Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Жұқпалы ауруларды балаудың арнаулы әдістері



Pdf көрінісі
бет27/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   146
вирус

 
Жұқпалы ауруларды балаудың арнаулы әдістері. Індеттанулық, 
клиникалық және патологоанатомиялық әдістердің көмегімен кейбір жекелеген 
жұқпалы ауруларға ғана диагноз қою мүмкін.
Көбінде бұл зерттеулердің 
нәтижесінде белгілі бір ауруға күдіктенуге болады. Ал соңғы тұжырым тек қана 
арнаулы әдістердің көмегімен жасалынады. Бұл
арнаулы әдістер аурудың өзіне 
тән қоздырушысын немесе оған қарсы жануар денесіндегі өзгеше 
иммунологиялық құбылыстарды айқындауға негізделген. Мұндай арнаулы 
әдістерге микробиологиялық (бакгериологиялық, вирусологиялық), серологиялық 
және аллергиялық зерттеулер жатады. 
6.6.4.1.Бактериологиялық зерттеу. Бактериологиялық балау әдісі жұқпалы 
ауруларға шалдыққан жануардың денесінен ауру қоздырушы зардапты микробты 
табуға негізделген. Микробты табу "индикация" оның қай түрге жататындығын 
айкындау "идентификация" деп аталады. Бактериологиялық зерттеу үш
түрлі 
буыннан тұрады. Олар: микроскоппен көру яғни микроскопия (микроскоптау), 
бактерияны қоректік ортада өсіріп, өсін алу және лабораториялық жануарларға 
жұқтырып биосынама қою. 
Бактериологиялық зерттеу оң нәтиже берген жағдайда іс жүзінде 
тұжырымды диагноз қоюға болады. Тек кейбір шартты түрдегі зардапты 
микробтар (сальмонеллалар, пастереллалар, эшерихиялар) табылған кезде басқа 
балау әдістерінің көмегімен ауру немесе микроб алып жүру екенін ажыратуға 
тура келеді. Енді бір жағдайда табылған микробтың індеттік штамы немесе 
вакциналық штамм екенін айқындау қажет болады. Қазіргі замандағы әдістер бұл
қиындықтарды жеңуге толық мүмкіндік
береді. 
 
.Вирусологиялық зерттеу. Вирусологиялық әдістің бактериологиялық 
зерттеулерден біршама өзгешеліктері бар. Вирус жасуша ішінде тіршілік ететін 
болғандықтан, вирионды босатып алу үшін
ең әуелі патматериалды мұқият 
ұнтақтап, суспензия дайындайды. Вирусты бөліп алу үшін
суспензияны тауық 
эмбрионына немесе ұлпа өсініне енгізеді, болмаса лабораториялық немесе табиғи 
бейім жануарларға жұқтырады. Жұқтырудың нәтижесі оң болған жағдайда өсіп-
өнген вирусты айқындау үшін әртүрлі серологиялық реакциялар пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет