кебір жерлерінде, мойнында, сирақтарында, кеудесінде, клокасының төңірегінде бозғылт түсті
дақтар пайда болады. Біраз уақытта шыққан шешектің беті сұрғылт, қызғылт қабықшықтанып
қатаяды да, бір бірімен қосылып сүйелге айналады. Құрғақ тобарсуы 2-3 аптаға созылады.
Ауырған тауықтар бір бірінің шешек шықан жерлерін шоқып, инфекцияның қауырт таралуына
әсер етеді.
Дифтериялық түрі кезінде ауыздың, танаудың, көз асты
шұңқырларының кілегейлі
қабықтарында шешек дақтары пайда болып, бір бірімен қосылады да, қабыршаққа айналады.
Бұл қабыршақтар көгершінде суланып тез сыдырылады. Көбінесе құрғап, жабысып қалады.
әсіресе тілдің астында және шеттерінде, мұртында, көмейде болады,
тіпті кеңірдекке дейін
жайылады. Көбінде көмекей зақымданып, құстың демі тарылып, мойынын созып, аузын ашып
дем алады. Жем жеуі қиндайды. Тұмсығынан сұрғылт қоймалжың сора ағып, тобарсып кеуіп,
танауы бітеліп қалады.
Дифтериялық зардап көбінесе көзде болады, құстың көзі қызарып, жас ағады, жарықтан
жасқанып, қарай алмайды. әдетте екі көз бірдей зақымданып, үкі бастанып тұрады. Дерт көздің
мүйізгек қабығы мен қарашықты да жайлайды.
Ауру көбінесе созылмалы өтеді. Шешек асқынбаса 5-6 аптада жазылады. Терідегі түрі
зілсіз өтеді. Кейде белгілері аса айқын байқалмауы да мүмкін.
Аурудан жазылған құс арып,
көбінесе соқыр болып қалады. Өлім көрсеткіші ересек тауықта 10-20 %, балапандарда 50-70 % -
ке дейін жетеді.
Түйеде (қозырушысы
– Camel orthopoxvirus) терісі мен кілегейлі қабықтары қолдырап,
бөріткен шығып, пустулалар пайда болады. Шешек кілегейлі қабықтарға шыққанда жануардың
аузы мен танауынан бастапқыда мөлдір, кейінен күңгірт сары сұйық ағады. Көздің қабықтары,
еріндері, танауы ісініп, кейде бұл процесс жағының асты мен мойынын да қамтиды. Кейбір
малдың көзінің қарашығы күңгірттеніп, уақытша соқыр болып қалады. Теріге түскен шешек
көбінесе ерінде, езуде, мұрын мен көздің айналасында, еркек түйенің ұмасында, ал
інгеннің
желінінде, күнтимесінде, шабы мен қолтығында, басқа да сондай тақыр жерлерінде байқалады.
Буаз інгендерде кейде шешекке тән белгілер болмай, денесінің ыстығы көтеріліп, іш тастайды
немесе ботасын мезгілінен бұрын шала туады. Туған ботаның терісі мен кілегейі қабықтарында
шешек болады. Ауырған түйенің, әсіресе ботаның іші өтеді. Ботаның екі көзі бірдей көрмей
қалуы мүмкін. Жалпы бота сезімтал келеді де, 3-7 күн ішінде өліп қалады. Ересек боталар
әдетте 40-45 күн ауырып барып, жазылып кетеді. Бұл кезде жануар тез жүдеп, әлсіреп, аяқтары
ісініп, орнынан әзер тұрады. Жазылған шешектің орнына дақ қалады, қабыршығы түскенде
орны ортайып тұрады. Шешек зілсіз өткенде түйе 20 шақты күнде жазылып кетеді.
Балау. Диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық зерттеулердің,
биосынаманың, шешек алғаш шыққан дерттенген немесе биосынама қойғанда вирусты енгізген
жерден алынған жағындыны микроскоппен қараудың нәтижиелері негізге алынады.
Зертханалық
зерттеуге ойылып, шеті жиектеніп, көмкерілген, дененің шешекке тән өзгеріске
ұшыраған жерлерінен алынады.
Шешек кәдімгідей түрде өткенде оны балау қиын емес. Ауырған малды мұқият
тексергенде шешектің әрбір сатысында тән көріністерді табуға болады. Жеке жануардың өзінде
шешек әр түрлі сатыда болуы мүмкін. Дененің бір тұсындағы өзгеріс розеола сатысында болса,
басқа жерінде папула кездеседі.
Зерттеуге материал алу үшін везикула немесе пустула шыққан жерді сипап немесе эфирге
малынған тампонмен сүртеді. Везикуланың ең түбіне өте жіңішке созылған Пастер түтігін
сұғып сұйықты сорып алады. Папулаларды скальпельмен қырып, қабыршақтарын пинцетпен
теріп алады. Алынған
материадан жағынды жасап, Морозов әдісімен бояп, микроскоппен
қарайды. Гистологиялық зерттеу жүргізеді, бейім жануарларға биосынама қойып немесе ұлпа
өсіндісінде вирусты бөліп алады.
Биосынама мен микроскопияның нәтижесі оң болса, ары қарай қосымша тексерудің
қажеті болмайды. Қосымша тексеру электрондық микроскопия,
иммунофлуоресценция және
диффузиялық преципитация әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі.
Ажыратып балау. Сиырда аусылдан, везикулалық стоматиттен, жемшөппен болатын
бөріткеннен ажырату керек.
Қойда жұғымтал эктимадан (қара сүйел), қышыма қотырдан, жұқпайтын экземадан
ажыратады.
Емі. Ауырған жануарларды тез арада құрғақ, жылы қоражайға оқшаулап, құнарлы, жеңіл
қорытылатын жемшөп береді. Суаратын суға иодты калий қосады. Қосалқы инфекциялардың
асқынбауы үшін антибиотиктермен химиотерапевтикалық дәрілер қолданады.
Ауруы тым
асқынып кеткен малды сояды.
Шешек шыққан сиырдың желінін құрғақ, таза ұстайды. Қабыршықтарын жібіту үшін
стрептоцид майы, синтомицин майы, мырыш майы, бор майы сияқты бейтарап жақпа майлар
қолданылады. Сүтін ақырын сауып алады. Ойылған жерлерін құрғатып, және антисептикалық
сұйықтармен (иод тұнбасы, буров сұйығы 3%) сүртеді. Кілегейлі қабықтарды антисептикалық
және бырыстыратын ерітінділерімен шаяды.
Басқа мал түліктерін де шешек шыққанда осы тақілеттес емдейді. Терідегі шешек шыққан
жерлеріне мырыш, бор, иодофорум жақпа майларын жағады.
Құстарда симптоматикалық ем шаралары қолданады. Рационға А витаминін, каротині бар
азықтар (сәбіз, балық, майы, шөп ұны) қосады.
Достарыңызбен бөлісу: