Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет121/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   146
вирус

ИФР қою әдістері. Люминесценттік микроскопия үшін зерттеуге алынған 
материалдардан (патологиялық материал немесе вирус жұқтырған жасуша 
өсінділерінің суспензиясы) жағындыны зат шынысының бетіне 1,25 мм, ал 
ұлпа кесіндісін 4-8 мм-ге дейінгі қалыңдықта дайындап, этанол (15 мин), 
метанол (5 мин), ацетон немесе диоксанмен (15-20 мин) 0-2°С температурада 
бекітеді. Бекітілген препаратты рН 7,2-7,4 болатын 0,01М фосфатты тұз 
ерітіндісімен шайып, ауада кептіреді.
ИФР тікелей қойылымы. Көпіршеге қойылған жағынды бетіне жұмыс 
сұйылтымындағы флуорохроммен таңбаланған телімді қан сарысуын 
қосқаннан кейін бетін жауып, бөлме температурасында немесе +37ºС реттелген 
термостатта 15-20 минут бойы ұстайды. Уақыт өткен соң, препаратты 5 рет 
физиологиялық ерітіндімен және дистилденген сумен шайып, ауада кептіріледі. 


Кептірілген препараттың бетіне фосфатты буфер ерітіндісі қосылған 
глицеринді тамызып, жапқыш шынымен жауып, иммерсионды майдың 
көмегімен люминесценттік микроскоппен қарайды. Реакция нәтижесі оң болған 
жағдайда жарқырауық денелер түрінде көрінеді (32-сурет). Жарқырап көрінген 
денелердің деңгейлеріне байланысты бір мен төрт крест бойынша белгіленеді. 
Бір крестте (+) күдікті нәтиже, екі (++) және одан жоғарыларында (+++, ++++) 
оң нәтиже, ал жарқырауық денелер байқалмағанда теріс нәтиже (–) деп 
есептеледі.
ИФР жанама қойылымы. Бұл реакцияның тікелей қойылымынан 
айырмашылығы, мұнда зат шынысының бетіне бекітілген антигеннің үстіне 
позитивті қан сарысуы (антигенді анықтауда) немесе зерттеуге алынған қан 
сарысуы (антиденелерді анықтауда) қосылады (33-сурет).
Шайылған препараттың бетіне жұмыс сұйылтымындағы флуорохроммен 
таңбаланған анти түрлі қан сарысуын құяды. Экспозиция және шаю тәртіптері, 
сонымен қатар нәтижелерін есептеу тәсілдері реакцияның тікелей 
қойылымындағыдай жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет