу үшін, 
оларды 2-3 сағат бойы –20ºС температурада қатырып, еріткеннен кейін 
сұйықтықты 15 минут бойы 3000 айн/мин центрифугамен тұндырады. Тұнба 
сұйықтығын +58ºС-де белсенділігін жойған соң қайта тұндырып, оны КБР-да 
антиген ретінде қолданады.
Негізгі зерттеуді жүргізу. Вирустардың типін анықтау үшін негізгі 
зерттеумен қатар, бақылау – барлық телімді антигендер мен қан сарысулары 
қойылады.
Реакцияны қою үшін компоненттер келесі кезекпен құйылады: 1) жұмыс 
титріндегі барлық телімді қан сарысуларының әр қайсысы бір қатарға (тігінен) 


0,2 мл мөлшерінде; 2) жұмыс титріндегі антигендер бірінші қатардағы 
түтікшелерге (көлденеңінен) 0,2 мл мөлшерінде, әр антиген бір қатарға; 3) 
зерттеуге алынған антиген 0,2 мл мөлшерінде, әр сұйылтымға бір қатар 
түтікшеден (көлденеңінен); 4) физиологиялық ерітінді соңғы қатардағы 
түтікшелерге, антигеннің орнына, көлденеңінен (қан сарысуының бақылау) 
және қан сарысуының орнына, тігінен (антигендердің бақылауы) 0,2 мл 
мөлшерде; 5) жұмыс сұйылтымындағы комплементті 0,2 мл-ден барлық 
түтікшелерге. Түтікшелерді ақырын шайқап, +37-38ºС температураға реттелген 
су моншасында 20 минут ұстайды; 6) барлық шыны түтікшелерге 0,4 мл-ден 
гемолиттік жүйені қосып, шайқағаннан кейін қайта су моншасына (+37-38°С) 
30 минутқа қояды. Реакцияны су моншасында тұрғаннан кейін 5-10 минуттан 
соң оқиды және соңғы нәтижені 10-12 сағаттан кейін анықтайды. Гемолиздің 
тежелу дәрежесін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды: ++++ - 100% 
гемолиздің тежелуі; +++ - 75% гемолиздің тежелуі; ++ - 50% гемолиздің 
тежелуі; + - 25% гемолиздің тежелуі; – - толық гемолизге ұшырауы.
Егер зерттеуге алынған антиген телімді антиденелерге тән болса – гемолиз 
тежеліп, реакция оң болады; ал антигенге телімді антиденелер болмаса – 
реакция теріс болып, толық гемолиз байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет