АУЕСКИ АУРУЫ (Моrbus Аujtеszку, болезнь Ауески) – жіті өтетін, өкпе қабынған,
орталық жүйке жүйесі зақымданған, шоішқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі
қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж. сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер
ғалымы А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жылдардан бастап
көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылығына тигізер
зияны айтарлықтай. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-90 %-ке дейін қырылады. Ересек
шошқалар төзімді, ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де, әдетте өліп қалады. Ауырып
жазылған шошқаның өсуі баяулап, асыл тұқымды жануарлар құнын жояды. Карантин мен басқа
да шаралар шаруашылыққа зор зиян келтіреді.
Қоздырушысы – Suid (аlрһа) һеrpesvirus 1 – құрамында ДНҚ бар герпес вирустар
тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус. Жетілген вириондары 180-
190 нм, липопротеидті қабығы бар. Барлық ауылшаруашылық малдары, терісі бағалы аңдар,
жабайы жануарлар мен кемірушілер үшін зардапты. Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал,
сондықтан оны балау үшін биосынамаға пайдаланады. Табиғатта уыттылығы әр түрлі
штаммдары кездескенімен бұл вирус антигендік қасиеті жағынан біркелкі.
Төзімділігі жағынан оншама ерекшелігі байқалмайды, 50-60° С кезінде 30-45 минутта,
тура түскен күн сәулесінен 6 сағатта, шашыранды күн сәулесінен 12-48 сағатта, ультракүлгін
сәуледен 1 минутта зарарсызданады. Жемшөп пен көңде, топырақта және басқа заттарда қыста
21-60 күн, көктемде 35 күн, жазда 20 күнге дейін сақталады. Шіріген өлекседе 10-28 күн, ал
кемірушілердің кепкен өлексесінде 8 ден 175 күнге дейін сақталады. Көңді биотермиялық
зарарсыздандырғанда 8-15 күн ішінде күшін жояды. Күйдіргіш натрийдің 3 % ыстық ертіңдісі,
1 % формальдегид, жаңадан сөңдірілген 20 % әк вирусты 5-20 мин ішінде өлтіреді, ал креолин
мен карбол қышқылының әсері төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |